Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет11/20
Дата08.06.2018
өлшемі7,36 Mb.
#41497
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

4 Жоңғылау станоктары
Жоңғылау станоктарды арнайы және жалпы тағайындалған станоктарға бөледі. Жалпы тағайындалған станоктарға ең көп таралған консольді станоктар жатады, олар айналдырықтын ось айналуына байланысты вертикаль-жоңғылау және горизонталь жоңғылау станоктарына бөлінеді. Горизонталь жоңғылау станоктың бойлық үстелін вертикаль ось бойынша бұруға болса онда горизонталь жоңғылау станогын әмбебап деп атайды, егер онда қосымша жоңғыш бастиегі болып және оның айналдырығын вертикаль ось бойынша бұрышқа орнату мүмкін болса оны кең әмбебап деп атайды.
4.1 6М82 модельді әмбебап горизонталь жоңғыш станоғы
Жеке және сериялы өндірісте цилиндрлік, дисклі, бұрыштық және фасонды жоңғыштармен үлкен емес дайындамаларды жоңғылауға арналған.

а) б)


а) 6М82 модельді горизонталь жоңғылау станогы, б) тік жоңғылау станогының жалпы түрі
2-сурет – Жоңғылау станоқтары
Бұрылу үстелдің бары бөлгіш бастиек көмегімен винтті беттермен бунақтарды жонғылауға мүмкіндік береді.

Станоктардың жалпы түрі 2а суретінде көрсетілген. Іргетас тақтада 1 орнақ 2 бекітіледі. Орнақтың ішінде электрқозғалтқыш 3 орналаскан, ол жылдамдық қорабы 4 арқылы станоктың айналдырығына негізгі айналмалы қозғалысты береді. Орнақтың тік бағыттауышында консоль 10 орнатылған, ол бағыттауышта қатты бекітілген және ол тік жазықтықта жылжиды. Консольдың горизонталь бағыттауышында



а – тік консольсіз жоңғылау станогы; б – бойлай жоңғылау станогы; в – айналма үстелді жоңғылау станогы; гатанақ жоңғылау станогы
3-сурет – Жоңғылағыш станоктардың түрлері
көлденең жылжыма 11, айналу тақта 9 орналасқан, ал айналдыратын тақтаның бағыттауышында бойлық үстел 9. Консольда беріс жетегі орналаскан, ол электрқозғалтқыш 12 және берістер қорабынан 13 тұрады. Құралбіліктің бос (оң) жақын үстау үшін аспа мойынтірегі 5 қызмет атқарады, ол тұмсық бағыттауышында 6 орнатылып орнақтың жоғары бөлігінде бекітілген. Тұмсық екі кронштейнмен 7 тіреледі, астыңғы жағы консольмен байланысты.

9-суретте тік жоңғыш станогының жалпы түрі көрсетілген.

Жалпы тағайындау станоктарға консольсіз тік жоңғылағыш станоқтар да жатады (3а-сурет). Білдек үстелінде екі өзара көлденең бағыттау қозғалыстары бар, олар жұмыс беріспен және орнату кезінде тез жүріс режімінде істелінеді. Айналдырық басша тік қозғалыс жасайды және көлденең беріспен еңкіштік беттерді өндеу үшін тік жазықтықта айналуы мүмкін. Содан басқа айналдырық осьтік қозғалыс жасайды. Консольді станоктарға қарағанда, осы станоктар өнімділі және қатаңды, тек олар қызмет көрсетуде жәйсіз.

3б-суретте жалпы тағайындау бойлық жонғылау станогы көрсетілген. Үстел орнақта орнатылады, онда тек қана бойлық қозғалыс бар. Көлденең және тік жылжуды айналдырық басша жасайды, ол траверсанда тік тіреуіштер арқылы орнатылады.

Осы станоктар үлкен дайындамаларда жазық беттерді өңдеу үшін арналған. Ең көп таралған өңдеу түрі болып айналдырық басшасы қозғалыссыз, ал үстел бойлық беріс жұмыс жүрісімен саналады. Бұл кезде дайындаманы бір уақытта үш жағынан өңдеуге болады. Станоктың айналдырықтарында жеке жетектер бар. Өңдеу кезінде дайындама қозғалмауыда қарастырылады, ол кезде айналдырық басшасы тіреуіштің вертикаль бағыттауышы және маңдайшаның горизонталь бағыттауыштары бойынша беріспен жылжиды. Жұмыс кезінде маңдайша қозғалмайды.

3в,г-сурете айналма үстелді жоңғылау және арнайы атанақ жоңғылау станоктары көрсетілген. Бұл станоктарда жаппай және ірі сериялы өндірісте түпбетті жоңғышпен дайындамалардың жазық беттерін өңдейді. Дайындаманы арнайы айлабұйымда үстелде немесе атанақта бекітеді, ол ақырын айналады, шеңберлі қозғалыс берісін жасап. Осы жағдайда әдетте қара және таза өңдеулер бірлестірледі. Тетікті орнату және алу станокты токтатусыз болғандықтан станоктардың жоғары өнімділігі олардын үздіксіз қимылымен қамтамасыз етіледі.



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет