Нағыз көп клеткалылар eumetazoa. СӘулелілер radiata, Қос қабаттылар diploblastica


Стауромедузалар отряды - Stauromedusae



бет8/11
Дата26.09.2023
өлшемі0,65 Mb.
#182567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
file-1533 9

Стауромедузалар отряды - Stauromedusae.

Тiркелмелi тiршiлiк ететiн медузалар. Ұрпақ алмасу жолы болмайды. Планула личинкасы бiрден медузаға айналады. Бұларға 30-дай түрi жатады. Негiзгi туысы: Lucernaria және Haliclystus.




Кубомедузалар отряды - Cubomedusae,

Жылы теңiздердiң таяз жерлерiнде тiршiлiк ететiн медузалар. Австралия, Океания, Индонезия теңiз жағалауларында Chiropsalmus туысының өкілдерi кең тараған. Олардың атқыш клеткаларының күйдiргiш күшi барынша дамыған, улы сұйықтығы адамға да күштi әсер етедi.




Короната отряды - Coronata.

Теңiздiң терең қабаттарында мекендейтiн медузалар. Шатыры сақина тәрiздi белдеуленiп, орталық дискi және шеткi тәжге - "коронаға" бөлiнедi.


Негiзгi туыстары: Atolla және Poriphylla.


Семаостома отряды - Semaeоstomeae.

Әлемдiк мұхиттың суларында кең тараған медузалар. Дене шатыршасы жалпайған, диск немесе табақша тәрiздi.


Негiзгi өкiлдерi: Aurelia aurita, Солтүстiк теңiздерде кездесетiн - Cyanea capillata. Pelagia туысы өкiлдерiнiң қараңғыда жарық шығаратын қабiлетi дамыған.


Тамырауыздылар отряды - Rhizostomida.

Тропиктiк теңiздерде кең тараған iрi медузалар. Қармалауыштары жойылған, қорек заттарын қалақша өскiндiлерi арқылы ұстап алады. Rhizostoma pulmo Азов пен Қара теңiзiнде жиi кездеседi (21,I-сурет). Жапония мен Қытай елдерiнде бұл медузалардың "хрустальді етi" тұздалған түрiнде тамаққа қолданылады.


Сцифомедузалардың денесi жұмсақ болғандықтан жер қазбаларында сақталмаған. Дегенмен олардың таңбалары Юра дәуiрiндегi Золенгофен сланецтерiнен табылған.


МАРЖАН ПОЛИПТЕР КЛАСЫ - ANTHOZOA.

Маржан полиптер iшекқуыстылар типiнiң ең үлкен класы, бұлардың 6000 - дай түрi бар. Тек теңiздерде жеке және колония түрiнде, бекiнiп тiршiлiк


ететiн жануарлар.
Құрылысы мен физиологиясы. Жалпы құрылысы бойынша маржан полиптер гидроидтi политерге ұқсас, бiрақ олардың елеулi және күрделi өзгерiстерi байқалады: жiңiшке базальді мембрананың орнына қалың қабатты мезоглея; эпителиальді ет клеткаларының орнына ұзына бойы және көлденеңiнен сақина налы бұлшықет клеткалары дамыған. Нерв жүйесi күрделiленiп - ауызы және табанша нерв сақинасын түзейдi. Жыныс клеткалары энтодермадан құралған.
Жеке особьтарының денесi цилиндр тәрiздi, жалпақ табанымен субстратқа бекiнiп тұрады. Денесiнiң жоғарғы бөлiгiнде, ауыз тесiгiнiң төңiрегiнде, сәулелi симметриялық ретте қармалауыштары орналасқан. Олардың саны алтау - алты сәулелiлер (Hexacorallia) класс тармағының өкiлдерiнде немесе сегiз - сегiз сәулелiлерде (Octocorallia).
Сопақша келген ауыз тесiгi эктодермальді жұтқыншаққа жалғасады.
Жұтқыншақ бiр бағытта қабысып, қуыстың бiр жақ немесе екi жақ шетiнде сифоноглифа деп аталатын сай (борозда) өтедi.
Сифоноглифаны құрайтын клеткаларының ұзын кiрпiкшелерi болады, солардың көмегiмен су және қорек заттар гастраль қуысына өтедi де, ал қайтадан су және қорытылмаған зат кiрпiкшелердiң керi қарай қозғалуымен жұтқыншақ бойынан сыртқа шығарылады.
Жұтқыншақ гастраль қуысымен жалғасқан. Гастраль қуысы энтодерма клеткаларымен астарланып, арнайы септа деп аталатын перделерi арқылы камераларға бөлiнедi.
Септалар - гастраль қуысының қатпарлары, дене қабырғасынан дамып, энтодерма клеткаларымен астарланған. Олардың әрқайсысында бойлай орналасқан жуандау бұлшық еттi бiлеуi (валик) болады.
Денесiнiң жоғарғы бөлiгiнде септалар жұтқыншаққа және дене қабырғасына ұштасады да, қалған жағы гастраль қуысында бос салбырап тұрады. Олардың бос шеттерi жуандап, без клеткаларынан құралған, мезентериальді жiпшелерге айналады. Солардың көмегiмен гастраль қуысына түскен ас қорытылады.
Септаларының, камераларының, қармалауыштарының саны бiр-бiрiне сәйкес келедi. Осыған байланысты маржан полиптер класы екi класс тармағына бөлiнедi: сегiз сәулелiлер- Octocorallia және алты сәулелiлер - Hexacorallia.
Сегiз сәулелiлерде (Octocorallia) септалары 8 болып дамиды да гастраль қуысын 8 камераға бөлiп тұрады, қармалауыштары да осыған сәйкес 8 болып келедi.
Алты сәулелiлердiң (Hexacorallia) септаларының, камераларының және қармалауыштарының саны әрқашанда алтыға еселенiп келедi, кем дегенде 12 болады.
Дамуының ең алғашқы кезеңiнде бiрiншi кезектегi алты жұп септалар қалыптасады да, олар гастраль қуысын 12 камераға бөлiп тұрады. Әрбiр жұп септаның арасындағы камераларды iшкi камера деп атайды, ал әртүрлi жұп септалар дың арасындағы орналасқан камераларды - аралық деп атайды. Осылардың iшiнен басқа да жұп аралық септалар дамиды (23-сурет).
Сөйтiп, септалардың және камералардың дамуына байланысты, гастраль қуысы кеңейiп оның ас қорыту жұмысы және қорытылған асты сiңiру қабiлеттiлiгi артады. Маржан полиптерi планктонды организмдермен қоректенедi, ал iрi түрлерi - жыртқыштар, олар шаянтәрiздiлердi, моллюскаларды т.б. өзiнiң қармалауыштарымен ұстап алып, атқыш жiпшелерiмен жансыздандырып, ауыз тесiгiне апарады да, жұтқыншағымен жұтып алады. Ас қорыту процесi клетка iшiлiк және қуыс iшiлiк бойынша жүредi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет