Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы


Сұлулық (эстетика) сезімдері



бет69/95
Дата06.02.2022
өлшемі1,55 Mb.
#26530
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   95
Сұлулық (эстетика) сезімдері
Жаратылыстың һәм скусствоның (өнердің – Ұ.Ә.) сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдырлаған су, былдырлаған бұлақ, шетсіз-түпсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқындаған дала, бұлтпен бал алысқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерке сұлу ай, жұлдыөды түн, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері, яки искусствоның тылсымдай жанды билеп алып кететін ән, күй, сыйқырлы сөз, сұлу картина сықылды әсерді адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқындарын туғызады. Ал енді, музыка, ән, поэзия сықылды тон искусствосы есту сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті.
... Қазақ! Жұртқа күлкі болмайын десең, бұл мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты сүйсе, оған ауру үйір болмайды. ...
Қайрат (ерік)
Қайрат ұғымы. Біз ақыл көріністері арқылы сыртқы заттар туралы, яғни олардығ өзі, ісі һәм күші туралы білім аламыз. Ішкі сезімдер арқылы жанымызда түрлі күйдің болғанын білеміз һәм ол күйді жағымды нежағымсыз деп бағалаймыз. Ал енді, жанымызда тағы бір күш, тағы бір көрініс бар. Жан бір нәрсені істеуге, болдыруға ұмьылады, яки істемеске, болдырмасқа ұмтылады. Және бұл ұмтылу соқыр ұмтылу емес, аңды (саналы – Ұ.Ә.) ұмтылу.
Ал енді, адамның қайрат қатыспай, еріксіз істейтін істері де болады. Мысалы:
1) импульс ісі,
2) рефлекс ісі,
3) соқыр сезім (инстикт) ісі.
Қайрат түрлері. Қайрат төмендегі түрлерге, дұрысырақ айтқанда, басқыштарға бөлінеді: тартылу, ұмтылу, һәм тілеу.
Қайраттың керектігі. Қайрат адам өмірінде аса қымбат орын алады. Адамның дене һәм жан ісін тізгендеп, белгілі жолға салып өркендететін сол қайрат.
Шынында, қайрат жұмсалмай адам абайлы бола алмайды. Қайраттың ішкі сезімдерге де әсері мол. Қайнап келіп қалған ашуды біз сол қайраттың қаруымен басамыз ғой ...

Кітапты араб жазуынан көшіріп баспаға дайындаған,


түсініктемесі мен соңғы сөзін жазған Ұлықман Әбілдаұлы


Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)
files -> I теоретические основы логопедии
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент
files -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   95




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет