Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»


Махмұд Қашқари. Түбі бір түркі тілі («Диуани луғат ат-түрк»). Алматы, Ана тілі, 1993. 33-99 бб



бет15/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   292
Махмұд Қашқари. Түбі бір түркі тілі («Диуани луғат ат-түрк»). Алматы, Ана тілі, 1993. 33-99 бб.
Аударғандар: Қ.Бекетаев, Ә.Ибатов.


ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ


ҚҰТТЫ БІЛІК


Адам баласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен екендігі айтылады

Адамды хақ жаратты да ескерді:


Оған ақыл, білім, өнер, ес берді.

Көңіл берді, әрі тілін тербетті,


Ұят берді, берді құлақ, келбетті.

(Ділін оңдап, ерік берді тіліне,


Ұят берді қылық-құлық, тініне!)

150 Білік берді – адам бүгін жетілді,


Ақыл берді – талай түйін шешілді.

Кімге құдай берсе білім, ақылды,


Қолы жетіп, алар ол мол асылды!

(Ақыл, білім берсе құдай, білінер,


Қолы талай ізгілікке ілінер).

Ақылды – ұлы, біл, білімді – білікті,


Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.

Бұл сөзіме куә мұндай сөз де бар,


Сөзді естіп, аларыңды көздеп ал:

«Ақыл қайда болса, ұлылық толады,


Білім кімде, сол білікті болады

155 Ақылды ұғар, білімділер біледі,


Түгел болар білімді, есті тілегі!»

Білік мәнін біл, не дейді білген ер:


Білім білсең, бәле жүрмес іргеден.

Білімсіздер бар кеселді көреді,


Емдемесе, тектен текке өледі.

(Надандарды дерт пен бәле үйірер,


Емдемесе, ерте сөніп, күйінер...).

Кел, ей, надан! Дертке дауа жасағын;


Надан білім алса, құты тасады.

Ақыл – бұйда, ере түссең – жетелер,


Сөйтіп, арыз-тілегіне жетер ер!

160 Ақылды болса, пайдасын ер көп көрер,


білім білсе, әзиз тірлік өткерер!

Ақылды күллі ісіңді алып шығатын,


Бұл біліммен көрер бектер мұратын!


7
Тіл өнерінің қасиет-сипаты мен пайда-зияны айтылады

Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл,


Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл!

Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,


Қор қылар тіл, кететіғұн бас болар.

Тіл – арыстан есік баққан ашулы,


Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды!

165 Не дейді, ұққын, тілден жапа шеккен ер,


Құлақ салып, амал қылып, есті елер:

«Тілімнен көп жапа шектім, есебім:


Бас кесілмес үшін, тілді кесемін!

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,


Тіліңді бақ, тысың сынып қалмасын!»

Жұрттың тілі удай, сөйлеп шет қылар,


Кісі құлқы сұм, етіңді жеп тынар.

Білім берді, білікті өткір тіл берді,


Тіл иесі, басыңды бақ, біл де енді!

Тілесең сен есендікте жүруді,


Жаман сөзге қимылдатпа тіліңді.

170 Біліп айтқан сөз – білікті, саналар,


Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.

(Біліп айтқан сөз – даналық деседі,


Біліксіз сөз, қайран басты кеседі!)

Көп сөйлеуден артық пайда көрмедім,


Және сөйлеп және ештеңе өнбеді!

Сөп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін,


Бір сөзбен шеш түмән сөздің түйінін.

(Көрген емен көбік сөзбен оңғанды,


Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды!)

Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар,


Көп сөз басты қара жерге кеп тығар.

Көп сөйлесең, «Езбесің» - деп жек көрер,


Сөйлемесең, «Мылқау» - екен, деп сөгер!

175 Бұлай болса, тең ортасы – керегің,


Тілге ұстамды болсаң, өсер беделің!

Тіліңді бақ, басың аман болады,


Сөзді қысқа айты, жасың ұзақ болады.

(Тілді күтіп, бақсаң – аман басың да,


Сөзді қысқа қылсаң – ұзын жасың да!)

Зияны көп, пайдасы мол – ақталар,


Сондықтан тіл мақталар да, датталар!

Біліп сөйлеп, сөзіңде сөл, өң болсын,


Сөзің түпсіз қарағыға, көз болсын!

(Тауып сөйле сөзің оңды, жөн болсын,


Сөзің, басыр адамдарға көз болсын!)

Біліксіздер өзі нағыз басырдың,


Білім үйрен, надан, көзің ашылсын!

(Біліксіздер – надан, көзін байлаған,


Білімдіден өнеге ал, ей надан!)

180 Туған өлер, көрсең қалар белгісіз,


Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де өлгісіз!

Қос нәрсені шалмас қарттық құрығы:


Бірі – ізгі сөз, бірі ізгі құлығы!

Туған адам өліп сөзі қалады,


Өзі кетіп, ізгі аты қалады!

Тіршілікте келсе өзіңнің өлмегің –


Сөз, құлқыңды жақсарт, оңда, ей, бегім?!

Тілді сөктім, һәм мадақтап демедім,


Мұным – сөздің сырын ұқсын дегенім.

185 Күллі сөзді жисаң да, ақылды асырмас,


Керек сөзді сөйлер кісі, жасырмас!

(Күллі сөзді жина, ақылға сыймайды,


Керек сөзді айтады тіл, тыймайды!)

Сөзді ұлыма арнадым мен, ер-батыр,


Ұлым, тыңда, менде алтын-кен жатыр.

Саған арнап сөз сөйледім, ей, ұлым,


Өсиетімді қабыл алғын құлыным!

Күміс, алтын қалса менен сендерге,


Оларды сен бұл сөзіме теңгерме!

Күмісті іске тұтсаң – бітіп қалады,


Сөзімді іске тұтсаң – күміс табады.

190 Қалар мұра – сөз, кісіден кісіге,


Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе,

(Кісілерге мирас ата сөзі ғой,


Ата сөзі – ұқсаң – құттың көзі ғой).

* * *
Білікті бек, бүгін түйме қасыңды,


Именіп көп айтсам құзыр, расымды!

(Ей, дана бек, түйме бүгін, қасыңды,


Шынымды айттым, кешір, идім басымды!).


8

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   292




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет