О Қ ы т у ә дістемес І балабекова Қ



бет2/18
Дата25.12.2016
өлшемі3,69 Mb.
#5262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ

ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ


ХАБАРШЫ
ВЕСТНИК

ФИЛОЛОГИЯ СЕРИЯСЫ


СЕРИЯ ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

ХАБАРШЫ / ВЕСТНИК
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ

ҒАЛЫМ ХАТШЫ

О Қ Ы Т У Ә Д І С Т Е М Е С І

ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІН ІРІЛЕНДІРІП ОҚЫТУ
Балабекова Қ. – оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Дидактикалық бірліктерді ірілендіруге байланысты ғылыми еңбектерді талдай, саралай келе, біз П. Эрдниевтің теориясының үлгісіне сүйене отырып, лингвистика саласында мамандыққа бағыттап окытуда: «Өзара бір-бірімен байланысты, ұқсас лексика-грамматикалық единицаларды бір мезгілде оқытып үйретуді -дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп атаймыз.

Жай сөйлемді ірілендіріп оқыту барысында мына жоба – конструкцияны пайдалануға болады.


Хабарлы, Атаулы сөйлем Толымды,

бұйрықты толымсыз

сұраулы, лепті



Жай сөйлем






Жақты, Күрделенген Жалаң, жайылма

Жақсыз жай сөйлем
Адам сөйлегенде, біреумен сөйлескенде тыңдаушыға белгілі ойды білдіру үшін, я одан бір нәрсе туралы білу үшін сөйлеседі. Сондықтан сөйлеу айналадағы заттар, құбылыстар, адам өміріндегі әрекет, тіршілік, өндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат. Адыр. Қайсыбірінің басында ала тұлымшақтай болып, өскен шоқ – шоқ ағаш. Осы бұйрат, адырлардың арасы – қолдан ойып алғандай кең алқап. Алқапты қақ жарып өзен ағады.

Мұнда жазушы өзі көріп тұрған бұйрат, адыр, адырлардың арасындағы алқап, ондағы өзен туралы оқырманға білдіргісі келген. Заттарды, жаратылыстағы, қоғам өміріндегі құбылыстарды, оқиғаларды, адам өміріндегі әрекет, тіршілікті білу, білдіру туралы айтылған сөйлемдер тобы сөйлеу болады. Сөйлеу бірнеше сөйлемдерден құралады: Әрі-беріден соң жел бәсеңдеп, жаңбыр шелектеп құя бастады. Тақтай суланып қалатын болды-ау, қап! Япырмай, бір сәтте-ақ қақ қылып кетті-ау жер бетін! Көресің бе, Бұршақбай? Па, шіркін, неткен күш! Шіркін жазғы жаңбыр соңынан бұлттан шыққан күн қандай!

Бұл сөйлеуде бірнеше сөйлем бар. Олардың әрқайсысы айрықша интонациямен айтылып, жеке-жеке ойды тиянақтап білдіріп тұр. Жазушының әуелі хабарламасы, сосын өкініші, таңданысы, сұрағы, соңында ризашылығы жеке-жеке сөйлемдер арқылы берілген. Айтылу түрлеріне қарай, яғни айтылу мақсаты мен сазына қарай сөйлемдер төрт түрлі болады: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.

Айтылу мақсатына қарай

Мысалдар

Хабарлы

Биыл көктем ерте шықты.

Сұраулы

Ертең бірінші сабаққа барасың ба?

Лепті

Бүгін ауа-райы қандай керемет!

Бұйрықты

Ертең кітапханадан аталған оқулықты алып кел.



Хабарлау, баяндау, суреттеу мәнінде айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлем іс-әрекеттің болғандығын, белгілі бір шақта (өткен шақ, осы шақ, келер шақ) жүзеге асқандығын білдіреді. Мысалы: Ойпаттар дегдіп, кебе бастады. Хабарлы сөйлем бір нәрсе жайында хабарлап қана қоймайды, айтушының іс-әрекетке деген көзқарасын да, ой-пікірлерін де білдіреді. Ақ сүтін беріп, аялаған анаңды қадірлеу – қасиетті парызың.

Хабарлы сөйлемнің интонациялық ерекшеліктерін З. Базарбаева былай көрсетеді.


Демалыс күні еді Күн жаңа ғана шыға бастады

Хабарлы сөйлемнің интонациялық әуені басында аздап көтеріліп, негізгі тон жиілігі сөйлемнің мағыналық өзегінде молайып барып, содан кейін жайбарақат төмен түсіп тынады. Ой екпіні түскен сөз басқа сөздермен салыстырғанда молырақ, ұзақтықпен айтылады.

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді. Бір нәрсе туралы мәлімет алу мақсатында айтылған сұраулы сөйлем негізгі сұрақты сұраулы сөйлем деп аталады. Мысалы: Сен тамақ іштің бе?

Негізгі сұраққа жауап алу мақсатында қосымша туған сұрақты жетек сұрақ дейміз. Мысалы:

Кеше кімдер өлең айтты?

Ұлдар өлең айтты.

Қыздар ше?

Екінші жақтың сөзін анықтап алу мақсатында қойылатын сұрақты анықтауыш сұрақ дейміз.

Бұл кісілер қай жақтікі?

Жетісудікі

Жетісудікі

Иә, Жетісудікі.

Сұраулы сөйлемдерден кейін сұрақ белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемдердің өзіне тән интонациясы болады, бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы онша бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен тынады. Оны сызба арқылы былай көрсетуге болады:



Жақсы хабар бар ма? Қашан келетін еді?


Қарсы сұрақ сызбасы Күманды сұрақ сызбасы

Бармағанда қайтем? Ол бүгін келер ме екен?

Айтушының түрлі көңіл күйін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.Лепті сөйлемдер былай жасалады:


  1. Сөйлемнің етістік формалары арқылы. Ол жетіп келмесі бар ма!

  2. Сөйлемде ақ, ай, ғой шылауларының қатысуы арқылы жасалады. Аты ат-ақ екен! Үйіңе бара ғой!

  3. Одағай сөздердің қатысуы арқылы. Па, шіркіннің сөзі!

  4. Көтеріңкі дауыс ырғағы арқылы. Жау жойылды!

Лепті сөйлемнің интонациялық ерекшеліктері жасалу тәсіліне қарай ажыратылады.

А) Ешбір грамматикалық тәсілсіз, интонация арқылы жасалған лепті сөйлем.



Ғажап құбылыс екен!


Ә) Грамматикалық тәсілдер арқылы жасалған лепті сөйлемнің сызығы

Неткен айтқыш тіл!

Лепті сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады. Кейбір сөйлемдер әрі лепті, әрі сұраулы мәнде болады.Мұндай сөйлемнің соңына сұрау белгісі мен леп белгісі қатар қойылады. Жанып тұрған от! Жібермесем сағы сынады-ау! Тәуекел, жіберсем бе екен?!

Бұйрықты сөйлем біреуге бұйыру, не бірдеңені талап ету мақсатында айтылатын сөйлемнің түрі. Бұйрықты сөйлемдер төмендегідей жолдармен жасалады.



  1. Етістіктің бұйрық райының ІІ жақ жекеше, көпше түрі мен ІІІ жақ түрі. Мысалы дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол.

  2. Бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнақтарының жалғануы арқылы.

Түндікті жауып қойшы!

Бұйрықты сөйлемнің интонациялық еркшеліктеріне тоқталсақ, сызбасы төмендегідей:

А) қатал бұйрықты сөйлемнің сызбасы:

Құлат мынау үйлерді!

Ә) Сыпайы бұйрықты сөйлемнің сызбасы

Сен бері қарашы!

Жай сөйлемдер бастауыштың қатысына қарай жақты, белгісіз жақты, жақсыз болып бөлінеді. Бастауышы бар сөйлемдер жақты сөйлемдер деп аталады. Аға сұлтан Шыңғыс төре Құсмұрындағы қыстауына жеткенше асықты... Көп кешікпей әйелі босанды. Зейнептің бұл тұла бойы тұңғышы еді. Жас нәрестені әжесі Айғаным бауырына салды.

Бастауышы жасырын тұратын сөйлемдер белгісіз жақты деп аталады. Кейде қолыма домбыра алып, ән саламын. Қайтқанда арбаға отырды. Бірінші сөйлемде мен сөзі, екінші сөйлемде ол сөзі жасырын тұр. Мүлдем бастауышы жоқ сөйлем жақсыз деп аталады.Уақыт қадіріне жетпегендерді көргенде жылағым келеді. Жастығыңды, мөлдір шағыңды босқа өткізгенің жарамайды.



Тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жай сөйлемдер жалаң, жайылма болып бөлінеді. Тек бастауыш пен баяндауыштан тұратын жай сөйлем жалаң деп аталады. Беті дуылдап кетті. Ол шошып оянды. Қар кетіпті. Бұл сөйлемдер тек бастауыш пен баяндауыштан тұратындықтан, жалаң деп аталады.

Тұрлауыз мүше қатысқан сөйлем жайылма деп аталады.



Шоқан әңгімесін қайта жалғастырды. Тау-тасқа, өзен-суға ат қоюда қазақ ежелден шебер елдің бірі. Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы. Ал бұл сөйлемдердің құрамында тұрлаусыз мүшелер бар болғандықтан жайылма деп аталады. Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемді толымды сөйлем дейміз. Шашубай мерген еді. Толымсыз сөйлем деп ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалған сөйлемді айтамыз.

  • Сенің атың кім?

  • Болат.

Кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды, тек заттың, құбылыстың, мезгілдің мекеннің атауын ғана білдіреді. Мысалы Дала. Егін даласы. Мұндай сөйлемдер атаулы сөйлемдер деп аталады.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне байланысты мынадай жаттығу жұмыстарын жүргіземіз:

Төменде берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай талдаңдар. Сұраулы өйлемдерді лепті, хабарлы, бұйрықты сөйлемдерге немесе керісінше бірімен бірін алмастырып, айтыңдар. Айту барысында интонация өзгерісне көңіл бөліңдер.


  • Қайран, Базекем! – Асыл ағекем!

  • Ардақты арысым! – Қош келіпсің еліңе!

  • Келісің құтты болсын! – деседі.

  • Сөзге сеніп, осы қадамды жасауға тура келді. Әйтпесе патша әйел Балу жайлы біліп қояды.

  • Мейлі, мен-ақ құрбаның болайын!

  • Оның әскері көп пе?

  • Тамаша! Құдай берді , сарбаздарым!

Тұрлаулы мүшелерге байланысты мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:

Көп нүктенің орнына ойдан баяндауыштар құрап, сөйлемдерді аяқтаңдар.



Қазақ халқында есімі елеусіз қалған азаматтар ... Соның бірі – ... Ол өлең – жыр ... Сонымен қатар ауыз әдебиетінің үлгілерін жинады. Қаламгер заңсыз ... Оның мұрағатта көптеген еңбектері ... Ол әжесінің қамқорлығында ... Тоғыз жасында оқуды, жазуды ... Домбыра мен сырнайға қослып ән ... Ол өнерлі қауымның ортасында

Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемдерге айналдыр.



Олар дос еді. Жұптары жазылмайтын. Орман іші тыныш еді. Сендер орындайсыңдар.

Жай сөйлемнің түрлерін өтпей тұрып, мұғалім алдымен жай сөйлем дегеннің не екені жайында, оның өзіндік қандай белгілері бар екендігін түсіндіру үшін тақтаға құрамындағы сөз саны әртүрлі мынандай үш сөйлемді жазып қоюы керек:

Білдім. Бір ғана баяндауыш сөйлем бола алады. Тұрлаулы мүшелер және анықтауыш, толықтауыш пен пысықтауыш қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Сонан кейін осыларды сөйлем деп тануға болатын-болмайтыны, сөйлемдердің құрамына қарай қандай сөйлем екені, әр сөйлемнің неше сөзден жасалғаны, ол сөздердің сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқарып тұрғаны оқушылардан сұрастырылады. Жоғарыда келтірілген мысалдардың жай сөйлем болып тұрғандығына көз жеткізу үшін мұғалім мынандай түсінік береді. Үш сөйлемде бір нәрсе жайында тиянақты ой айтылған.

Жай ғана ойды білдіретіндіктен, олар жай сөйлем деп аталады. Бірінші сөйлем – Білдім. Ол бір ғана баяндауыштан (білдім) жасалып тұр. Екінші сөйлем – Бір ғана баяндауыш сөйлем бола алады, бұл сөйлем бастауыштан (баяндауыш), баяндауыштан (сөйлем бола алады) және анықтауыштан (бір ғана) құрылған. Үшінші сөйлем – Тұрлаулы мүшелер және анақтауыш, толықтауыш пен пысықтауыш қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Бұл сөйлем баяндауыштан (сөйлем дейміз), анықтауыштан (жайылма), толықтауыштан (сөйлемді), үйірлі анықтауыштан (тұрлаулы мүшелер және анықтауыш, толықтауыш пен пысықтауыш) жасалып тұр. Қатысқан сөздер саны көп болғанмен, бұл – жай сөйлем, себебі бірыңғай заттардың бір ғана әрекетін (сөйлем құрау) білдіріп тұр.

Осы түсініктен оқушылар жай сөйлемнің мынандай белгілері жайында қорытынды шығаруы керек:

Жай сөйлемнің бір я бірнеше сөйлем мүшелерінен жасалуы – екінші белгісі.

Жай сөйлемде дара, күрделі мүше де және үйірлі мүше де кездеседі. Бұны оның үшінші өзіндік белгісі деп тануға болады.

Осындай ой қорытындысынан кейін барып, жай сөйлем тұрлаулы мүшелердің қатысына қарай толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы сөйлем болып беске, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді деп, жай сөйлемнің түрлерін оқытуды бастау керек. Жай сөйлемді меңгерту үшін төмендегідей жаттығу жұмыстарын орындауға болады:

а) Сөйлемдерді көшіріңдер. Жай сөйлемдерді тауып, құрылысына қарай ажыратыңдар:

Бесінші сыныптың оқушысы Ермектің әке-шешесі құс фермасының құс өсірушісі еді. Фермада әзірге бір-ақ үйлі жан істейтін. Толып жатқан тауық. Түйетауық және үйрек, қаздарға жем-су беру, олардың астын тазалау, жұмыыртқаларын жинап, орталыққа апарып өткізу, тағы сондай-ақ толып жатқан шаруалардан олар үйлеріне түн ішінде ғана қалжырап оралатын. Содан соң асығыс тамақтарын ішеді де, қылжиып ұйықтауға жатады. Таң қараңғысында қайта тұрады.

Жай сөйлемге байланысты мәтінмен талдау жұмыстары жүргізіледі: Оны көптен бері көргім келіп жүр (Хабарлы, жайылма, жақсыз, толымсыз).

Сонымен қатар қазір кеңінен қолданылып жүрген Н. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдауын» пайдалануға болады. Жай сөйлемге байланысты мәтінмен талдау жұмыстары жүргізіледі: Оны көптен бері көргім келіп жүр. (Хабарлы, жайылма, жақсыз, толымсыз). Оны көптен бері көргім келіп жүр.

Құрылысына қарай: жай сөйлем.



Айтылу мақсатына қарай: хабарлы.

Тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай: жайылма.

Бастауыштың қатысына қарай: жақсыз.

Ойға қатысты мүшелердің толық қатсуына қарай:

толымсыз.

Сөйлем мүшелері: баяндауыш (көргім келіп жүр),

толықтауыш (оны), пысықтауыш (көптен бері),

Екінші тіркес: 1. Оны көргім келіп жүр – меңгеру, толықтауыштық қатынас, жалғау арқылы байланысқан.

2. Көптен бері көргім келіп жүр – жанасу, толықтауыштық қатынас.

Мұндай талдау жұмыстары оқушылардың жай сөйлемдер түрлерін қаншалықты білетінін көрсетеді, әрі ойын жүйелеп, білгенін түрлендіріп, ауызша да, жазбаша да жеткізе білуге дағдыландырады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 П.М. Эрдниев. Укрупнение дидактических единиц в обучении математике.– М.,1986.

2 Микерова Г.Ж. Лингводидактические основы обучения русскому языку по технологии укрупненных дидактических единиц в начальных классах.– Краснодар, 2008.



3 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы: «Мектеп», 1978.

4 Махмұдов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. Алматы.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада өзара бір-бірімен байланысты, ұқсас лексика-грамматикалық бірліктерді ірілендіре оқыту технологиясы қарастырылады.

РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается характер технологии обучения взаимосвязанных лексико-грамматических дидактических единиц.



Каталог: attachments
attachments -> Формирование профессиональных умений и навыков
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет