«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы Мақсаты: Тәрбиешілердің көңіл- күйін көтеру, ынтымақсатстық қалыптастыру. Шарты



Дата07.02.2022
өлшемі31,59 Kb.
#95734
Байланысты:
Құнды қасиеттерді жинау


«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы


Мақсаты: Тәрбиешілердің көңіл- күйін көтеру, ынтымақсатстық қалыптастыру.


Шарты: Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі, сіз ... адамның қасиетіне байланысты сөздерді айтады»
«Сенімділік» үйі
Мақсаты: Өз- өздеріне деген сегімділік қасиетін қалыптастыру. Жағымсыз қасиеттерден арылуға көмек көрсету. Жағымды көңіл- күй сыйлау.


Шарты: Үй ішіне алдағы семинардан күтетін жақсылықтарды, мұржаның төбесінен қорқыныш пен сенімсіздікті ұшырып жіберу.
«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыздар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
«Кім екенін тап» ойыны
Мақсаты:
Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады.Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған бетерді жетекші жинап, араластырады да,арасынан біреуін алып дауыстап оқиды .Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек
Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап,тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін білуге үйретеді


«Жүрекшемен жаттығу»
Мақсаты: Педагогтар арасында жағымды қарым-қатынас орнату. Көңіл-күйлерін көтеру



«Кел, танысайық» ойыны.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір - бірінің қолын қысады.
Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір - бірінің арқаларын сипайды.
Жүргізушілер сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен амандасады.

«Кішкентай ергежейлі» ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға кішкентай мейірімді ергежейлінің рөлін ойнауды ұсынады. Жүргізуші қол соққанда, қатысушылар қолдарының шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдыға қарай созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен айтады.
Егер жүргізуші қолын ақырын соқса, «У» дыбысын ақырын айтады. Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап қана қалжыңдаймыз.

«Кенгуру» ойыны.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып тұрады, екіншісі – оған арқасымен тұрады, сосын отырып тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті осы тұрғыда, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу. (Қатысушылар рөлдерімен алмасады, сосын жұптарымен алмасады).

«Кеме» ойыны.
Қатысушылар екі қатарға бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бұл өзен жағалаулары. Қатарлардың ара қашықтығы қолдары бір - бірлеріне тимеуі керек. Өзенге кеме көзін жауып жүзіп келеді. Оның қозғалысы ақырын немесе жылдам болуы мүмкін. Жағалаулар қолдарымен кеменің қозғалысына ақырын көмектесуіне болады. Кеме жолды өзі таңдайды; айналуына, бұрылуына, оралуына болады. Соңында кез келген жағалаудың шетіне тұруы қажет. Осы кезде басқа кеме жолға шығады.

«Алақанға жан бітір» ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.

«Құпия дос» ойыны.
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет