НұСҚаулар дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Мәдениеттің синтетикалық нысаны



бет12/21
Дата30.11.2023
өлшемі157,94 Kb.
#194245
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
2023-2024 Лекция курсы
7grade 2 lesson II term, 1. Общий файл всех тестов, Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері 05.02.2022 конспект, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, мәдениеттану, 39093.pptx, 9-2-4, 8
Мәдениеттің синтетикалық нысаны ырым, әдет-ғұрып, салт-дәстүр сияқты мінез-құлық үлгілері болып табылады. Ырым бұл өзіне осы немесе басқа әлеуметтік идеяларды, ойларды, нормалар мен құндылықтарды іске асыратын және қандай да бір ұжымдық сезімді тудыратын ұйымдық іс-әрекеттің нышандық-таптаурын жиынтығы. Ырымның күші оның адамдарға деген эмоционалдық-психологиялық әрекетінде жатыр. Ырымда құндылықтар мен мұраттардың осы және басқа нормаларын игеру емес, сонымен бірге ырымдық әсерге қатынасқандармен бірге әсерленушілігі болып жатады.
Әдет-ғұрып - бұл топтық іс-әрекеттің үйреншікті, қалыпты ең ыңғайлы және жеткілікті кең таралған әдістері. Адамдардың жаңа ұрпақтары қоғамның үйреншікті әдістерін жартылай санасыз түрде еліктеу арқылы, жартылай саналы түрде оқыту арқылы қабылдайды. Әр адам бала кезінен көптеген көне мәдени элементтердің қоршауында болады. Ол үнемі көз алдында осы ережелерді көргендіктен, өзі үшін ең дұрыс және ең қолайлы болып қала береді.
Мәдениет әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста қандай да бір нақтылы нысанда қызмет атқарады. Мәдениет болмысының бұл нақтылы нысанын көрсету үшін әлеуметтануда субмәдениет түсінігі қолданылады.
Субмәдениет - бұл көбінесе оларды алып жүретіндердің ойлауы мен өмір стилін анықтайтын, өздерінің кешендерімен, әдет-ғұрыптарымен, нормаларымен ерекшеленетін автономды тұтастай білім.
Әлеуметтануда субмәдениеттің пайда болуы қоғамдық субмәдени және мәдени қажеттіліктеріне жағымды жауап ретінде (кәсіби мәдениет) және қоғамда үстемдік етуші мәдениет пен әлеуметтік құрылымдарға жағымсыз әсер ретінде (деликвентті субмәдениет, яғни қоғамның қылмыстық топтар мәдениеті) қарастырылады. Ұлттық, дінаралық, кәсіби субмәдениеттерді, ұйымдар мен әлеуметтік топтар, т.б. субмәдениетін атап көрсетуге болады. Субмәдениеттің қалыптасуының әлеуметтік базасы жасы үлкен-кішілі топтар, әлеуметтік топтар, ірі бейресми бірлестіктер болып табылады. Субмәдениет түсінігі әлеуметтік топтар қатарын мамандандыру, урбанизациялау әсерінен болатын мәдениеттің бірігу мен жіктеу процестерін және мәдени салт-дәстүрден ұзап кетуге әкелетін әлеуметтік икемділіктің күшею процестерін зерттеп-білуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет