Новокубанка орта мектебінде 2016-2017 оқу жылында өткізілген Мұқағали Мақатаевқа арналған



бет8/8
Дата09.04.2022
өлшемі27,42 Kb.
#138595
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Практика 1-2, 1лекция
10-оқушы: Ғашықпын! / Нұрасыл
«Махаббат диалогы» / Ақсұңқар мен Нұрасыл
1-жүргізуші: 
«Құлақтан кіріп бойды алар, 
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең, менше сүй» деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Бақыт деген»
Орындайтын: Құмырзақ Ақбота
11-оқушы: Жазылар естеліктер мен туралы / Бақдаулет


1-жүгізуші: Иә, ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Ендеше кезекті солаға берейік
12-оқушы: /Мерей
13-оқушы: /Лаззат
14-оқушы: /Арай
15-оқушы: /Шүлен
16-оқушы:/ Айсұлу

17-оқушы/Айдос «Ақынға арнау»
18-оқушы/Ақмейір «Ақынға»
2-жүргізуші:
Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаштар сырға таққанда.
Бозарып атқан ақ таңда,
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғасың,- деп толғанады ақын. Ендеше кезекті әнге берейік.
Ән: «Мен деп ойла»
Оындайтын: Бейсесова Назира
1-жүргізуші: 
Көп адам дүниеге бой алдырған 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. 
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған
2-жүргізуші: Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.
Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы. Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізі. /оқушылар әріптер алып шығады/
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге:
Рахмет!.

1-жүргізуші:

Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма?


2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!
2-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!
1-жүргізуші: Осымен, ақиық ақын Мұқағалиға арналған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.
2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет