Несеп түзілуінің биохимиясы



бет2/5
Дата15.04.2024
өлшемі0,52 Mb.
#200825
1   2   3   4   5
Байланысты:
530515.pptx
Ашық сабақ бекіту КӨКӨНІС

Зәр түзудің 3 кезеңі бар:

  • Зәр түзудің 3 кезеңі бар:
  • 1.Ультрасүзілу.
  • Ультрасүзілу процестерінде бірінші ретті зәр түзіледі. Қан бүйрек каналшарынан шайылып арнайы сүзгіш 3 қабатты дәнекер ұлпалы капсуладан өтеді де Мальпиги шумағында сүзіле бастайды. Бірінші қабат қан капилярларының эндотелиі. Ол үлкен өлшемді саңылаулардан тұрады. Екінші қабат коллаген талшықтарынан тұратын базальдық мембрана. Оның саңылауларының диаметрі 4нм. Базальдық мембрана молекулалық массасы 30 кДа артық белоктарды өткізбейді. Үшінші қабат капсуланың эпителиалды жасушалары. Мембрана беткейі теріс зарядталған, сондықтан қан плазмасының теріс зарядталған альбуминдері, макромолекулалық белоктар, пішінді элементтерді бірінші реттік зәрге өткізбейді. Үшінші қабаттағы саңылаулар қүрылысы жағынан қүрделі және өте кіші болады, сондықтан үлкен белоктар олардан өте алмайды. Егер белоктың құрылысы, заряды өзгеретін болса, немесе аномальды белок болса, ол сүзгіш арқылы өтіп бірінші ретті зәрдің құрамына өтеді. Бұл қан плазмасын ақаулы белоктардан тазарту механизмдерінің бірі болып табылады. Ультрасүзілу АТФ энергиясын қажет етпейді. Бірінші ретті зәр ары қарай проксимальдық түтікшеде реабсорбцияға түседі.

Реабсорбция.

  • Реабсорбция — бұл заттың бүйрек түтікшесінен қанға қайта өтуі. Ультрасүзінді құрамындағы барлық белоктар реабсорбцияға түседі. Оның 85% -ы түтікшенің проксимальдық бөлігінде реабсорбцияланады. Мұнда судың 99%, ағзаға қажетті қоректік заттар (глюкоза, аминоқышқылдар), минералдық заттар және кейбір азоттық алмасудың өнімдері (мочевина) реабсорбцияланады.
  • Реабсорбцияның келесі екі механизмі белгілі: 1. қарапайым диффузия жолы арқылы (концентрация градиенті бойынша); 2. активті тасымалдану жолы арқылы — (концентрация градиентіне қарсы және АТФ энергиясын пайдалану арқылы жүретін процесс).
  • Натрий насосы болатын мембраналық фермент АТФ-азаның қатысуымен Na+ ионы реабсорбцияланады. Бұл АТФ-азаның екі байланыстырушы орталығы болады: Na+ және К+ иондарына арналған. Na+, К+ иондарымен байланысқаннан кейін АТФ-аза өзінің конформациясын өзгертеді де бүйрек түтікшелерінің жасушаларының мембранасы арқылы иондардың тасымалдануын жүргізеді. Ол үшін АТФ энергиясын пайдаланады. Көптеген заттар, мысалы, глюкоза, аминоқышқылдар комплекстегі Na+ иондарымен бірге реабсорбцияланады және бұл комплекстердің тасымалдануы да АТФ-аза қатысуымен өтеді. АТФ-аза қатысуымен Са2+ және Мg2+ иондары да реабсорбцияланады. Активті тасымалдану процессіне АТФ-азадан басқа арнайы тасымалдаушы белоктар -транслоказалар да қатысады. Тәулігіне: 179 л су,1 кг NаСІ, 340 г NaНСО3, 170 г глюкоза және т.б. заттар реабсорбцияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет