Новокубанка орта мектебінде 2016-2017 оқу жылында өткізілген Мұқағали Мақатаевқа арналған



бет2/8
Дата09.04.2022
өлшемі27,42 Kb.
#138595
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Практика 1-2, 1лекция
2-жүргізуші:
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев: 
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын
Халқымның өз айтқанын қайталадым. 
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді. 
Ән: «Ана сен бақыттысың»
Орындайтын: Жалын Ақмарал

1-жүргізуші: 
Көрер едің 
Шаламын ба, отпын ба 
Білер едің, 
Ақынмын ба, жоқпын ба?
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда
Көктенетін Махамбетте жоқ мұнда 
2-жүргізуші: 
Сырым да осы, 
Жырым да осы, 
Алдыңда. 
Байқашы бір, 
Бықсыдым ба, жандым ба? 
Махаңдар жоқ, 
Махаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда , - деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет