Музыка негізінен әр биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға белгілі бір әсер беретін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі



бет5/15
Дата04.01.2022
өлшемі58,83 Kb.
#109568
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
000277b7-de2d8d9c
13 апта дефор, 13 апта дефор, 13 апта дефор, инф
«Гитара» сөзі қайдан шықты? «Гитара» сөзі санскрит тілінің екі сөзінен құралған: «сангита» - «музыка» деген мағынаны береді; ал ежелгі парсы тілінің «тар» сөзі – «ішек» деген мағынаны білдіреді. Басқа да мәліметтерге сүйенсек, «гитара» «төрт ішекті» деген мағынаны білдіретін санскриттік «кутур» деген сөзден де шыққан екен.
Орта ғасырда гитара аспабы әсіресе Испанияда танымал болды. Латын гитарасы деген атпен алғаш рет бұл елге аспап Римнен жеткен еді. Ал мавритандық гитара деген атпен араб басқыншылары арқылы да таралды.

Испанияға кең таралған бұл аспапты жергілікті халық 5 ішекті қылып дүниеге әкелді. Осындай гитаралар испандық гитара деген атқа ие болды. XVIII ғасырда испан гитараларына тағы да бір ішек қосылып, алты ішекті шертпелі аспап болып шыға келді. Қаншама ғасырды артқа тастап бұл аспап келе-келе біздің де қолымызға жетті. Гитара - кең таралған 6 не 7 ішекті музыкалық аспап. Ішектері металл немесе нейлоннан жасалады. Жеке орындауда, әнді сүйемелдеуде және басқа аспаптармен бірге ансамбльдерде де қолданылады. Испанияда ІI ғ-дан бастап белгілі. 17 - 18 ғ-ларда Америка мен Еуропа елдеріне кең тарады. 19 ғ-да Ресейде 7 ішекті Гитараға сұраныс артты. Гитараның укулеле (шағын ғавай Гитарасы), цис-тра (алмұрт пішіндес португал Гитарасы), ағылшындық Гитара тәрізді түрлері кездеседі. Қазіргі музыкада (джаз бен эстрадада) электрогитаралар қолданылады. Қазақ композиторларыҚ.Есенов, Е.Белғозиев, әншілер И.Өнербаев, Г.Ақүрпекова, т.б. гитараның сүйемелдеуімен көптеген муз. шығармалар, әндер орындап жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет