Начальник Э



бет10/14
Дата24.04.2023
өлшемі3,35 Mb.
#175218
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
LПеченьKZ
ГИД ПО 1 КУРСУ МЕДА 3.0, Презентация (8), doc, spravka o ne trud, аманат фарм, Презентация, Жорабек Ақниет, Клинический случай CРОП КАЗ 2022-23, коронавирус, Biostat stud ЖМ 2021-22 kz, 1-топ Адырбек Гүлзат, Серік Арайлым эс срсп фарма 3-023 ОМ (копия), Серик Арайлым бх срсп, Гормоны СРСП ТФП 2022-23
Этанол метаболизмі
Бауырда этиль спиртінің айналуын да цит Р450 ферменті («этанолдың микросомаллық тотығу жүйесі») катализдейді. Себебі, спирт және дәрілік заттар бір ғана ферменттік жүйенің субстраты, олардың ағзаға бірлескен әсері тіршілік үшін қауіпті болуы мүмкін. Осылай болғандықтан цит Р450 ферменті фармакология үшін ерекше маңызды болып табылады.

Сурет 19. Этанолдың тотығуына қатысатын ферменттер және олардың өнімдері. (1- алкогольдегидрогеназа, 2- МЭТЖ - Р450ІІЕ1, 3- каталаза).
Ағзаға түскен соң этанол диффузия жолымен жылдам сіңіріледі, қандағы максимальді концентрациясына 60-90 минутта жетеді. Сіңірілу жылдамдығы әртүрлі факторларға тәуелді. Мысалы, ашқарында, ішімдіктің жоғары температурасында (мысалы, горга), құрамында қанттың және көмірқышқылы газы болуында (шампан шарабы) этанолдың сіңірілуі стимулденеді. Толық тағамнан кейін қабылданған этанолдың сіңірілуі бәсеңдейді. Ағзада этанол жылдам таралады, басым түрде жалпы массаның 70% алатын мүшелер – бұлшықет пен миға түседі. Аз мөлшерде май мен сүйек ұлпаларына түседі.
Сыраның бір шишасында болатын этанолдың (16 г (%) этанол) жылдам және толық сіңірілген кезінде 70 кг салмақтағы адамның (этанол оның 49 кг ұлпасына (70 кг *0,7=49 кг) таралады) және оның қанындағы концентрациясы 16 г/ 49 кг = 0,33 промилл (7,2 мМ) болады. Этанолдың өлімдік концентрациясы жуық шамамен - 3,5 промилл (76 мМ).
Этанолдың метаболиттік биотрансформациясы өтетін негізгі орын - бауыр болып табылады. Бұл үдеріске асқазан эпителийі де қатысады. Алғашқыда алкогольдегидрогеназа арқылы дегидрленіп этанальге (ацетальдегид) айналады, сонан кейін альдегиддегидрогеназа арқылы ацетатқа (сірке қышқылы) айналады. Сірке қышқылы ары қарай ацетат-КоА-лигаза (тиокиназа) катализдеуімен, АТФ қатысында, ацетил-КоА-ға айналады. Аралық метаболизм үдерісі жақсы сәйкестікпен жүреді. Этанол метаболизмінде цитоплазмалық алкогольдегидрогеназа ферментімен бірге, шектеулі мөлшерде каталаза және микросомалық «индуцибельді» алкогольоксидаза да қатысады.
Ацетальдегидтің концентрациясының жоғарылауы альдегидоксидаза индукциясын дамытады: - бұл сірке қышқылы, сутек асқынтотығы және басқа да оттектің активті формалары түзілуіне және ары қарай липидтердің асқынтотығуына (ЛАТ) әкеледі. Ацетальдегиддегидрогеназа (кофермент НАД+ ) әсерінен түзілетін сірке қышқылы ацетилКоА-синтетаза ферменті катализдеуімен ацети-КоА түзілдіреді және ол ҮКҚЦ-да тотығып АТФ немесе май қышқылдарының синтезіне немесе кетондық денелердің синтезіне жұмсалуы мүмкін. Альдегиддегидрогеназаның әртүрлі изоформалары субстарттық әсерлесу ерекшелігі, спецификалылығы, активтілігі бойынша шоғырланған әртүрлі мүшелерде : - бүйрек, эпителий, асқазан мен ішектің шырышты қабығында.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет