НұСҚаулар сарбаздарға берілетін психологиялық педагогикалық



бет2/8
Дата05.05.2023
өлшемі40,26 Kb.
#176128
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
САРБАЗДАРҒА МІНЕЗДЕМЕ
8алгебра 1токсан
1.2. Еңбекке қатынас

  1. Кез-келген жұмысты сүйіспеншілікпен орындайды, жұмысты өзі іздейді, оны дұрыс атқаруға тырысады;

  2. Ережеге сәйкес, жұмысқа белсене кіріседі, оны жақсы орындауға тырысады.

Қарама-қайшылықты мінез танытатын кезедері аз;

  1. Жұмысқа белсене араласатын уақыты сирек;

  2. Жұмыстан жиі қаш-қалақтайды;

  3. Кез-келген шаруаны орындаудас бас тартып, орындамауға тырысады;

1.3. Жауапкершілік

  1. Өзіне жүктелген жұмысты әрқашан өз уақытында, жақсы орындайды;

  2. Өзіне жүктеген жұмыс көбіне өз уақытында, жақса орындайды;

  3. Өзіне тапсырылған жұмысты орындамайтын уақыты сирек (немесе нашар орындайды);

  4. Өзіне жүктелген жұмысты сирек орындайды;

  5. Өзіне жүктелен жұмысты ешқашан соңына дейін орындаған емес;

1.4. Белсенділік

  1. Көптеген жұмыстарға бастамашылдықпен қатынасады, сонымен қатар мұны көптің мойындауын талап етпейді;

  2. Жаңа жұмыстарға бастамашылдықпен қатынасады;

  3. Жаңа жұмыстарда бастамашылдық таныта бермейді;

  4. Қандайда бір, жаңа істерге ұмтылмайды;

1.5. Өзін-өзі ұйымдастыруы

  1. Барлық жұмыстың барысын әр-кез дұрыс жоспарлайды, жоспарға сйкес орындайды;

  2. Көп жағдайда өз іс-әрекетін дұрыс жоспарлап, өз уақытында орындайды;

  3. Өз іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алады, өз іс-әрекетінің әрбір кезеңіне есеп беру қажет болған жағдайда ғана, жасалған жоспарды өз уақытында орындайды;

  4. Өз жұмысымен уақытын дұрыс ұйымдастыратын кезі сирек;

  5. Өз іс-әрекеті мен уақытын дұрыс ұйымдастыра алмайды, уақытты босқа жоғалтады;

1.6. Білім құмарлық:

  1. Мәдениет пен ғылымның әрбір және жаңа салаларынан қандайда бір жаңалықтарды біліп жүреді;

  2. Көп жағдайда мәдениет пен ғылымның жаңа және әрбір саласына байланысты жаңа мәліметтерді алуға тырысады;

  3. Қандайда бір жаңа дүниелерді танып-білуге тырысатын кездері сирек; ғылым мен білімнің қандайда бір салсына байланысты ғана қызығушылық танытады;

  4. Жаңа білімдер мен біліктіліктерді игеруге қызығушылық танытпайды; 5. Жаңа білімдер мен біліктіліктерді игеруге салқын қарайды;

1.7. Ұқыптылық.

  1. Өз заттарын ұқыптылықпен ұстайды. Қоғамдық құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарайды, оны әр-кез тәртіпке келтіріп отырады;

  2. Өзіне қарастырылға және өз заттарына ұқыптылықпен қарайды (кітаптар, канспектілер). Өз жауапкершілігіндегі қоғамдық заттарды тәртіпке келтіруге атсалысады (тақта, сынып бөлмесі т.б.);

  3. Өз айналысын тәртіпке келтіруге тырыса бермейді. Кейде мектепке жағымсыз кейіпті, өз-өзін тәртіпке келтірмеген күйінде келеді. Қоғамдық заттарды ұқыпты пайдалануға тырыспайды;

  4. Өзінің сыртқы келбетіне, заттары мен кітаптарына қамқорлықпен қарамайды;

  5. Өз заттарын тәртіпте ұстауға тырыспайды, өз-өзін ретке келтірмеген, әркез жағымсыз кейіпте жүреді. Сәті түссе қоғамдық заттар мен құрал-жабдықтарды бүлдіруден бас тарпайды;



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет