Нағыз көп клеткалылар eumetazoa. СӘулелілер radiata, Қос қабаттылар diploblastica



бет3/11
Дата26.09.2023
өлшемі0,65 Mb.
#182567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
file-1533 9

Көбеюi мен дамуы. Гидралар жынысты және жыныссыз жолмен кобейедi. Жыныссыз көбеюi бүршiктену арқылы жүзеге асады. Денесiнiң бүршiктену белдеушесiнiң аймағында бiрнеше бүршiктер пайда болып (гидраның құрылысына ұқсас), кейiннен олар аналық особь денесiнен бөлiнiп, субстратқа бекініп, дербес тiршiлiк ете бастайды.
Күзге таман гидралар жынысты жолмен көбейедi. Ұрықтанған жұмыртқа қатты қабықпен қапталып, тыныштық күйде қыстап шығады да, көктемде ол бөлшектеніп, бластуладан кейін қос қабатты гаструла сатысында ересек түріне айналады.


Теңiз гидроидтi полиптер отряды - Leptolida.

Теңiз гидроидтi полиптердiң басым көпшiлiгi күрделi колониальді формалар,


тек ұрпақ алмасуы - метагенез жолымен дамиды. Даму барысында гидроидтi полип және гидроидтi медуза қалыптасып, олар үнемi бiр-бiрiне алмасып тұрады.
Гидроидтi полип бұтақ тәрiздi колония құрайды, себебi жыныссыз көбею нәтижесiнде пайда болған бүршiктер аналық денеден бөлiнбей-ақ өз кезегiнде жаңа бүршiктердi бере бастайды.
Колониядағы әрбiр бүршiктi - гидрант деп атайды (19-cурет). Гидранттың құрылысы гидра құрылысына ұқсас: денесi эктодерма және энтодерма қабатынан құралған, ауыз тесiгiнiң аймағында көптеген қармалауыштары болады, тек гастраль қуысы барлық дене бойынша созылып ортақ гастральды қуысымен жалғасады. Осы себептен, егер бiр гидрант қорегiн ұстап қорытса, қорытылған ас бүкiл колонияға нәр бередi.
Колонияның эктодермальді жабынды эпителий клеткалары ерекше - тека деп аталатын органикалық жұқа қабықты бөлiп, колонияның сыртқы жабындысына айналады да, оның тұрақтылығын қамтамасыз етедi.
Теңiз гидроидтi полиптердiң көбеюi. Медузаның құрылысы.
Теңiз гидроидты полиптер алғашқыда тек жыныссыз жолмен көбейедi.
Соның нәтижесiнде, жоғарыда көрсетiлгендей гидранттар қалыптасады. Сонымен қатар белгiлi бiр кезеңде колонияда бүршiктену арқылы ерекше (гидранттарға ұқсас емес) өскiншелер пайда болады да, олар созылып түрi өзгерген полип-бластостильге айналады. Оның төңiрегiн қоршап тұрған теканы - гонотека деп, ал осындай құрылымды особьты гонангий деп атайды (19-сурет).

Бластостиль бүршiктену арқылы жынысты особьтарға–медузаларға бастама бередi, олар бiрте-бiрте жас медузаларға айналып, кейiн бластостильден бөлiнiп гонангийдiң iшiнен суға жүзiп шығады.


Медуза - гидроидты полиптiң ұрпағы болғандықтан оны гидромедуза деп атайды. Денесi көлденеңiнен 2-3 мм шамасындай, қол шатыр немесе қоңырау пiшiндес. Сыртқы төбешiк бөлiгiн -эксумбрелла, iшкi ойығын - субумбрелла деп атайды.


19-сурет. Гидроид Obelia. Колонияның бiр бұтақшасы (үлкейтiлген): 1-гидранттың жазылып тұрған күйi, 2-жиырылған гидрант, 3-тека, 4-бүршiк, 5-гонотека, 6-гидротека, 7-медузалы бластостиль.


Шатырдың жиегiнде қармалауыштары және сақиналы бұлшықеттi жұқа жарғақ орналасқан - ол желкен, шатырдың жиегiн жиырып, гидромедузаның жүзуі не көмектеседi. Гидроидтi медузалар сцифозоа (Scyphozoa) класына жататын медузалардан осы белгiсiмен (желкенiмен) ерекшеленедi.


Гидромедузалар суда жай қалқып, шарықтап немесе өзiнше белсендi қозғалады. Шатыр жиырылғанда, ойық жағындағы су қатты қысыммен атқылап шығып, денесiнiң алға қарай қозғалуына күштi дүмпiл бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет