Нодар Саидам Жоспар: кіріспе


ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫ САЯСИ ИДЕЯЛЫҚ ТОПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МОДЕЛІ (жоба)



бет7/7
Дата11.01.2022
өлшемі6,95 Mb.
#129225
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
04.10.21 ұлттық тәрбие
инклюзивті білім беру презентация 1 практика, stud.kz 16194, stud.kz 16194

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫ САЯСИ ИДЕЯЛЫҚ ТОПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МОДЕЛІ (жоба)

  • Ұлттық идея өлшемдері
  • Өлшемге тиісілік бойынша қоғамдағы идея
  • Идеялардың қызметі
  • Інжу маржандарды іздеу, мұраларды түгендеу
  • жергілікті
  • “Туған Жер”
  • Ықпалдастыру
  • Бүгінгі саясатты келісімді жүргізу
  • “Астана” және “Туған Ел”
  • Біріктіру (топтастыру)
  • Болашақ бағдарын құрастыру
  • Жаһандық
  • “Мәңгілік Ел”
  • Қорғаныш тетігін ұйымдастыру

Ұлттық идея инфрақұрылымдары

  • Мемлекеттік тіл кешенді қатынас құралы;
  • Білім-тәрбие негіздері ұлттық рухты енгізу;
  • Спорт – салауатты әрі шыдамды ұрпақты әзірлеу.

ТҰЖЫРЫМ

  • Ұлттық идеяның құрамдас компоненттері Қазақстан Республикасының Конституциядағы принциптер айналасында белгіленіп, элементтері ретінде осы компоненттерден туындайтын түйінді бірлік, қоғамдық келісім, теңдік және әріптестік, толеранттылық, ортақ тарих, консенсус, тең мүмкіндік ұғымдарымен тығыз байланыстылығы түйінделді. Көрсетілген кілт сөздер тұтас Қазақстандық арман өзегін құрайды.
  • Мемлекет Басшысының «Болашақ бағдары – рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына қоғамды идеялық топтастырудағы кілт сөздерді анықтау мақсатында контент талдау жүргізілді. Нәтижесінде, рухани жаңғырудағы қоғамдық сананы ұлттық идеяның әлеуетін қолданудағы қажетті компоненті ретінде қарастырады. Өзекті идеяның ұлттық кейіпке енуі үшін алдымен қоғамдық сананың жаңғыруы процесінің айналымы керектігі негізделеді.
  • Бүгінгі рухани жаңғыру туралы іс-шаралар кешені болашақ ұрпақтың рухани жаңғыруының алғышарттары екендігі түйінделді. Жаңа ұрпақтың қалыптасуы шамамен 2025/2030 жылдарға сәйкес келеді.
  • Ұлттың рухани жаңғыру – ұлттық идеяның өзегі ретінде тұжырымдалды. Қуатты ұлт мемлекет тұрақтылығының негізі.

ҰСЫНЫМДАР

  • А) мемлекеттік қызметке алғаш келгендерді қайта даярлау және үш жылда бір рет тиісті біліктілік арттыруда елдің идеология және этносаясат саласындағы идеялық конструкциялау жұмыстарынан арнайы курстар ұйымдастыру (ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне). Нәтижесінде осы саладағы мамандар практикалық ғана емес теориялық, түпкі мәндегі мемлекеттік саясат басымдықтарын білу міндеті жүзеге асады. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік аппарат түбірін нығайтады.
  • Б) Жоғары білім беру ұйымдарындағы «Мәңгілік Ел» курстарын тарихшы мамандар емес идеология және ұлттық идея, саяси мәдениет жалпы салалық зерттеу жүргізген мамандар (саясаттанушы) ғана өткізуі және оқытуы керек (ҚР Білім және ғылым министрлігіне). Өз кезегінде бұл құзыреттілікті анықтап, сапалы білім мен білікті күшейтеді. Жастар санасын мемлекеттік рухта тәрбиелеуде де оң өзгерістер күтуге болады.
  • С) ҚР идеялық және идеологиялық бағытындағы патриоттық жұмыстарды сапалы өткізу мен ұйымдастыру аясында облыстар мен жергілікті әкімдіктерге басшылыққа алуына ыңғайлы көмекші құрал ретінде әдістемелік құрал жасау (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық келісім институты). Нәтижесінде сандық жұмыстар сапаға бағытталады. Өйткені, облыс және жергілікті деңгейде кәсіптік техникалық білім деңгейіндегі қызметшілердің бар екендігі (оқытылатын пәндер тізбегінде саясаттану, әлеуметтану, т.б. жоқ) және жоғары оқу орындарын сырттай оқыған мамандардың білік, дағдысын қалыптастыруда қиындықтарды жеңеді.
  • Д) Қоғамдағы бірегейлік бастауы мемлекеттік тілден басталады. Сондықтанда осы бағытта темір жол, әуе көлігі және жол қозғалысы ұйымдарындағы іс-қағаз айналымы мемлекеттік тілге практикалық көшіру қажет (үлгі құжаттары орыс тілінде, мысалы, пойыз кешіккені үшін шығынды өтеу үшін жазылатын өтініш үлгісі т.б.) және жергілікті жерлерде орнатылатын мерекелік жарнамалардағы жазуларды латын қарпімен жазу. (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп). Нәтижесінде, тілдік міндеттеу немесе мәжбүрлеу шегі жойылады, екіншіден, латын қарпіне бұқара санасы қалыптаса бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет