Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет34/56
Дата22.05.2018
өлшемі6,79 Mb.
#40605
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56

Ұрлық түбі—қорлық.


Жолдыбай мені селоның орта тұсындағы оқшау бір үйге ертіп келді. Бұл аудандық кітапхана екен. Кең үйдің жарым бөлегі толы кітап, сөре-сөреге тізіп жинап тастаған. Дүниеде мұншама мол кітап болатынын, оның бәрі бір арада жинаулы тұратынын тұңғыш рет көріп отырмын. Көзім тұнып, таңырқап караймын.

Стол үстінде қат-қат боп жиналған газет-журнал қаншама! Мұның бәрін кім оқиды? Қалай оқып тауысады?

Біреулер кітап тапсырып, кітап алып жатыр. Көбі, біз секілді балалар.

Мен де оқуға кітап сұрадым. Кітапханашы әйел кімсің деп сұрап алды да, ауылдық советтен, мектептен әлдеқандай анықтамалар алып кел деп, мен үшін түсініксіздеу бір машақат жұмыс айтты. Онсыз кітап берілмейді.

Мен сыртқа аса жабырқап шықтым. Соншама мол кітаптың біріне де қолым жетпеуі қорлық еді. Менің бұл халімді жете түсінген Жолдыбай:

-  Сен уайым жеме, бермесе, қойсын. Саған керегі кітап па? Мен табам,- деп, көзін қулана қысып қойды.

-  Қайдан табасың?

-  Үндеме, кеш батсын.

Кеш батып, ел орынға отырған кез. Жолдыбай екеуміз кітапхананың тұсында көшеде тұрмыз. Кітапхана қазір жабық, терезелері қараңғы. Төңіректі әбден байқап, қарап алды да, Жолдыбай ымдап, бастай жөнелді. Мен одан қалмаймын. Кітапхананы бір айналып, терезелерді, құлыпты Жолдыкең байқап өтті. Дәу қара құлып, Жолдыкең қайқы бас сыммен түрткілеп көріп еді, ашпады.

Терезенің бәрі көше жақта, оншалық биік емес, бой жетер жерде. Жолдыкең бәкімен шұқылай бастап еді, әйнектің біреуісі сыңғыр етіп, босап, оның қолына келді. Терезенің бір көзі үңірейді де қалды.

Қазақтың ет жаятын қоймасының алақандай желдеткіш тесігі болады, ұры мысықтар сол тесіктен артына бір қарап алып, зып ете қалады. Жолдыбай тап сол. Үңірейген кішкентай көзге басын сұғып, тырбаңдап, ары қарай сүңгіп кіріп кетіп барады. Мен аяғынан сол демеп жіберіп едім, қара тесік Жолдыкеңді жұтты да алды.

Дегбірім қашып, жан-жағыма қараймын. Бір пәлеге ұрынбасақ неғылсын. Сәл сезіктенер жағдай туса, Жолдыбайды қалдырып, безіп жөнелуімде дау жоқ.

-  Мә, ал!

Дауыс Жолдыбайдікі. Ар жақтан бір құшақ кітап алып келіп, тесікке тықпалап жатыр. Мен кітаптарды қабылдап ала бастадым. Бір-екі кітап шашылып, жерге түсіп те қалды.

- Жете ме? Тағы әкелейін бе? Жолдыбай кітапхананы көшіріп кетпек.

- Жетеді!

Жолдыкең тесіктен әуелі екі қолын, одан соң басын шығарды. Салбырап түсіп келеді. Өмір бойы терезе көзінен кіріп-шығуды кәсіп етіп алған адамдай-ақ оп-оңай салаң ете қалды.

- Кеттік!

Бір-бір құшақ кітапты бауырымызға қысып алып, көшенің қараңғы шетімен безіп келеміз.

Ертесі. Тағы да босағадан жылтырап қарап, Жолдыбай келіп тұр. Енді оның күнге күйген иығы мен мойны түлеп, жауыр бола бастаған. Мен Жолдыбайдың келуін күтіп отыр едім. Екеуміз көшеге шықтық. Түнде ірі бір жұмыс тындырған адамдармыз, бірімізді-біріміз қас-қабағымыздан ұғып, жымың-жымың етеміз. Олжа кітаптардың бәрін де түнде Жолдыбай үйінің тауық қорасындағы жаман-жаман жүктің арасына тығып тастағанбыз. Біздің үйге әкелуге болмайды. Сатылған ағайым көрсе, қайдан алдың дейді.

Күндіз Жолдыбай үйінде адам болмайды.

Міне біз олжа кітаптарды қарап отырмыз. Жарым-жартысы қазақша, жарым-жартысы орысша. Орысша кітаптардың бізге қажеті шамалы - оқи алмаймыз.

-  Қараңғыда қандай кітаптар екенін қайдан білейін, стол үстінен құшақтап алдым да жөнелдім,- дейді Жолдыбай.

Ойымызда кітапхана. Онда не боп жатыр екен? Түк білмеген болып, кітапхананы сырттан торып келдік. Терезенің көзін орн. Күйеуі бір кеңседе бастық, әйелі кербез жас келіншек. Күйеуін қызметке шығарып салады да, ол әдетте, біздікіне келеді. Күлімбала жеңгем екеуі өсек айтып уақыт өткізеді.

Сол Танабаевтың әйелі аяғын ширатыла басып, біздің үйге келген. Мен кітап оқып отырмын.

-  Бұл не кітап?

Ілияс Жансүгіровтің "Күй" дейтін өлеңдер жинағы еді. Келіншек бірнеше бетін аударып, көз жүгіртті де:

-  Берші, мен оқып шығайын,- деді.

-   Алыңыз.

Келіншек кітапты алып кетіп қалды. Ертесі. Күндізгі уақыт. Біздің үйге мұрты тікірейген Бүркітбай милиңионер келіп тұр.

-  Осында пәлен дейтін бала бар ма?-деп, менің атымды атайды.

-   Бар.

Бүркітбай мені көп сөзге келтірмеді, жүр деп, айдап алды. Милицияға әкелді. Мен ештеңе түсінетін емеспін. Жан-жағы бітеу қораға, одан бір бөлмеге кіргізді. Портупея тағынып, шпал қадаған әдемі қазақ жігіті отыр. Бүркітбайға бара беріңіз деді, мен қалдым. Оның менімен жөндеп сөйлесетіндей түрі бар. Әуелі аты-жөнімді сұрады, айттым.

-  Мына кітапты танисың ба?

Столдың тартпасынан суырып алып көрсеткен әлгі кітап "Күй" еді. Көзіме жылы ұшырай кетті.

-   Танимын.

-   Сенің кітабың ба?

-    ...менікі...

-    Қайдан алдың сен мұны?

Не айтарымды білмеймін.

-    Айт, қайдан алдың?

Үн жоқ.


-  Бұл қайтып сенің кітабың болады? Мына мөр не?

Арада бір минут өткенде мен тергеушіге барлық шынымды айттым.

Сұрақ бітті. Мені қанаттағы бос бір бөлмеге кіргізді де, қамап қойды. Есікті жауып, сыртынан құлып салып жатуы адамға жаман әсер етеді екен.

Түн болды, жіберген жоқ. Осында түнеп шықтым. Таңертең Күлімбала жеңгем бір шәйнек шай, бір жапырақ нан алып келді. Кәдімгі қамаудағы адам тәріздімін, шайымды жаман бір ескі матрацты төсей салған жер төсектің үстінде отырып іштім.

Кенет, қора жақтан біреулердің шуласқан дауысы естілді. Таныс дауыс. Жолдыбай. Орнымнан ұшып тұрып қарадым. Тағы да сол Бүркітбай, Жолдыбайды айдап алған. Анау жүр деп, итермелейді. Жолдыбай итерме, өзім де жүре алам деп, Бүркітбайға ырық бермей, кіжініп тұр.

Соңынан білдім, мен қамауда отырғанда милиция Жолдыбайды іздеп жүріпті. Сезік алған Жолдыкең зытып жөнелген, бұл түні ол үйіне түнемеген.

Түске таман мені де, Жолдыбайды да босатты. Олжа кітаптың бәрі милиция арқылы кітапханаға қайтарылды. "Ұрлық түбі қорлық" болатынын мен тәжірибеде осылайша бір сынап көрдім.

Тағы да соңынан білдім: Танабаевтың әйелі кітапханада істейтін бір әйелмен жолдас екен. Оның үйіне сол келген, "Күйді" көрген. Қайдан алғанын сұраған... Ұрлықтың мүңсік иісі милицияны маған алып келген.




Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет