Құндылық: Сүйіспеншілік Сынып: 2 Мақсаты



Дата05.12.2022
өлшемі21,71 Kb.
#161217
Байланысты:
d0b6d0bed181d0bfd0b0d180d18b- d182
Тақырып 4, 9а әдебиет КТП Серикбол Айгерим, Презентация, Сроп 3апта, 2 дәріс ЭЭЖ каз, 1 зертханалық жұмыс Өтпелі процесстер

Мерзімі:
Тақырып: Текті білу тегін емес
Құндылық: Сүйіспеншілік
Сынып: 2
Мақсаты: «сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;
- ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
- ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат.

  3. Үй тапсырмаларын тексеру: «Отбасымыздың дәстүрлері»

тақырыбынафотоалбом құрастырып әңгімелеп беру. Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылардың шығармашылық тапсырмаларын тексеріп жасаған тапсырмаларына байланысты сұрақтар қою. Мысалы: Отбасында қанша адам барсыңдар? Сен отбасылық дәстүрлері дегенді қалай түсінесің?

  1. Дәйек сөз:Өзіңді танығың келсе тегіңді біл.

Бұл сөз қандай мағананы білдіреді?(балалардың жауабы тыңдалады)
Бұрынғылар жөн сұрасқанда «Ататегің кім?» – деп сұрайтыны

  1. Әңгімелеу(Текті білу тегін емес)оқулықтың 70 бетіндегі өленді оқып

беремін.



Бабамнан басталар,
«Өз жұртым»мыналар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мер Анам бар.

Әкемнің әкесі-


Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі-
Ақ шашты шешем бар.

Әкеге мен – бала,


Атаға - Немере.
Немере баласы -
Болады шөбере.

Шөбере баласы-


Шөпшек деп аталар.
Шөпшектің баласы-
Немене саналар.

Осы ұрпақ жалғасы


«Жеті ата» бола алар.




  • «Жеті ата»дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Жеті санына байланысты не білесіңдер?

  1. Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс

Ер азаматтың неше жұрты болады?(3- жұрты өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

  1. Тапсырма: 3- қатарда отырған оқушыларды

топтастырып отырғызып топпен жұмыс атқарамыз әр топқа жеке тапсырма беріледі.
І-топТапсырма төмендегідей: «Жеті атам» жеті аталарын атап талдап береді.

  1. Ата...

  2. Әке...

  3. Бала...

  4. Немере...

  5. Шөбере...

  6. Шөпшек....

  7. Немене....



Шешуі: атадан – әке, әкеден-бала, баладан –немере, немереден –шөбере, шөбереден –шөпшек, шөпшектен-немене.
ІІ топ: «Менің туыстарым» атты сөзжұмбақты шешу.

1) Әкеңнің шешесі...
2) Атаңа сен кім боласың...
3) Әкеңнің әкесі...
4) Сенен кейінгі туысың...
5) Сенен үлкен туысың...
6) Алтыншы ата...
7) Сені дүниеге әкелген жан...

Шешуі: әже, немере, ата, іні, аға, шөпшек, ана.
ІІІ топ:«Анамның туыстары маған кім» атты сөзжұмбақты шешу.

  1. Анаңның әкесі....

  2. Анаңның анасы....

  3. Анаңның ағас немесе інісі.....

  4. Анаңның әпкесі немесе сіңілісі.....

  5. Сен нағашыларыңа кімсің

Шешуі: Анаңның әкесі- нағашы атасы, Анаңның анасы- нағашы апамыз,
Анаңның ағас мен інісі- нағашы аға болады, Анаңның әпкесі мен сіңілісі-нағашы апайларғой маған, Мен сонда боламын оларға - жиені.
ІІ. Тапсырма:Ал енді балалар мақал – мәтел жарыссақ қайтеді.Кім көп мақал мәтел біледі(ата-ана туралы)

  1. Ақшаштыана:
    «Жастығым — балам» дейді.
    Ақылды бала:
    «Ай - күнім — анам» дейді.

  2. Анаалдында — құрмет,
    Атаалдында — қызмет.

  3. Атадан жақсы ұл туса,
    Елінің қамын жейді;
    Атадан жаман ұл туса,
    Елінің малын жейді.

  4. Бірлігі жоқ ел тозады,
    Бірлігі күшті ел озады.

  5. Бірлікболмай,
    Тірлікболмас.

  6. Ердің көркі елімен,
    Отан көркі жерімен.

Жарайсыңдар балалар! Өте жақсы сонымен бүгінгі сабағымызды аяқтайық топпен бәріміз ән айтамыз.

  1. Топпен ән айту «Жан әкем» әнін топпен орындау

  2. Үй тапсырмасы:75 бет «Обал деген не?» әңгімені оқу

  3. Соңғы тыныштық сәті.

Мұғалім: Оқушылар қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмай арқаларын тік ұстап терең демалады Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз: денеңізді босатыңыз. Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді жинақтап жүрегімізгі сақтайық. Енді көзімізді ашуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет