Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет290/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   292

СӨМКЕ


http://balalar.ucoz.com/publ/gimeler/s_mke/14-1-0-400
Үй iшi түгел бас қосып, таңертеңгi шайды iшiп отырғанбыз.
– Менiң халатым көрiнбейдi, – дедi шешем.
– Менiң жұмыс киiмдерiм жоқ, – дедi әкем.
– Сарғыш көйлегiм кеше ғана анау iлгiште тұрған. Бiлмеймiн, жер жұтты ма, ұшты-күйлi жоғалды, – дедi әжем.
– Оны айтасың, менiң ескi пальтом мен бөркiм де жоқ, – дедi атам.
– Ұры түсуi мүмкiн емес. Сонда кiм алады? – деп, бәрi қайран.
Мен бұл iнiмнен келген пәле екенiн бiлдiм де, жымиып қойдым.
... Кеше күн жексенбi едi. Әке-шешем базарға кеткен. Атам мен әжем де жоқ. Үйде iнiм екеуiмiз. Ол ауыз үйде бiрденемен әлек, мен төргi бөлмеде кiтап оқып отырмын. Кенет ауыз үй күбiр-сыбыр бола қалды. Көршi үйдiң баласы Марат тұр.
– Самат шобытшы келдi, – дедi ол, – Шар, пистолет, машина, самолет, қармақ, қалам, сөмке, дәптер – бәрi бар.
– Жүр, көрейiк. – Екеуi шыға жөнелдi. Жарты сағаттай өткен. Iшке бiреу кiрдi. Iнiм екенiн сездiм. Мұрны шуылдап, ауыз үйде бiраз жүрдi де, шығып кеттi.
Мiне, айыпкер iнiм алдымызда тұр. Басы салбырап кеткен.
– Үйдегi киiмдердi шобытшыға тапсырғаның рас па? – дедi әкем.
– Рас... – Iнiмнiң ернi болар-болмас қыбыр еттi.
– Неге айырбастадың?
– Сөмкеге.
– Оны қайтпексiң?
– Келесi жылы оқуға барам ғой.
Әжем шыдай алмады, орнынан тұрып барып, iнiмнiң қолынан тартты.
– Кiшкене ғана құлыншағым менiң. Талабыңнан айналдым. Үйдегi бар киiм жолыңа садаға. Кәне, сөмкеңдi әкелшi, көрейiн...
Iнiм төргi бөлмеге жүгiрiп кiрдi де, әдемi қызыл сөмкенi алып шықты. Қуанышты.
– Дүкеннен-ақ алып беретiн едiм ғой... – дедi бiраз сабасына түскен шешем.
– Иә, саған... – дедi iнiм. – Талай рет «дүкенде жоқ екен» дегенiң қайда?..
Атам мен әжем немересiн еркелетiп жатыр:
– Талабыңа нұр жаусын. Жақсы оқитын бол!


ҰМЫТШАҚ
http://balalar.ucoz.com/publ/gimeler/s_mke/14-1-0-400
Еңбек сабағынан мұғалiм қағаздан үйшiк жасап келудi тапсырған. Әлденеге тыпыршып, байыз таппай отырған Ақтай ғана. Кеше әкесiнiң көмегiмен жасаған үйшiгiн әлгiнде ғана, үзiлiске шығар алдында парта үстiне қойып кеткен сияқты едi. Ұшты-күйлi жоғалды. Аң-таң. «Мүмкiн емес, – дедi ол. – Кiм болса да бiреу алған». Сол сәт парталас Дариғамен бiрде ренжiсiп қалғаны есiне түстi. Иә, сол әдейi қастықпен жоғалтып жiбермесiне кiм кепiл. Класқа апай кiрдi. Аралап көре бастады. Кезек Ақтайға келдi.
– Сен ше? – дедi мұғалiм.
– Әкеп едiм... – деп күмiлжiдi. – Жоқ... жоғалтып алдым.
– Мүмкiн, ұмытып үйде қалдырған шығарсың.
– Жоқ, әкелдiм. Қойдым мына жерге...
– Ендеше, кiм алады?
– Дариға... – дедi Ақтай бiрден. Оқушылардың назары ендi Дариғаға ауды.
– Мен алғам жоқ, – дедi ол жыламсырап.
– Осы... басқа ешкiм емес, – деп нығыздады Ақтай. Дариға жылап жiбердi.
– Жарайды, – дедi мұғалiм. – Кейiн анықтала жатар.
Дариға мектептен қайтқан соң да, жол бойы жы-лаумен болды. Оны ешкiм де жұбатпады. «Жыла, – дедi Ақтай iштей келекелеп, – Бiреудiң затын ұрлаған қалай болады екен».
Үйге келдi де, бiрден өз бөлмесiне ендi. Сөмкесiн қоя бергенде, терезе алдындағы өзiнiң кешегi үйшiгi көзiне түстi. Сенбей, ұстап та көрдi. Дәл өзi. Ұялғаннан бетiнен оты шықты Дариғаға жөнсiз жала жауып, қатты ренжiткенiне өкiндi.
Ақтай үйден шыға сала жүгiре жөнелдi. Дариғадан кешiрiм сұрауы керек қой.
Әдебиеттер



  1. Абай «Қара сөз» Семей-2007

  2. А. Байтұрсынов «Маса» Алматы-2005

  3. «Бес ғасыр жырлайды» 1-2-том Алматы-1989

  4. «Жеті ғасыр жырлайды» 1-том Алматы- 2004

  5. «Ертегілер» 1-кітап Алматы- 1988

  6. С. Садырбаев «Қазақ халық әдебиеті» Алматы-1990

  7. С.Садырбаев «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы-1977

  8. «Қазақ прозасы» хрестоматия 2-кітап Алматы- 2001

  9. «Қазақ халық творчествосы» Алматы- 1989

  10. «Ел аузынан» Алматы- 1989

  11. «Билер сөзі» Алматы -1992

  12. Б. Гарсиан «Парасатнама» Үрімжі-2009

  13. Конфуций «Ғақлиялар» Үрімжі - 2009

  14. С. Көбеев «Орындалған арман» Алматы - 1988

  15. «Даншпан Сүлейменнің нақыл өсиеті» Алматы -2002

  16. «Шешендік шиырлар» Алматы-1993

  17. «Ғибырат толғамдары» Алматы - 2004

  18. Қ. А. Иассауи «Хикметтер» Астана -2002

  19. Ғ. Есім, «Фалсафа тарихы», Алматы, «Раритет» БК, 2004ж


  20. Каталог: upload -> Book
    Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
    Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
    Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
    Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
    Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
    Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
    Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   292




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет