Музыка негізінен әр биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға белгілі бір әсер беретін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі



бет1/15
Дата04.01.2022
өлшемі58,83 Kb.
#109568
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
000277b7-de2d8d9c
13 апта дефор, 13 апта дефор, 13 апта дефор, инф


КІРІСПЕ
Музыка – негізінен әр биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға белгілі бір әсер беретін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі. Онда дыбыстардың биіктік және ырғақтық-ритмдік қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыканың әдебиеттен, театрдан айырмашылығы сол, ол образдарды түгелдей дыбыстық үн құралдары арқылы суреттейді. Ол адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Музыка бүкіл адамзат тарихында қоғамдық - идеялық, мәдени - тәрбиелік және берік ұйымдастырушылық роль атқарады. Музыканың тарихи эволюциясы әлеуметтік дамудың жалпы заңына бағынады. Музыка алуан құбылыстарды суреттеп, олардың эмоциялық ауқымын аша отырып, қалың бұқараның рухани өмірін қалыптастыру құралы ретінде үлкен роль атқарады.

Қазақ халқының музыка аспаптары ғасырлар бойы келе жатқан мәдени мұра. Қазіргі кезде олардың 50-ден астам түрі белгілі. Әр аспаптың өзіне тән үні (әуенділігі мен саздылығы), орындаушылық дәстүрі бар. Көптеген музыка аспаптардың аттарын халқымыздың жыр-аңыздары мен дастандарынан, 15-19 ғасырдағы орыс және шетел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. Ертеде музыка аспаптарын жасауға ағаш, қамыс, қурай, малдың терісі мен сүйегі, мүйізі мен қылы қолданылған. Музыка аспаптарын ерте кезден халыққа хабар бергенде, жорыққа ұран салғанда, саятшылықта, сондай-ақ ән-күйлер орындағанда, бақсылар сарынында пайдаланып отырды. Музыка аспаптары ішекті (2 және 3 ішекті домбыралар, қобыз, жетіген, шертер), үрлемелі (саз, қос, қамыс және мүйіз сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың көптеген түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді. Музыка аспаптарының үнін жақсарту мақсатымен 1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Қарағанды обл., 1957 ж. Алматы консерваториясының жанында шеберханалар ашылды. Халық аспаптар оркестрінде домбыра мен қобыздың жаңартылған үлгілерін пайдаланған А.Қ.Жұбанов болды. Музыка аспаптарын жасаушы шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, И.Э.Романенко, О.Бейсенбаев, А.Аухадиев аспаптардың оркестрге арналған үлгілерін жасады. Музыка аспаптарының көптеген көне түрлері Москва, Ленинград, Алматы, Семей т.б. қалалардың музейлерінде сақтаулы.

XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

Бұл жобада домбыра мен гитара аспаптарының шығу тегіне тоқтала келе, оны сақтау, қорғау, дамыту,қолдану, салыстыру және өзге ұлт өкілдеріне насихаттау туралы ой қозғалады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет