Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: жауапкершілік, қамқорлық Сабақ мақсаты



бет4/4
Дата19.02.2017
өлшемі1,32 Mb.
#10685
түріСабақ
1   2   3   4

Өткізген : педагог-психолог

Ыбрай Алтын Серікбайқызы


2012-2013 о.ж

Тақырыбы: Үлкенге- құрмет, кішіге- ізет

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық,қамқорлық , ізеттілік

Мұғалiмі: Мирманова Толғанай Серікқалиқызы

Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылы



Сабақтың мақсаты:

Үлкендерге сыйластық, құрмет көрсету үшін дұрыс әрекет жасауға баулу.



Міндеттері:

Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру.

Сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы , ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға , тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан- жағыңызға сәуле шашады.

Осы нұрды туықандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын», ... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын».

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы 9 сабақ. 35 бет М.Төренжановтың «Үш дос» әңгімесін оқып, талдау.

1. Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

2. Бір- бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек ?



3. Дәйексөз.

Өзгеге жасаған ізетің – өзіңе жасаған құрметің.

Халық даналығы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте сақтап қалу үшін үш рет қайталаймыз? Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз.



4. Әңгiмелеу.

Шалва Амонашивили «Күлкім менің, қайдасың» кітабынан үзінді.

Отбасы жағажайға демалысқа шықты. Балалар теңізге суға түсіп, құмға сурет салып ойнап отырады. Бір кезде алыста кішкентай кемпір көрінді. Оның ақ шаштары желбіреп, үстіндегі киімі лас еді . Өз -өзімен сөйлеп құмнан бір нәрселерді теріп сөмкесіне салып келе жатты. Ата- аналар балаларын қасына шақырып, кемпірден аулақ болуды тапсырды, кемпір отбасының қасынан өтіп бара жатып, жерден бір нәрсені алмақшы болып еңкейіп оларға қарап жымыйды. Бірақ ешкім оған жауап қатпады. Бірнеше аптадан өткен соң, олар бұл кішкене кемпірдің балалардың аяғына кірмесін және жарақаттанып қалмасын деген оймен, ол жерден әйнектер теріп жүргенін білді.

1.Балалардың ата- анасы неліктен үлкен кісіден аулақ болыңдар деді?

2.Кәрі әженің ниетін қалай түсіндіре аласыздар?

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп, аяқталмаған жағдаяттарды бере отырып, өз ойларымен толықтырып, әр топтан бір оқушыдан жауап алынады.



6. Топпен ән айту.

«Ізеттілік әліппесі»

Сөзін жазған: А.Асылбеков

Әнін жазған М.Әубәкіров

Атам менің әманда

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпей көлденең.

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп, қол берем.

Атам менің әманда

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары.

Артық айтып сөзімді

Желпінгенім жоқ әлі.



7. Үй тапсырмасы.

10 сабақ 38 беттегі Рахмет, ата әңгімесін оқып, талдау.Дәптердегі 9 сабақтағы тапсырма берілді



8.Соңғы тыныштық сәтi. Жай музыка қойылады. Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерін жүрегіңізге түйіп алаңыз.

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп Бітік ОЖББМ Мерзiм 23 11________ № 11 Тақырып: Ашу - дұшпан ,ақыл-дос

Құндылық: Тыныштық Қасиеттер: сабырлылық,ұстамдылық,төзімділік.

Мұғалiм: Мирманова Толғанай Класс 4 Оқушылар саны_12__


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін түсіндіре отырып, бұл қасиеттер адамның ішкі тыныштығын сезіне білуге ықпал ететінін түсіндіру.


Міндеттері: Оқушыларға «сабырлылық» пен «ұстамдылық» қасиеттерін ұғындыру.

Оқушылардың «ұстамдылық» пен «сабырлылық» қасиеттерін дамыту

Оқушыларды шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.




  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы 11 сабақ. 58 бет Ж.Дәуренбековтың «Сурет» әңгімесін оқып, талдау.


1. Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар ?

2. Азаматтың ашуының басылуына не себеп болы?

3. Мұғалім неліктен Азаматтың суретін мақтады?


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Ақыл – адам көрігі,

ақылдың сабыр серігі .

М.Әуезов

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар есте сақтап қалу үшін үш рет қайталаймыз? Дәптерлеріне дәйексөзді жазып аламыз.






  1. Әңгiмелеу.

Сабыр суы

аңыз әңгіме

Бір адамның басынан мынадай оқиға өтіпті.Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп, шағым айтады: маған әрдайым көршілерім тиіседі, біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес, көмек сұрап келіп отырмын.

-Не амал етсем екен?.

Ақсақал ойланып отырып, келген адамға бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді.

«Осы су саған көмектесуі тиіс, — дейді.

Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек». Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді.

«Сірә, бірдеңе қосып берген болсаңыз керек, Сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен деген көршілеріммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы «жырын» қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды» — деп, тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал күліп: «Айналайын, ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген, кәдімгі су. Оның саған көмегі — көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді-өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді-өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың» — дейді.





  1. Ақсақалға не үшін келді?

2. Ақсақал қандай ақыл-кеңес берді?

3. Ақсақал не үшін суды ұсынды?

4. Ақсақал неліктен суды бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек деп айтты?

5. Неліктен көршінің тыныштығы бұзылып, мазасыздана берді?

6. Сіздер үшін сабырлы адам кім?

7. Сабырлы адамды ең бақытты адам деп айтуға болады ма?

8. Сонда сабырсыз адам бақытсыз адам болғаны ма?






  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. (әуен жайлап қосылып тұрады)

Оқушыларды 4 топқа бөліп өлең құрастырылу беріледі

(үздік құрастырған топтың өлеңі сабақтың соңында айтылады)

«Көңілді күн»

1. Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол

................. ..........шыдамды бол

Сабырлы да ұстамды бола білу

....................................................

Қ-сы

...................................



Шыдамдымыз, төзімдіміз

Жарасымды , тартымды, ұстамдымыз

..............................................






  1. Топпен ән айту.

«Біз үйде де, аулада сабырлымыз»

1. Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол

Қызбалыққа салынбай шыдамды бол

Сабырлы да, ұстамды бола білу

Сезіндірді жүрекке тыныштықты
Қ-сы

Біз үйде де,аула да сабырлымыз

Шыдамдымыз,төзімдіміз

Жарасымды, тартымды,ұстамдымыз

Ұстамдымыз әрқашан!






  1. Үй тапсырмасы.

12 сабақ 62 беттегі В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» әңгімесін оқып, талдау.

Дәптердегі 11 сабақтағы тапсырма берілді.






  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!






Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы

«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі

Сапарова Гаухардың 4 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінен

қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жақсылықтан жақсылыққа

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеті:

-жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

-имандылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.



Оқытудың нәтижелері:

  1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.

  2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді.

  3. Топпен пікірлесіп, тапсырмаларды орындайды.

  4. Өз ойын еркін жеткізе алады.

Сілтеме: Оқулық,өзін-өзі тану әдістемесі,слайд, постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар, тамшылар, жүрекшелер.

Қамтылған модульдер:

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), 2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ассоциация, мозайка құрастыру, мақал-мәтелдер), 3-модуль – бағалау,

4-модуль – АКТ пайдалану,7-модуль – көшбасшылық ( топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:


  1. Өткенді қайталау

  2. Интерактивті тақтамен жұмыс

  3. Топпен жұмыс

  4. Рефлексия

  5. Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. Ұйымдастыру

  2. Оқушының зейінін сабаққа аудару

  3. Топқа бөлу

  4. Тапсырма беру


Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне жақсы тілектер тілейді. Бәрі қосылып көңілді ән шырқайды. «Достық әні»

1-тапсырма. Модуль АКТ (топтық жұмыс)

Топқа бөлу

Музыка ақырын ойнап тұрады. Оқушылар көздерін жұмады.

-Балалар, бүгін біз таңданарлық сапарға шығамыз. Денелеріңді түзу ұстап, орындыққа ыңғайланып отырыңдар. Біз ертегілер еліне сендермен барамыз.Ол ел өте ерекше, себебі
ол елде жамандық деген мүлдем жоқ. Ол елде көп сиқыршылар тұрады. Ақырын көздеріңді ашыңдар.

-Балалар, сендер ертегі елінің сиқыршысымын деп сезіндіңдер ме?

-Сиқыршылар кеудесінде қандай сезім пайда болды?

–Мына әлем неліктен сиқырлы? (Бұл әлемде жамандық болмайды. Адамдар да, жануарлар да көңілді.)

-Бұл қандай ел деп ойлайсыңдар?

Жасыл, қызыл, сары стикерлер арқылы оқушыларды топқа бөлінеді.

3 топқа 3 сурет беріледі. Сурет бойынша жұмыс

2-тапсырма. Ассоциация (постерде қорғалады)

- Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай сезімдер, қасиеттер болу керек?




жақсылық

Адамдарға қуаныш сыйлайтын сендер сияқты мейірімді қайырымды сиқыршылар болған қандай керемет! Жақсы жандар адамдарға қажет, әлемге өте қажет, біз өмір сүретін ғаламшарға қажет.

3-тапсырма. Жаңа сабақтың мазмұнын ашу. Модуль. Диалогтық оқыту

Мәтінмен жұмыс.

Бұлақ сылдыры. М. Көккөзов.

Ойланайық, пікірлесейік. /топпен жұмыс/



«Қызылдар» тобы

1.Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?



«Сарылар» тобы

1.Сендер солай жасай алар ма едіңдер?



«Жасылдар» тобы

1.Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?



Дәйексөз.

« Ешқандай жақсылық зая кетпейді» дегенді қалай түсінесіңер?



4-тапсырма. Модуль СТО, әдісі: мозайка құрастыру

Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топқа /мозайка құрастыру/ қима қағаздарды құрастыру. Құрастырған қағаздағы тапсырманы орындау. Сюжетті суреттерге әңгіме құрастыру. Топтан бір оқушы қорғайды.



5-тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал-мәтелдерді оқыңдар.



«Адамгершілік» тобы

1.Жақсы -...,

Әлемге бірдей.

«Мейірімділік» тобы

2. Жақсыкелдідегенше,

... келдідесейші.

... нышанын

Алыпкелдідесейші.

«Қайырымдылық» тобы

3. ... үлгісі

Жаныптұрған ... .

... – ортақ, ... – ортақ, ... – ортақ.



Керекті сөздер: жақсылардың, күн, ай, шамдай, жақсы, жарық, ай мен күндей, жақсылықтың.
Жаңа ақпарат. Суреттер көрсету

Жақсылық жасау-әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек, ақ ниет, нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды. Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды игілікке жеткізеді.



Тапсырма/Оқушыларға тамшылар үлестіріледі./

Өздерің жасаған жақсылықтарың туралы тамшы қиындысына жазып, тақтаға іліңдер.

-Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни , әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Рефлексия (смайликтер арқылы)

Мадақтау

Жүректен жүрекке. Ортада қобдиша тұр. Онда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түсті жүрекше ұнайды, соны алайық. Шеңберге шақырамын.

Қызыл-адамгершілік, сары-адалдық, қызғылт-мейірімділік, көгілдір- сүйіспеншілік, жасыл-әдептілік, көк-ізеттілік, ақ- қайырымдылық. Осы қасиеттер бойымызда дари берсін.

 

Сабақтың тақырыбы: Ұқыпты бала- әдепті бала.

Сабақтың мақсаты: балалардың әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

-Білімділік: Ұқыптылық, жинақылық, әдептіліққе туралы түсінік беру.

-Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептіліқ тәрбиелеу.

-Дамытушылық: Сыпайлық қарым- қатынастратын дамыту.

Сабақтың көрнекілегі: Оқылық, дәптер, сабақтың дәйексөзі жазылған плакат.

Сабақтың типы: Білім, іскерлі, дағдыны дамыту сабағы.

Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі.

Сабақтың жоспары:І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу;

- Қызығушылықты.

ІІ. Негізгі бөлім:

- Әңгімелесу;

- Жағдаяттар кезінде ойлану;

- Шығармашылық жұмыс;

- Мәтінмен жұмыс;

- Сергіту сәті;

- Шығармашылық жұмыс.

ІІІ. Қорытындылау:

- Есінде сақта;

- Рефлексия;

- Қорытындылау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезені:

- Сәлеметсіздерме, оқушылар! Бүгінгі сабақты мен жүргіземін.



Қызығушылықты ояту:

Бүгінгі сабағымызда «Ұқыпты бала- әдепті бала» тақырыбын жалғастрамыз. «Мен әдепті баламын, өйткені...» ойын жалғастырып, ұйқастырып өз ойларын білдіру аркылы алғашкы баладан басталып соңғы оқушыға дейін жалғасады.



Негізгі бөлім:

Әңгімелесу

Өткен сабақта жылы жүрек, жақсы тілектің адамы бақытты ететіні туралы айтқан болатынбыз. Бүгінгі сабақта ұқыптылық туралы әңгімелесеміз.



  • «Өзара сыйластық»дегенді қалай түсінесіздер?

(адамдар бірін бірі сыйлап, құрметтеу).

  • Әдептілік деген ұғымды қалай түсінесіндер?

(адам, бойындағы жақсы қасиет).

  • Сендер қандай жағдайда, кімдерге көмек көрсете аласындар? (ата-анамызға үлкен кісілерге, достармызға, жақындарымызға).

  • Адамның әдептілігін қалай білуге болады?(оның іс-әректетінен).

  • Қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай-ақ жасы кіші, сыйлы адамдармен «Сіз» деп сөйлесу игі әдетке айналған. Бұл сыпайлықты, адамға деген сыйластықты, құрметті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмас» деген халық мақалы бар. Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерін көрсете алмайды, оның адамдағы адамдармен бірге көрінісі.

Жағдаяттар кеінде ойлану:

І-жағдаят:

Ұланға әке-шешесі жұмысқа кетер кезінде:



  • Балам, біз жұмыстан келгенше сабағынды оқып болған соң, үйдің айналысын жинастыр, үйге су алып кел, -деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болған соң үйге онын достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды утбол ойнауға шақырды. Ұлан әке-шешісініңтапсырмасын орындарын немесе достарының көнілінен шығу керек екенінбілмей дал болды.

  • Ұланның орнында болсан не істер едің?

  • Ия, дұрыс айтасың, біз әрдайым үлкеннің айтқан тындап, оларды құрметтеуміз керек екен.

ІІ-жағдаят:

Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкенге келе жатыр еді, Ернар:



  • Гүлнар бізбен ойнасын шақырып жіберші, -деді. Жаңыл інісінің сөзіне ұялып, Ернарға әлде нені түсідіре бастады.

  • Жаңыл не туралы айтты деп ойлайсындар?

  • Ернардың орнында болсаң нем істер едің?

  • Иә, балалар, үлкен-кішіні сыйлау, үлкеннің ақылын тындау, сөзге тоқтау-инбаттылық, сыпайылықтың көрінісі.

Шығармашылық жұмыс:

  • Қәзір сендер «Ұқыпты болу үшін» не істеу керек? Деген сұрақ төңірегінде ойланып отырып, кеңестер мен қағидалар жазасыздар.

Мәтінмен жұмыс: Оқулықтан М. Гумеровтың «Дәме» әңгімесін оқу.

Мәтін бойынша сұрақ:



*Ал сендер қалай ойлайсындар? Мүмкін бе? Неліктен?

Сергіту сәті:

1,2 басымыз тік

3,4 қол созамыз

5- дегенді қолды сермеп

6- деп партаға отырамыз

Әдептілік сақтап ойлаймыз

Әдептілік сақтап өрлейміз

Шығармашылық Жұмыс:

Оқушылар 3 топқа бөлінеміз.

1- топ «Ұқыпты бала»

2- топ «Ұқыпсыз бала»

3-ші топ «Мен әдепті баламын» берілген тақырыптар бойынша тірек-сызба құрастыру.



Есіңе сақта:

  • Сыныптастарыңмен санас, оларды құрметте.

  • Басқалардың өзіңмен қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, өзіңді нақ солай ұста.

  • Сыпайы достык пейілмен сәлемдес.

  • Сыпайлық, әдептілік ережелерін сақта.

Рефлексия:

  • Ал балалар осы сабақтан не үйрендік?

  • Өздеріңе қандай ой түйдіндер ?

  • Кімнен үлгі алар едіндер?

Қорытындылау: Сонымен, әдептілік деген не? Қане, әдептілік сөзін топтасырайықшы:
Тәртіптілік Көмектесу
Сыйласу Ата-анаңды тыңдау


Әдептілік



Шыншыл болу Кешірім сұрау

Адамгершілік Өтірік айтпау

Лебяжі ауданы Мерғалым ауылы Б.Уахатов атындағы орта мектебі «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі:Исагалиева Айгуль Сабыржановна Сынып: 4


Тақырып:Табиғатқа қамқорлық 
Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: сүйіспеншілік , қамқорлық 
Сабақ мақсаты: 
Оқушыларды табиғатқа қамқорлық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру 
Міндеттері: 
1. Білімділік: Оқушыларға табиғатқа қамқорлықтың- 
қиянат жасамау екендігін ұғындыру. 
2. Дамытушылық:Оқушылардың бойында сүйіспеншілік, қамқорлық қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік:Оқушыларды айнала қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу. 
Ресурстар: 
(құралдар, мәлiметтер) 
Күнделік,дәптер, 
пенал, 
бейджик,қалам 
Сабақ барысы: 
1. Ұйымдастырукезеңi. 
Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу 
5 «Т» ұстанымын еске түсіру. 
1. Тәртіп  2. Талап  3. Тыныштық  4. Тазалық  5. Татулық 
Тыныштық сәтi: «Орманға ойша серуен» 
(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек). 
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). 
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 
2. Үй тапсырмасын тексеру: 
130-беттегі А. Мырзағұлованың «Табиғат-ана» мәтінін оқып келу. 
Мазмұны бойынша сұрақтар: 
1. Табиғат-ана ұлдарына неліктен сый жасағысы келді? 
2. Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер? 
3. Табиғат-ананың көріктеніп сұлулығының артуының сыры неде? 
4. Анасы ұлдарына қандай сый тартады деп ойлайсыңдар? 
5. Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасадың? 
3. Дәйексөз. 
«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ». 
Р.Сәтімбеков 
4. Қорытынды 
4. Әңгiмелеу. 
Үзілген гүл 
Кеңес Оразбекұлы 
Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін маңызы жөнінде әңгімелеген. 
Гүлмінез сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып, үй сыртындағы қыратқа шығып кетті. 
Біраздан кейін жүзі гүл-гүл жайнап, қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға отырғыза бастады. 
Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын бақша ішінде көрдіде, жанына келді. 
-Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді адырдан қазып алдым. Біздің Жамал апай айтты: «Табиғатты қорғау керек» деп... 
-Сен оларды қорғаудың орнына, өсіп тұрған жерінен үзіп әкелдің ғой. 
-Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпейқурап қалатыны содан... 
Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйге ауысып: 
-Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,- деді. –Табиғатта не нәрсенің болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шығар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді. 
Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашынан сипап: 
- Бұларды енді осы орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырыс. Жүр үйге, тамақ суып қалады, -деді. 
Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан ерді. Сөйтсе де оның санасында «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сауал жаңғырықтай қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді. 

Мәтін бойынша сұрақтар қою: 
1. Гүлмінез неліктен бәйшешекті үзіп әкеліп, үйінің маңына отырғызды? 
2. Гүлмінездің әрекетіне анасы қалай жауап берді? 
3. Гүлмінездің іс- әрекеті туралы не айтуға болады? 
4. Анасының «табиғаттың өз орны, заңдылығы бар»деген сөзін қалай түсіндіруге болады? Мысал келтіріңдер 
5. Гүлмінездің «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер? 

«Киіктер толғауы» мультфильмінен үзінді көрсету. 

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 
Оқушыларды 4 топқа бөлу (кездейсоқ бөлу,дөңгелекшелер арқылы шартын түсіндіру, уақытты жариялау.7 минут.) 
1-топ: «Жер»тобы-Жұмбақты шешу, сұраққа жауап. 
2-топ: «Су»тобы- Ребусты шешу. 
3-топ: «От»тобы- Аңыз- әнгімені сахналау. 
4-топ: «Ауа»тобы-Жақсы қасиеттер, пайдасын әңгімелеу. 
6. Топпен ән айту. 
Ертегілер әлемі 
АйгерімҚалаубаева 
Ғажайып түс көрдім, 
Таң ата мен бүгін, 
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, 
Нұрына шомылдым бүгін. 
Жұлдыз, айы көркем, 
Әдемі еді неткен, 
Құстары сөйлейді, 
Бұлттары тербейді, 
Мен оянып кеттім, әттең! 
Қ/сы: 
Ертегілер, ертегілер, 
Неге мені ертпедіңдер, 
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 
Ертегілер, ертегілер, 
Неге мені ертпедіңдер, 
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 

Гүл тердім бұлттардан, 
Әр гүлде бір арман, 
Таусылмайтын тәтті, 
Сыя келіп жатты 
Жан біткеннің бәрі маған. 


7. Үй тапсырмасы. 
1. Оқулықтың 133-бетіндегі Э.Шимнің «Көктем иісі» мәтінін оқып келу. 
2. «Табиғатты қорғайық!» тақырыбында жоба әзірлеу. 
8. Соңғы тыныштық сәтi. 
Каталог: uploads -> doc -> 10f7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10f7 -> Сабақтың міндеттері: Білімділік: Сурет бойынша сөйлем құрай білу. Мамандықтар туралы әңгімелей білу. Дамытушылық
10f7 -> Өз білімін жетілдіру. «Дәстүрлі емес сурет салу техникасы» тақырыбына перспективтік жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет