Н. Алдабергенов атындағы орта мектеп Ерлік сағаты Тәрбие сағаты 2022-2023 оқу жылы Ерлік сағаты


Жүргізуші: Келесі кезекте назарларыңызға Бауыржан Момышұлының өз дауысымен жазылып сақталынған видеоны ұсынамыз



бет3/3
Дата04.12.2022
өлшемі1,91 Mb.
#161133
1   2   3
Байланысты:
тәрбие сағаты Ерлік сағаты

Жүргізуші: Келесі кезекте назарларыңызға Бауыржан Момышұлының өз дауысымен жазылып сақталынған видеоны ұсынамыз.
/Видеоны тамашалау, талқылау/
Жүргізуші: Оқушылардың батыр атамызға арналған өлең жолдарын тыңдайық
1оқушы
Жырламай тұра аламын қалай мұны,
Жеріме жолатпаған мұң қайғыны.
Қаһарман, жазушы, ақын, дана азамат,
Бауыржан Момышұлы ел айбыны.

2 оқушы Ұрпақтардың тірегісің қашаннан,
Өнегеңнен өркен жайды жас арман
Жүректерге шуақ нұрын шашатын
Ұлағатыңнан бала көңіл жасарған
3оқушы:
Бауыржан Момышұлы - қара басы,
Халқының болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлы – Қазақ деген
Ғаламат ұлы сөздің садағасы.
4-оқушы:
Халқындай ол да бағлан, ол да батыр,
Халқындай ол да кеніш, ол да нақыл.
Қайыспас қара емендей қайран ерді
Халқына теңеу мәні сонда жатыр
5-оқушы:
Сүңгіген ақ боз мініп сезім отқа,
Сардардың жұта алмайды сөзін оқ та.
Қолпашты көтермейтін өмірінде,
Мақтауға болады енді өзі жоқта.
6 оқушы
Батыр ұл есімдері сақталады,
Жыр болып жүректерде жатталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
Ән. Батырлар жыры
Жургізуші;
Айқаста жаудың алқымын сыққан
Ақжолға қимай намысты елін
Төлеген, Мәншүк, Рақымжан шыққан
Қазақстан Республикам менің

Мұғалім:
Құрметті оқушылар бүгінгі сағатымызды батыр Бауыржан атмызға арнағанымыз бекер емес. Болашақта сіздер де осындай ержүрек, батыр, өз елінң қорғаны бола білетін азамат болады деген сенімдеміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндері амандықпен дидарласайық.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет