Н. Алдабергенов атындағы орта мектеп Ерлік сағаты Тәрбие сағаты 2022-2023 оқу жылы Ерлік сағаты



бет2/3
Дата04.12.2022
өлшемі1,91 Mb.
#161133
1   2   3
Байланысты:
тәрбие сағаты Ерлік сағаты

1 Оқушы: Бауыржан Момышұлы. (24 желтоқсан 1910 – 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Батыс майданындағы 16 армияның 316 атқыштар полкінің және батальон командирі. 
2 Оқушы Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 
3.Оқушы: Бауыржан 7 жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады.
4. Оқушы : Туған ауылына оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылы, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады. 1941 жылы ІІ-ші дүниежүзілік соғыс басталысымен Бауыржан даңқты генерал – майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды, батальон, полк командирі қызметтерін атқарды.
5 оқушы.Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен ерекше көзге түседі. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волокаламское шоссе» повесін жазды. Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмысымен айналысады.
6.оқушы Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады. Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ бері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет