Мүсіндеудің мақсаты



бет9/42
Дата06.02.2022
өлшемі475 Kb.
#79205
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Байланысты:
Вариативтік компонент шебер қолдар

Көрнекілігі: Балықтардың суреттері, аквариум.
Қажет құралдар: тұзды қамыр, тақтайша, қылқалам сүлгі.
Сөздік жұмыс: алтын балық, балдыр, жүзу, аквариум, ұлу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап сергіту сәті, қортындылау.
Қостілділік компоненті: Балық – рыба.

Әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс - әрекеті



Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ш.ш:

Жұмбақ жасыру:


Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ
Жүріп кетсе соңында,
Қалып жатқан ізі жоқ. Бұл не?
- Балалар, дұрыс шештіңдер. Бүгінгі мүсіндеу ерекше болмақ. Өйткені біз жай балық емес, ертегідегі біздің тілегімізді орындай алатын балықты мүсіндейміз. Ол үшін біз балықтар туралы жан-жақты мәлімет алайық.
- Балықтың аттарын білесіңдер ме?
- Балықтар қайда тіршілік етеді?

Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі.


Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне біздер қандаймыз!
Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз!
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес!

Ол- балық.



Балықтар - негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі:
Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс, дем алады. Желбезек арқылы балықтарға суда араласқан оттегі түседі.

Іздену барлау

1.Балықтың денесін жасау үшін тұзды қамырды алақанға салып, айналдыра отырып домалақ пішінге келтіру.
2.Домалатылған пішінді екі алақанның арасына салып, жаншу арқылы жалпақтау.
3.Қанатын есу.
4.Құйрығын есу, жалпақтау арқылы жасайды
5.Заттарды бір-біріне біріктіру.(денесіне қанаттарын, құйрығын өз қалаулары бойынша әсемдеу.
Заттарды бір-біріне біріктіруде, саусақ ептілігімен пішінді бұзбай таза, ұқыпты орындауға қадағалау.)
Тосын сый:
6.Осы кезде өзен, су тасқыны естіледі. Су перісінің қызы кіреді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, мен су перісінің қызымын, суда ғана өмір сүремін. Мен сендердің балықты мүсіндеп жатқандарыңды көріп, еңбектеріңе риза болып, аквариум ала келдім, өйткені балық суда ғана тіршілік етеді.
Тәрбиеші: - Рақмет, сізге су перісі!
Біз жай балықты емес, тілегімізді орындайтын балықты мүсіндедік аквариумыңызға рақмет! Сергіту сәті:



Тұп-тұнық мөлдір суда
Балық жүзіп жүр екен
Біресе керіледі, біресе жиырылады
Біресе құмға тығылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет