НұСҚаулар (Ұсыныстар) № Әдістемелік құралдар, ұсыныстар


Аннотация –құжаттың (басылымның) оның бөлігінің мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау. Баяндама



бет5/5
Дата14.10.2022
өлшемі26,4 Kb.
#153021
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5
Байланысты:
әдістемелік нұсқаулар
1552311829
Аннотация –құжаттың (басылымның) оның бөлігінің мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.
Баяндама – студенттер әдебиеттермен белсенді жұмыс істеп, шешендік өнерді үйренгедіктен, баяндама жоғары теориялық деңгейді талап етеді.
Рецензиялау – оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу.
Шығармашылық тапсырмалар – а) есептер шығару; ә) проблемалық сұрақтарға жауап іздеу түрінде болады. Мұндай тапсырмалар студенттерге меңгерген білім, білік, дағдыны қолдану негізінде жаңа білім алуға мүмкіндік береді.
Ребус, сөзжұмбақтарға дайындық студенттердің қызығушылығын арттырады.Жұмыстың бұл түрінде студенттер өз білімдерін қосымша мәліметпен толықтырып қана қоймай, сонымен қатар арнайы терминология саласында өз танымдарын жетілдіреді Дамытушылық мақсат ойлау нысанына, ішкі дүниетаныма, көзқарасына бағыттылып, белсенділік көрсетеді. Тәрбиелік сипат өнертабыс, эстетикалық нақтылық арқылы көрініс табады.
Педагогикалық эссе, шығармалар жазу студенттерге өте пайдалы, өйткені олар педагог-классиктердің педагогикалық мұраларын меңгеруге арналған тапсырмаларды орындау үшін қажет. Аталған жұмыс түрінің негізгі міндеті – белгілі бір тұжырымдамаға, теорияға, технологияға байланысты өз пікірін білдіре білуге және заманауи талаптар тұрғысынан қарастыра білуге үйрету. Болашақ мамандарда кәсіби тұрғыдан өздерін көрсету мүмкіндігі туады. Мұндай жұмыс түрлерінің тәрбиелік мәні зор, өйткені аталған пән бойынша отандық мұраға сый-құрметпен қарап, болашақ мамандарда өзіндік кәсіби намыс пайда болады.
Слайд – кәсіби ұғымдарды көрнекілік түрінде құрастырудан тұрады.
Слайд жасау жұмысының мақсаты: шығармашылық әрекет арқылы студенттердің кәсіби еркін сөйлеу дағдысын қалыптастырып, жетілдіру.
Студенттер мамандықтарына байланысты сөздердің мағынасын терең түсініп,кәсіби мәтіннің мазмұнын өз сөзімен қысқаша айтуға дағдыланады, мамандыққа байланысты сұрақтарға дұрыс жауап беруге, сөйлеуге үйренеді.
Пікірталас (ұғымы диспут «disputo» латын сөзінен алынып, талқылаймын, таласамын деген ұғымды білдіреді)– күрделі, сонымен бірге қоғамдық, саяси адамгершілік тәрбиенің тиімді формасы. Пікірталас – белсенді, қызықты пікір алмасу. Мұнда әртүрлі көзқарас қақтығыстары болады. Шынайы шындыққа жету жолы еркін пікір алмасу арқылы жүреді. Өзінің де, жолдастарының да пікіріне сын көзбен қарауға үйретеді. Әдістемелік жағынан пікірталасты дұрыс өткізу, оқушылардың мінез – құлқының, ғылыми дүниетанымының, көзқарасының қалыптастыруына үлкен әсер етеді. Өз бетімен, белсенді түрде пікірлерін талқылауға, өмірге тереңірек үңіліп, өз замандастарының мінез – құлқын жан – жақты бағалауға үйренеді. Пікір таласта әр түрлі сенім, көзқарас айтылып, проблемалық мәселелер көтеріледі. Пікірталастың тәрбиелік мәні – пікіріңнің дұрыстығын дәлдеу, қарсыласыңның қателігін мойындаттыру, өздері сөйлеу ғана емес, өзгені де тыңдай білуге үйрену



Әдістемелік құралдар, ұсыныстар





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет