Негізгі оқу бағдарламасы dev 3421 – девиантология



бет3/7
Дата08.12.2023
өлшемі139 Kb.
#195477
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ОУПдевиантология каз.2013 (1)
251828.pptx, 149045, Избранные лекции по факультетской терапии, Избранные лекции по факультетской терапии 2, Ситуациялық есеп 2 тақырып, Филос 3, Экономика фармации авторы Шертаева К.Д., Утегенова Г.И. (1), Матем 5кл каз133, Философия Рк-1, Лекция муа алкалоид, 21.10.20 гр 204С ЗВ лек№10, № 11 Мавродиева, 3c62533d5948425cadb2b785526e7233, KIPQBIVMKPTG21122023123904
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Девиантология (әлеуметтік бақылау) және девиантты мінез-құлық әлеуметтануы.
Девиантологияның объектісі, пәні, мақсаты. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы функционалды – жеке әлеуметтік теория ретінде. Теоретикалық – әдіснамалық және эмперикалық деңгейдегі ауытқушылық мінез-құлықты зерттеу. Қазіргі қоғам дамуы кезеңіндегі девиантты мінез-құлық әлеуметтануының міндеттері. девиантты мінез-құлық әлеуметтануының түсініктеме құралы. «Девиантты мінез-құлық» категорияларының мазмұны. «Девиация» ұғымының арақатынасы. «әлеуметтік патология», «асоциалдық мінез-құлық», «әлеуметтік ұйымдастыру», «делинквентті іс-әрекет». Позитивті және негативті девиациялар мәселесі. Әлеуметтік ауытқушылықтарды зерттейтін аралас ғылымдар жүйесіндегі девиантологияның рөлі.
Девиантологиядағы эмпирикалық зерттеулердің әдістері.
Позитивизмнің философия және әлеуметтануға әсері (О. Конт, Г. Спенсер және т.б. еңбектері). Ч. Ломброзоның антропологиялық өлшемдері, А. Кетленің статистикалық талдаулары, Ф. Энгельстің әлеуметтік-экономикалық зерттеулері («Англиядағы жұмысшы табының жағдайы») және т.б. Девиантологияның объекті туралы ақпарат алудың негізгі жолдары. Девиантологиялық ақпараттарды алу үшін негізгі әдіс ретіндегі құжаттардың анализі. Девиантологиялық зерттеулерде анкета жүргізуді қолдану. Сауалнама. Эксперттермен сауалнама жүргізу. Радио, теледидар бағдарламаларының және бұқаралық ақпарат құралдарының контент анализі.
Девианттық іс-әрекетті биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық, мәдениеттанулық тұрғыдан түсіндіру.
«Туа біткен қылмыстық теориясы», «конституциялық алдын ала орналастыру теориясы», «эндокринді алдын ала орналастыру теориясы», «хромосомды алдын ала орналастыру теориясы», «девианттардың ақыл-ой кемістіктерінің концепциясы», девианттық іс-әрекеттің экономикалық түсіндірмесі және т.б.
Батыс және отандық әдебиеттердегі девианттық іс-әрекет теориялары
Девианттық іс-әрекеттерді зерттеудегі негізгі теория-әдіснамалық әдістер: әлеуметтік-құрылымдық бағыттар, мәдениеттанулық әдістер, тұлғалық модельдер. Маркстың әлеуметтік ауытқушылықтар теориясының негізгі ерекшеліктері. Э. Дюркгейм, адамгершілік нормалардың мазмұнына, негізгі қайнар көзі және даму бағытына әсер ететін факторлар туралы. Девианттық іс-әрекеттерді зерттеуге арналған мәдениеттанулық әдіс негізіндегі Р.Мертонның әлеуметтік-мәдени аномия теориясы және Т.Селлиннің мәдениеттегі қарама-қайшылықтар теориясы. Девианттық іс-әрекетті зерттеуге арналған тұлғалық әдіс. Ч.Ломброзоның антропологиялық моделі, әлеуметтік-психологиялық модель – Э.Сатерлендтің дифференциалды байланыс теориясы, мәдени модель - Э.Фроммның әлеуметтік мінез және адамзаттың құрылымсыздық теориясы. Девиантты іс-әрекет әлеуметтануының ТМД елдерінде дамуы. Ауытқушылық іс-әрекеттерін кеңес және кеңестен кейінгі әлеуметтік зерттеулерде әлеуметтік-құрылымдық әдістерді қолдану арқылы зерттеу. Қоғамдағы әлеуметтік ауытқушылықтарға және нормаларға деген отандық әлеуметтанушылар көзқарастарының мінездемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет