Намаз үйренейік шымкент-2015



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата09.03.2023
өлшемі358,65 Kb.
#171626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
«Намаз үйренейік» К.К

НАМАЗ УАҚЫТТАРЫ:
Әрбір намаз өз уақытында парыз.
1) Бамдат
, таң намазының уақыты – таң рай бергеннен
күн шыққанға дейін.


11
2) Бесін 
намазының уақыты – күн ауғаннан бастап,
асыр намазының уақытына дейін.
3) Асыр
намазының уақыты – бесін намазының уақыты
біткеннен, күн батқанға дейінгі уақыт.
4) Ақшам 
намазының уақыты – күн батқаннан қызыл
шапақ біткенге дейін.
5) Құптан
намазының уақыты – күннің ақтығы бітіп,
қараңғылық түскеннен бастап, таң атқанға дейінгі
уақыт. Құптан намазының соңында үш ракатты Үтір
намазы бар, оның уақыты дәл Құптан намазының
уақытында келеді.
МӘКРУҺ УАҚЫТТАРЫ:
Ешбір намаз оқылмайтын уақыттың өзі үшке бөлінеді:
1) Күн енді шығып келе жатқан уақыты.
2) Күннің дәл тас төбеде тұруы. Яғни, тал түсте,
мұның уақыты бесін уақыты кіргенше.
3) Күн батып бара жатқан уақыт.
БЕС УАҚЫТ НАМАЗДЫҢ РАКАТТАРЫ:
1) Таң намазы:
2-ракат сүннет, 2-ракат парыз.
2) Бесін намазы:
4-ракат сүннет, 4-ракат парыз, 2-ракат
сүннет.
3) Асыр намазы:
4-ракат парыз.
4) Ақшам намазы:
3-ракат парыз, 2-ракат сүннет.
5) Құптан намазы:
4-ракат парыз, 2-ракат сүннет,
3-ракат үтір намазы.
Жұма намазы:
Бұл намаз мешітте, жұма күні Бесін
намазының уақытында оқылады. 4-ракат сүннет, 2-ракат парыз,
4-ракат сүннет.
АЗАН ШАҚЫРУ
Бес уақыт намаздың алдында және жұма намазының
уақыты келгенде азан айтылады. Азан шақыру сүннет амал.
Азан шақырылғанын естіген адам жұмысын тоқтатып, сөз
сөйлемей, азанның сөздерін ішінен қайталап отыруы керек.


12
Ал, Иқаматты парыз намазды оқудың сәл алдында тез-
тез айтылады. Азан – намаз уақытын ескертіп, халықты намаз
оқуға шақыру деген мағынаны білдіреді (Әйелдер үшін азан
шақыру мен Иқамат сүннет емес). Азаншы азан шақырғанда,
оның сөздерін іштей қайталап тұру керек. Тек қана «


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет