Нұсқаулар 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз


-тапсырма. Мына сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарасақ



бет3/3
Дата09.04.2022
өлшемі29,26 Kb.
#138603
түріНұсқаулар
1   2   3
Байланысты:
ДЗ.Нұсқаулық
Metod B1.V.DV.10.01 09.03.01 LR, Myrzageldiev Zangar 2 otchet na, картина, лаб100, Курсовая Ильяш Рустам (1), Курсовая Ильяш Рустам, 14 лаб ИКТ, курсовая Дмитрий, 15 лаб ИКТ
4-тапсырма. Мына сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарасақ.
Орыс тіліндегі баламасын атаңыз.

Нұсқау-1. Ақыл-кеңес, жөн-жоба. 2. Ауысп. Тапсырма.
Нұсқаулық – бір іске байланысты ережелер жиынтығы.
Нұсқаушы-белгілі бір істің дұрыс орындалуын қадағалап, жөн сілтеп отыратын ресми адам.





5-тапсырма. Үлгілердің ізімен Жарлық жазыңыздар.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы
Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуына және егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 20 жылдығының құрметіне қаулы етемін:
1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;
2) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 17 мамыр. №83


Үлгі:
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы


Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы
Генерал-лейтенант әскери атағы, генерал-майор әскери атағы, авиация генерал-майоры атағы, контр - адмирал атағы, өртке қарсы қызмет генерал – майоры арнаулы атағы, әділет генерал – майоры арнаулы атағы, 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шенін беру туралы Жарлығы басылып, көптеген лауазымды адамдар атаққа ие болды.


Үлгі:
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі заңына сәйкес қаулы етемін.
Әрі қарай 1,2,3, 4, 5 пунктер бойынша жарлықтар жазылады.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Астана. Ақорда, 2011 жылғы наурыздың 3-і
«Егемен Қазақстан» 4 наурыз, 2011 ж. № 66-68.
6-тапсырма. Көп нүктенің орнына қандай сөздерді қою керек.
Нұсқау кәсіпорынның ішкі құжаттарына арналған бланкілерде ресімделеді. Оған директор немесе оның орынбасары ... . Нұсқау беру бөлігі, әдетте, қазақ тіліндегі мәтінде «Міндеттеймін», «Белгілеймін» және т.б. деген ... .

Керекті сөздер: қол қояды; сөздермен аяқталады; ресімделеді.



7-тапсырма. Аударма жұмысы.
Указания издаются по оперативным вопросам. Указание — распорядительный документ. Право подписи указаний делегируются руководителем своим заместителям или руководителям подразделений в пределах их компетенции. Подготовка и оформление указаний проводятся в соответствии с установленным порядком подготовки и оформления приказов.
8-тапсырма. Бақылау сұрақтары

  1. Нұсқау құжатының сипаты қандай?

  2. Нұсқауға кім қол қояды?

  3. Нұсқаудың белгілуші бөлігі басталатын сөздерді атап шығыңыз.

  4. Жарлықтың құрылымы қай құжатқа ұқсас?

  5. Жарлық құжатының сапалы болуы неге байланысты?

  6. Жарлық пен бұйрықтың айырмашылығы неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет