Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет31/56
Дата22.05.2018
өлшемі6,79 Mb.
#40605
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56

Ақын өлімі туралы аңыз


( поэмадан үзінді) http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=4601&Itemid=23

...Ұмтылды жау ондап, жүздеп,

Тойтарам деп ердің сағын;

Тұтқын етіп аламыз деп,

Айқара ашып оқ кұшағын.

- Ала алмайсың! - деді ұлан

-Алмай қойман! - деді жауы.

Қысты келіп жан-жағынан

Темір торлы жау құрсауы.

Жеті қабат жер өзегін

Жарып шыққан отты селдей

Бет қаратпай, өртеп лебі,

Оқ орағын орай сермей;

Соғып жерге жау жүрегін,

Төңкерілтіп төңірегін, -

Бұрсанды кеп батыр ұлан,

Автоматтан түтетіп оқ,

Жау тобына лақтырылған

Жер мен көктің кәріндей боп.

Қанжарына қарақшының

Қарсы тосып өз кеудесін,

Қорғады жер батыр ұлын,

Жаралы ана жиып есін.

-Алмай қойман! - деді дұшпан,

-Ала алмайсың! - деді ер ұлан.

Қайсарлыкпен шыққан даңқы

Келе жатты ауыр танкі.

«О, қүдірет! Құнсыз темір

Кеше ғана жатқан шаңда,

Біткендей-ақ бойына өмір,

Зірк-зірк етіп қан майданда,

Көрдіңдер ме, енді мынау:

Сайысады адаммен бұл.

О, зымиян, сүрқия жау!

Қайран өмір, қайран ақыл!» -

Лақтырылған бір шумақ от

Жіберді өртеп жау танкісін.

Ол темірден алды тартып,

Адамзаттың өнер-күшін.

Ыза боп жау жіберді өрт,

Кідірді ер, оқ таусылып.

Автоматы ең соңғы рет

Алды демін, тынды сұлық...

«Алтын туын бостандықтың

Бір килодай қорғасынға

Күліп тұрып сатқан сұмға

Мен бе екем болар тұтқын?!» -

Серпіп ойын, сілкіп бойын,

Тұрды атып, қарады өртке.

Қалды қатып, салып зейін

Таңғажайып бір суретке:

Қызыл, жасыл киінген өрт

Көрінді оған боп қызойнақ.

Толқып торғын, жайнап букет,

Тым сиқырлы билеп, ойнап.

Айтып жұмбақ өлеңдерін,

Аңыз болып бір сұлу жар,

Желпіп жалын желектерін,

Келе жатты От сұлулар

Ашып отқа омырауын,

Естісін деп қырсық жауым,

Айтты ол шырқап өрт ішінде

Сүйгені әні «Қарғамауын»

Қайсар батыр от киінген

Күш-қайратын тіске жиып,

Жаңағы ақшыл ер жүзінен

Жалын тілі тұрды сүйіп.

Шұғыла шалған кешкі бұлттай

Толқын шаштаы оттар ойнап,

Өрт топанын кешіп Нухтай,

Жалғыз өзі тұрды бойлап.

Тұрды ұқсап, тұрды кейде,

От ұстаған  Прометейге.

Алыстағы нажағайдың

Қара түнгі қанатындай,

Жарқ-жұрқ етті жүзінде айбын,

Атылғандай ішінде жай.

Жан күнінің нұр шапағы -

Күлкі ойнады келбетінде.

Сәл шытынап ай қабағы,

Ең соңғы рет келді тілге:

- Жау жанында сен сүйкімді,

Кел бері, өлім, күйіңді шерт!

Менің адал жүрегімді.

Жел, туған елге алып жет!


Мұзафар Әлімбаев




 Жан сырымды көрінгенге шертем бе


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=2889&Itemid=23

Жан сырымды көрінгенге шертем бе,

Көзім салман серісымақ сетеңге.

Осыншама өрттен қалған Еменмін

 

Түбірінен қайта қаулап өртеңде.



Кіл тәттіден тұрса егер сыбағам,

Мен тағдырдан ұзақ ғұмыр сұраман.

Кіл ащыдан тұрса егер сыбағам,

Жылдарымды қиқымдардан құраман.

Сыбағама қарық қылған өлкемде,

Тірлік - теңіз,

Жел толтырып желкенге,

Тартып келем, тағдырымнан тайынбай,

Тартып келем талайлырақ Ертеңге.

Үлесіме қарық қылған өлкемде

Үмітіме жарық құйған Ертеңге

Апармасам Алтын айшық, әз өрнек,

Менің мынау тіршілігім көркем бе?!

Өкпелеме


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=2881&Itemid=23

Түссіз ғой деп түсіне

тыжырынба ардақтым!

...Боз шенелдің ішінде


 Жүрегі бар солдаттың.

"Өңсіз ғой" деп,

түсіне

өкпелеме, ақылдым!



Бөз көйлектің ішінде

Жүрегі бар батырдың.

Бор жаққандай шашына

өкпелеме, ақылдым

Табары бар асылдан

Жұбан Молдағалиев


 

Менің құрбыларым


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6708&Itemid=23

Менің құрбым—елулер- елу бестер,

Қаруластар, қандастар, шерулестер,

Тұрса таудай тапжылмас табандылар!

Шепке шапса, шорт сынбай шегінбестер!

Әлі он сегіз - жиырмада қалғандары:

Құрбан болды күресте, қорғады арын.

Жатыр енді құшақтап жер-ананы,

Биіктетіп томпешік, қорғандарды.

Жоқ, қайтқан жоқ олар тек мола болып.

Алаңдарда тұр мәрмәр, қола болып.

Ерліктердің ізінде елдер өсті.

Орынына еңбектің қала қонып.

Менің құрбым-даңқымен дабыстылар,

Мұрат-мақсат, міндетпен табысты олар.

Еркектері-әйелдей ұяттылар,

Әйелдері-еркектей намыстылар.

Менің құрбым-ұрпақ қой ел жыр етер,

Шаттығы да, мұңы да елжіретер.

Еркектері-әйелдері тағаттылар.

Әйелдері-еркектей ержүректер.

Олар жүрді жыртық та, аш қарын да.

Қанат қақты арманның асқарына.

Жүздерінде-аяз бен аптан тоты,

Жер-дүниенің күмісі-шаштарында.

Ардақтыны білмейді зал да бұдан,

Естілмейді өлгенде зар да бұдан.

Қартайдық деп қатардан шықпайды да,

Жығылмаса жорықтар зардабынан.

Тарсылдатса көшені ағаш аяқ,

Қажетсіз-ақ қайрылу оғаш аяп.

Тайып кетсе, жымиып түрегелер,

Қабақ шытса, шытады оңашарақ.

Бұлар кімнен міндетін шала атқарды?

Лаулап, әттең, сиреді, саранталды.

Қанды-ау талай ерге гүл, ерте жетім,

Рюмкада ішілмей шарап қалды...

Менің құрбым, о жастар, ата-анамыз.

(Болып қалдық уже де, аталы біз).

Менің құрбым, қариялар, ұл-қыздарын,

Азаттықтай ардагер атағы аңыз.

Бөркіңді алып, ей, балам басынды,

Олар темір тәртіп пен иба сүйді.

Жазалайды жазықты болса өзін де,

Пірден биік тұтады сыйласуды.


Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет