Морфология кафедрасы


Бас қаңқасының топографиясы



бет2/2
Дата27.10.2023
өлшемі2,26 Mb.
#188727
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Бас сүйек срп (копия) (3)
Ибрагимова Мерей 3003ом, Сая презентация днк мырыш рөлі, МВС. АНАТ, 119731 2, $ =G ›07 1 B , 184172, АЛИНА, klinich-prot2015-aip-smp-gs, Сфо 1-001 пбл Жансая Тулебай, Мәдениеттану- ГТХ1, Арс и Бурта бизнесмены, Дәріс 7 фармация ФГЗЭфирмайлары, Микро толқынды активтендіру жағдайында гуанинді дайындау, Компьютерлік желілер ж не а паратты ауіпсіздік п ні бойынша те, Бұлшық ет ұлпасы
Бас қаңқасының топографиясы

Бассүйегі артынан шүйденің сыртқы шодырынан, алдынан маңдай сүйегінің көз шараүсті жиегінен жүргізілетін шартты сызық арқылы күмбезінен, calvarіa,жәненегізінен,basіs,тұрады. Бассүйектің күмбезішеке сүйектерінен және маңдай, самай, шүйде сүйектерінің қабыршақтарынан түзіледі. Бассүйек күмбезінің сыртқы бетінде тәждік, сагитталды және лямдатәрізді жіктер анық байқалады. Ал ішкі бетінде жоғарғы сагитталды қойнау жүлгесі, артериялық іздер көрінеді.


Бассүйектің негізіекі жақтан қарастырылады: бассүйектің ішкі негізі және сыртқы негізі.
Бассүйектің ішкі негізі,basіs cranіі іnterna, үш шұңқырға бөлінеді, олардың алдыңғысы мен ортаңғысында үлкен ми, ал артқысында мишық және ми сабауы орналасады.
Алдыңғы бассүйек шұңқыры,fossa cranіі anterіor, маңдай сүйегінің көз шаралық бөлігі, тор сүйектің торлы табақшасы және сынатәрізді сүйектің кіші қанаттарынан түзіледі. Торлы табақша тесіктері арқылы мұрын қуысынан бассүйек ішіне иіс сезу жүйкелері енеді.
Ортаңғы бассүйек шұңқыры, fossa cranіі medіa,ортасында түрік ертоқымы орналасқан. Бүйір бөліктерін сына тәрізді сүйектің үлкен қанаттары, самай сүйектерінің қабыршақтары мен пирамидаларының алдыңғы беті түзеді. Ортаңғы шұңқыр көру өзегі және көздің жоғарғы саңылауы арқылы көз шарасымен, дөңгелек тесік арқылы және сопақ тесіктер арқылы қанат-таңдай шұңқырымен байланысады.
Көру өзегі арқылы бассүйек ішіне көру жүйкесі, көзшаралық артериялар мен веналар, ал көздің жоғарғы саңылауы арқылы көзқозғалтқыш, шығыр, әкетуші және көз жүйкелері өтеді. Түрік ер тоқымының үстінде ішкі секреция безі-гипофиз орналасады, ал бүйір жақтарынан ұйқы артериялары өтеді.
Артқы бассүйек шұңқыры, fossa cranіі posterіor,шүйде сүйегі, сынатәрізді сүйектің артқы бөлігі, самай сүйегінің тасты бөлігі мен шеке сүйегінің төменгі артқы бұрышы түзеді.
Көз шарасы, orbіta,көру мүшесі орналасатын, пішіні төрт жақты пирамидаға ұқсайтын ойыс. Көз шарасының төрт қабырғасы бар: медиалды, латералды, жоғарғы және төменгі.
Мұрын қуысы, cavіtas nasalіs ossea,алдынан алмұрт тәрізді тесікпен ашылады, артқы жағынан жұп-хоана тесіктері арқылы жұтқыншақ қуысымен байланысады. Мұрын қуысы сүйекті қалқасы арқылы симметриялы екі қуыстыққа бөлінеді.
Бассүйектің жастық ерекшелігі.Жаңа туылған нәрестенің бассүйегінде еңбектері болады. Еңбектер баланың туылу кезінде бас сүйектерінің едәуір ығысуына мүмкіндік береді. Еңбектердің келесі түрлерін ажыратамыз:
-алдыңғы еңбек, пішіні ромб тәрізді, маңдай және шеке сүйектерінің арасында орналасады, 2 жаста бітеді;
-артқы еңбек, үшбұрыш пішінді, шеке сүйектері мен шүйде сүйегінің арасында жатады, 2 айда бітеді;
-сына тәрізді еңбек, шеке, маңдай, самай және сына сүйектерінің қиылысатын жерінде орналасады, баланың 2-3 айлығында бітеді;
-емізік тәрізді еңбек, шеке, шүйде және самай сүйектерінің қиылысатын жерінде орналасқан. Жетіліп туылған балаларда бұл еңбек көбіне болмайды.
Жыныстық ерекшелігі. Еркектің бассүйегі әйелдікіне қарағанда үлкендеу. Әйел бассүйегінің сырты тегістеу, қас үсті доғалары нашар дамыған, маңдайы тіктеу, шекесі жайпақтау келеді. Алайда, кейде бассүйекте жыныстық белгілер нашар білінетіндіктен, оларға қарап нақты адамның жынысын айыру мүмкін емес.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. А.Рақышев «Адам анатомиясы», 199-209бет

  2. А.Б.Аубакиров «Адам анатомиясы», 122-135бет

  3. «Адам анатомия атласы»

  4. Қосымша әдебиеттер:

  5. М.Г. Привес, Н.К. Лысенко «Анатомия человека».

  6. Р.Д. Синельников «Атлас анатомии человека», том 1.

  7. https://kk.mgwiki.top/wiki/Head_and_neck_anatomy




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет