Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет8/20
Дата08.06.2018
өлшемі7,36 Mb.
#41497
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
5 сурет. Құрылымды кесуші аспаптар

Бір даналы тесіктерде бұранда пайда болу үшін ішкі бұранда кескішті пайдаланады. Ішкі бұранда кескіш дегеніміз кескіш жиек жасайтын кесілген бунақтары бар орам.

Бұранда ойғышының кескіні кесіліп жатқан бұранданың кескініне сай болу керек. Бұранда ойғышты арнайы қысқысында бекітеді.

Бұрғылау білдегінде өңдегенде дайындаманы үстел білдегінде орнату және бекіту үшін әр түрлі құрылғыларды қолданады. Дайындаманы қысқыларда, үш және төрт жұдырықты қысқысдарда және т.б. бекітеді.

Бұрғылау білдегінде мынандай технологиялық операциялар жүргізіледі: бұрғылаау (6а сурет), бұрғылап кеңейту (6б сурет), үнгілеу (6в сурет), ұңғылау (6г,д сурет), ұң жоңғылау (6е сурет), үнгіштеу (6ж,з сурет), бұранданы қию (6и сурет), қиын кескінді тесіктер жасау (6к сурет), терең тесіктерді бұрғылау.


6 сурет. Бұрғылау білдектерінде жүргізілетін технологиялық операциялар



4 2А150 білдегінің құрылымы және технологиялық сипаттамасы
Білдек біл айналдырығы бар тігінен-бұрғылау. Білдектің негізгі түйіндері (7 сурет): құдықша және тұғыр 9 орнатылған әргетас тақта 1. Тұғырдың жоғарғы жағында электроқозғалтқыш 6 пен жылдамдық қорабы орналасқан.

Тігінен бағыттауышта, айналдырықтың 4 аспаппен механикалық тігінен орын ауыстыруын жүзеге асыратын, беріліс механизмі орналасқан айналдырықта тұғыр 7 орнатылған. Айналдырықтың қолмен орын ауыстыруы штурвал арқылы жузеге асырылады.

Дайындамаларды және айла бұйымды тігінен бағыттауыш бағанамен қозғалатын үстелге 2 орнатады.

Білдекте 50 мм диаметрге дейін, 300 мм тереңдікке дейін тесіктерді бұрғылауға болады, сонымен қатар тесіктерді үнгілеуге және ұңғылауға және оларда бұранданы кесуге, ұң жоңғылау және үңгіштеуге болады.

Электроқозғалтқыштың қуаты 7 квт, жылдамдық қорабы айналдырықтың 32-ден 1400 ай/мин-қа дейін 12 айналым жасауға мүмкіндік береді, ал беріліс қорабы 0,125-тен 2,14 мм/ай- дейін 9 берілісті қамтамасыз етеді.

Ірігабаритті және үлкен салмақты дайындамаларды өңдеуде, дайындамалар бір немесе бірнеше параллель жазықтықта орналасқан бір айналдырықты радиальді-бұрғылау білдектерінде өңделеді айналдырық басының орын ауыстыру есебінен кесуші құралдың және өңделіп жатқан тесіктердің остерінің қиылысуы қамтамасыз етіледі. Радиальды-бұрғылау білдектерінің түрлері 8 суретте көрсетілген.



Көп тесігі бар дайындамаларды өңдегенде қосымша координатты үстелдар арқылы автоматтандырылған, автоматты түрде орын ауыстыратын және алдын-ала белгілеусіз дайындаманы аспапқа қатысты орнататын ЧПУ бар бұрғылау білдектерін пайдаланған орынды. Жаппай тұрақты өндірістерде, бір уақыт ішінде әр түрлі жазықтықтарда орналасқан дайындамалардың бірнеше тесіктерін өңдеуге мүмкіндік беретін стандартты және нормаланған болшектерден және түйіндерден жасалған агрегатты білдектерді пайдаланады.




Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет