О Қ ы т у ә дістемес І балабекова Қ


ЖАҢЫЛТПАШТЫҢ БАСҚА ЖАНРЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ



бет7/18
Дата25.12.2016
өлшемі3,69 Mb.
#5262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

ЖАҢЫЛТПАШТЫҢ БАСҚА ЖАНРЛАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Дәуітұлы Т. – аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысын зерттеу, оның қалыптасуы, даму жолдары, көркемдік ерекшеліктері жайлы ғылыми еңбектер жазу әдебиеттану ғылымына қосылған нәтижелі іс деп білеміз. Жаңылтпаштар фольклордың басқа жанрларымен де тығыз байланысты. Халықтық шығармаларды басқа жанрларымен салыстырудың өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Басқа жанрлармен байланысты зерттеу арқылы жаңылтпаштардың тарихи шығу жолын, даму және өзгеру жолдарын байқаймыз.

Кейбір шешендік сөздер мен қанатты сөздердің және ертегілер мен мақал-мәтелдердің төркіні осы жаңылтпаштармен де ұштасып, жалғасып жататынын көруге болады.

Жаңылтпаштардың басым көпшілігі халық өлеңдерімен байланысты айтылады. Тіпті аллегориялық сипатта айтылатын халық өлеңдері көбіне жаңылтпаштарға жақын болады. Әсіресе, қазақ халқының айтыс өлеңдерінде жаңылтпашпен айтылатындары өте көп. Мұнда ақындық өнермен қатар, өмірді көп біліп, көп көрген айтысушы адамның парасаттылығы мен білімділігін қажет етеді.

Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдер тілі көркем жанрға жатады. Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің ең көне түрі, ол ғасырлар бойы сақтап келген халықтың еңбек тәжірибесінің жиынтығы, түйіндеп айтқан ой-пікірінің түйіні, өмір, тіршілігінің айнасы, өмірлік өшпес мұрасы. Мақал-мәтелдердің жаңылтпаштардан айырмашылығы өміршеңдігі – тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөз бен көп мағына беретіндігінде, еске сақтауға оңай болатындығында. Сондықтан да халық “Сөздің көркі – мақал”, «Мақал – сөздің мәйегі» деп бағалаған. Мақал-мәтелде көбінесе ортақ ой, анықталған қағидалар айтылады, формасы жағынан тілге жеңіл, ырғақ, ұйқасқа құрылады.

Ал жұмбақ – халық шығармаларының ішіндегі ең көнесі және барлық елдің фольклорында кездеседі. Жалпы жұмбақты – сөз образының кілті ретінде тануға болады. Жұмбақ негізінен балаларға арналған жанр болып табылады.

Жаңылтпаш – астарлы сөз, әсем жыр. Жаңылтпашта қарапайым халықтық тіл өрнектеледі. Олай болатын себебі – белгілі бір құбылыс, зат жаңылтпашталғанда, оның сипатын, кескін-кейпін, мейлінше түсінікті тілмен беру көзделеді. Жаңылтпаш – бала тілін дамыту құралы. Жаңылтпаш ықшамдылық талабына мейілінше бұлтартпастай жауап береді.

Мінсіз жаңылтпаш – мінсіз суреткерлік жемісі әрі оның дарындылық белгісі. Бұдан шығатын қорытынды, жаңылтпаш қай жанрға болса да ортақ, ағайындас есепті, солардың бәрімен де қатар дамып, халық ойының данышпандық асыл қазыналарын өз бойына жинаған мұра.

Міне, осындай қазақ фольклорының күллі мәселелеріне арналған еңбектерде де әр қырынан қарастырылса да, әлі күнге дейін біртұтас құрылымы сараланған жоқ. Сондықтан қазақ халқының бай фольклорлық мұрасын зерттеу фольклортану ғылымындағы кезек күттірмес мәселенің бірі болып табылмақ.

Қазақ фольклорының жекелеген жанрлары бойынша көптеген ғалымдарымыз ғылыми зерттеу еңбектер жазды. Жаңылтпаштардың балалар фольклорынан алатын орны айрықша. Бала тәрбиелеуде бұл жанрдың ерекше маңыздылығына халық ертеден үлкен мән берген. Қазақ халқы балалар тәрбиесіне, ұрпағының саналы болып өсуіне жіті көңіл бөлген. Бұл ұғымды саналы ұғынған қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін бала дүниеге келген күннен бастаған. Мұндай тәлім-тәрбие жүргізу ерте кезден қазірге дейін жалғасып келе жатқан құнды дәстүріміздің бірі. Мұны, әрине, қазақтың қазыналы ауыз әдебиеті үлгілерінен көре аламыз.

Ұлтымызда балаларға арналған әдебиет пен өнер түрлері аса мол. Олар сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да бағалы жауһарлар санатына жатады. Ауыз әдебиетінің жанрлары көп жағдайда өзара бірігіп, бір-бірімен араласып, бірін-бірі толықтырып, балалар үшін ұтымды қызмет атқарып тұрады. Балалар ауыз әдебиетін жинаушы әрі зерттеуші С. Сейфуллин өзінің «Жұмбақ айтысу», «Жаңылтпаш», «Балалар ойыны», «Жастық ойын, күлкі өлең тақпақтары» деген еңбектерінде бастан-аяқ балалар ауыз әдебиетіне тән мұраларға ғылыми талдаулар жасаған.

«Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкі «дүкенін» құрған орында айтылатын айтыстың бірі – жаңылтпаш. Бұл да – ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрізді жастардың, балалардың тіл ұстартуына, ойнақы, қырлы сөздерді қақпақылша атқылап, билеп еркін сөйлеуге төселулеріне өз әлінше әдемі сабақ, тәжірибе болатын ойын. Ойнақы, қырлы, қиын дыбысты сөздерді билеп еркін сөйлеуге төселу ретінде балаларға, жастарға жас басынан сабақ-ойын болатын нәрсе әсіресе осы – жаңылтпаш» – дейді С. Сейфуллин.

Жаңылтпаш - қазақтың ұлттық құндылығына да, ауыз әдебиетінің құндылығына да тән мұра. Жаңылтпаштар балалардың тілін дамыту және оларды жан-жақты тәрбиелеу қажетінен туып, бала тәрбиесі үшін қызмет еткен. Жаңылтпаштардың ықпалы, тәрбиелік күші жағынан жасөспірімдерді тәрбиелеудің ең маңызды белесіне айналды.

Жаңылтпашты зерттеуші ғалымдардың ой-пікірлеріне, ғылыми тұжырымдарына қарағанда жаңылтпаш та жұмбақ, мақал-мәтел сияқты фольклордың шағын жанрына жатады. Жаңылтпаш сөздер мен дыбыстарды қиындата қайталау, айтқанда тілді мүдіртіп тұтықтандыратын сөйлемді немесе сөйлемнің бөлігін шапшаң, жиі қайталау арқылы тіл ширатуға, тіл ұстартуға лайықталады. Жаңылтпаш дүниежүзі халықтарының бәрінде бар. Бірақ жаңылтпаштың қай тілдегі атауына зер салсаңыз да, оның ауыз әдебиеті үлгісінің ортақ табиғатынан өрістеп жатқанын байқау қиын емес.

Жаңылтпаш тіл дамыту мен ширатудың, әсіресе бала тілін ұстартудың тиімді құралы, дәстүрлі жолы десек, ондағы мағынасыз сөздер мен дыбыстардың ермек үшін айтылатын ретсіз жиынтығы емес. Жаңылтпаштар белгілі бір желіге құрылады да жүйелі өзіндік оқиға нышанын сөз етеді. Жаңылтпаш жанрының дәстүрлі тәлімдік-тәрбиелік мектебіне айналу мәнісі, әрине, оның танымдық қуаты мен тәрбиелік маңызынан, көркем бояулы эстетикалық күшінен, ойлы-сезімді тереңдігімен айқындалады деп түсінеміз. Сонымен қатар, дүние сырларын танытып, білім берерлік, білік-дағды қалыптастырарлық ерекшелігі де бар. Жаңылтпаш ана тілінің бай қорын, мол мұрасын бала жастан игеруге, жатық сөйлеп, тіл саздылығын тануға көмектеседі, көркем сөзді қастерлеуге тәрбиелейді.

Бала танымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып дұрыс сөйлеуге үйретуде жаңылтпаштың орны ерекше. «Жаңылтпаш – ауыз әдебиетінің балалардың тілін жаттықтыру мақсатындағы жанры. Бала тілінің жетігіп-жетілуіне, оралымды, анық сөйлеуіне, ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауына баулиды», – деген анықтама берілген.

Жаңылтпаш ерте заманда пайда болған жанр. Жаңылтпаштардың алғаш хатқа түскен үлгілерін Ә. Диваев, М.Ф. Гаврилов қолжазбаларынан кездестіреміз.

А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде жаңылтпашқа мынадай түсініктеме береді: «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма – жаңылтпаш деп аталады».

Ал, Н. Төреқұлов дидактикалық шағын жанрларға мақал-мәтел, жұмбақ пен жаңылтпашты жатқызады. «Жаңылтпаш халықтық поэтикалық шығармалардағы фольклордың шағын жанрына жататын, дыбыс үйлесімділігіне негізделген, тез және айқын айтылуы қиын сөздер тізбегі» – деген анықтама береді.

Қазақ балалар әдебиетін зерттеуші Ш. Ахметов: «Бұл жанр тек қана балалар әдебиетіне арналған, көбіне мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайықты. Олай дейтініміз жеке дыбыстар мен айтылуы қиын кейбір сөздерді дұрыс сөйлеуге үйрету – көбіне балаға ғана тән нәрсе. Мұнда міндетті түрде оқыту арқылы ғана емес, баланы талғамы күшті қызық та көркем сөздерге әуестендіру, соған еліктіру арқылы жаттығу жүргізу үшін қолданылған шеберлік бар», – дейді.

Жоғарыдағы айтылған ой-пікірлерге қарағанда жаңылтпаштардың негізінен балаларға ғана тән мұра екендігін дәлелдейді.

«Балалар ойынының қызықты да пайдалы түрлерінің бірі – жаңылтпаш. Жаңылтпаш балаларға жастайынан ана тілінің бай қорын игеруге, таза, майда, анық әуенді, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді», – деп тұжырымдайды ғалым С. Ұзақбаева.

Балаларға арналған шығармалардың тілі, ең алдымен, өзінің ана тілін жетік білуге, сөздік қорын байытуға, жүйелі түрде қисынды сөйлеуге баулитын құрал болуға тиісті. Балаларға арналған өлеңдер ойнақы, тілі қызықты да қарапайым болуы шарт.

Жұмбақ – бейнелігімен, қысқалығымен, ойнақылығымен ерекшеленетін белгілі бір поэтикалық пішінге негізделген асыл мұра. «Жұмбақ өзге фольклорға қарағанда бітімі бөлек, ерекше затты деректі сөз. Сол деректілікті сүйетіндіктен жұмбақ әр заттың жағдай, бөлім-бөлшектеріне көбірек көз салады. Сонда және халық өзіне керекті жақындығы бар заттарды көбірек жұмбақ етеді», – дейді М.Әуезов. Жұмбақ әдемі ұйқасы, құрылысы жағынан аз сөзбен көп нәрсені қамтитындығы жөнінен балаға көп эстетикалық әсер береді.

Жұмбақ – көркем поэтикалық туынды болғандықтан, ол баланың ой-өрісі мен арман-қиялын шыңдаумен қатар, оған эстетикалық тәрбие беріп, көркем сөз табиғатына үйретеді. Бұл орайда жұмбақтың ерекшелігіне байланысты айтқан ғалым Ш. Керімнің ғылыми тұжырымына сүйенеміз: «Жұмбақ көне дәуірлерде дүниеге келген. Ғалымдар оның тегін тыйым сөздер – табумен байланыстыра қарайды. Ол адамды табиғат құбылыстарын түсініп болмаған, айналасындағы қас күштердің қастандығынан қауіптеніп, оларды алдау керек, сондықтан астарлап сөйлеу керек деп иланған уақытта шыққан. Қазақ жұмбағының алғашқы пайда болғаннан бүгінге дейін басып өткен эволюциялық даму жолын қалпына келтіру үшін этнографиялық мағлұматтарға, басқа жұрттардың мәліметтеріне арқа сүйеу абзал. Жұмбақ қоғамда бірнеше қызмет атқарған, заман ағымына сәйкес қоғамдық қызметіне өзгерістер еніп отырған. Ескі кезеңдерде магиялық қызметі басым болса, қазақтың көшпелі қоғамында эстетикалық-сауықтық жүкті арқалаған. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің сүйспеншілігіне бөленіп, тәлімгерлік міндетті көтеруде». Сөйтіп, ұлттық дәстүрлі бояулардан ажырамаған байырғы жанрлық жүйелер үлгілерін жоғалтпаған фольклордың өміршең болмысы бүгінгі және болашақтағы ұрпақтарды өзіне табындыра береді. Осылайша қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерінің барысында баланың ой-санасы да, интеллектісі де, дүниетанымы да, логикасы да ұштала, жетіле түседі. Жұмбақ пен жаңылтпаштың астарында жатқан ойды аңғарып, ой қорытындысын жасау алғашқы кезде балаларға қиынырақ болуы мүмкін. Бірақ үлкендердің көмегімен бала тұспалды мағынаны тануға бірте-бірте үйрене бастайды. Соның нәтижесінде кейін бала әрбір жұмбақ пен жаңылтпаштың, немесе өзге де жанрлардың байыбына барып, мазмұнына терең үңіліп, қорытынды байлам жасауға төселе бастайды. Бұл бір жағынан баланың ақыл-ойын, санасын, логикасын дамытып, екінші жағынан оған рухани, эстетикалық тәрбие береді.

Ауыз әдебиеті жанрлары сияқты мақал-мәтелде халық даналық ойларын балаларға арнады. Мысалы, «Бала – бауыр еті, көздің нұры» деп босқа айтпаған. Халықтың бұл тәріздес мақалдары жас ұрпаққа арналған үгіт, ақыл-өсиет болып отырады.

«Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» деп баланы дұрыс бағытқа жөн сілтеп, тәрбиелі болуға үгіттеп отырған.

Баланы тәрбиелеудегі негізгі мақсат оны алдымен білімге, өнерге баулу, еңбек үдерісімен таныстырып, еңбек етуге үйретуді көздейді. «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес» деп қай нәрсенің де еңбексіз қолға түспейтінін балаға ой салып, өмір танытады.

Мақал-мәтелдер поэтикалық құрылымы жағынан жұмбақтарға ұқсас. Әсіресе қазақтың мақалдары мен мәтелдерінің көбі өлең сөзден құралған десек, артық айтқандық емес. Жалпы мақал-мәтелдер дүниетану жолында баланы ойға, қиялға шомдыратын, іске, әрекетке баулитын жанр.

Егер қазақ балалар фольклорының бай мазмұнды, поэтикалық өрнегі тұрғысынан қарасақ, мақал-мәтелдердің ішкі құрылымы, өзіндік ерекшеліктері сан-салалы, біз оның балалар әдебиетіндегі бір қырына ғана тоқталдық.

Бала тәрбиесіндегі санамақтар да үлкен орын алады. Санамақтар туралы Ә.Табылдиев былай дейді: «Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді».

Санамақтар баланы әдемі сөйлеуге дағдыландырса, жаттау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамытады. Санамақ тәртібін бұзбай айту балаларды аңғарымпаздық қасиетке баулиды. Санамақ балалардан белсенділік пен алғырлықты талап ететін жанр.

Сен кір, сен шық, – дегенде бала санамақты тыңдап қана қоймай, оны қайталайды, сол арқылы сандарды таниды, жаңа бір ұғымдармен танысып, дүниетанымын кеңейтеді, есте сақтау қабілеті мен тілін жаттықтырады. Өйткені санамақ қарапайым сандар мен сөздердің жиынтығы ғана емес, ол – көркем сөзбен кестеленген тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шағын поэтикалық шығарма. Санамақтар көп ретте реттік сандармен басталады.

Бір дегенім – бесік,

Екі дегенім – есік,

Үш дегенім – үміт,

Төрт дегенім – мүлік,

Бес дегенім – батыр,

Алты дегенім – ақыл,

Жеті дегенім – жалау,

Сегіз дегенім – сұрау,

Тоғыз дегенім - толғам,

Он дегенім – орман...

Он жасында талайлар,

Елге қорған болған! – дегенде

атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне санға аты ұйқасқан заттарды танып біледі. Екіншіден, саусақ ойыны баланы сан үйренуге ынтықтырады.

Бір дегенің – білеу,

Екі дегенің – егеу,

Үш дегенің – үскі,

Төрт дегенің – төсек,

Бес дегенің – бесік,

Алты дегенің – асық,

Жеті дегенің – желке,

Сегіз дегенің – серке,

Тоғыз дегенің – торқа,

Он дегенің – оймақ,

Он бір қара жұмбақ.

Санамақтардың түпкі негізі осылай халықтық педагогикамен байланысып жатады. Санамақтардың да өзіндік туу заңдылықтары бар. Олар бала өмірінің қажетін өтеу үшін туады да, баланың әр кездегі жас мөлшеріне, психологиясына лайықталып айтылады. Жоғарыда алынған үзінділердегі санамақ бала санасына сіңіп, оның ұғымын, түсінігін де кеңейтеді.

Санамақ жыры балаға сан үйретуден басталады. Мұнда сандар жеке айтылмай, кейде атауы ұқсас екінші бір затпен қосақталып, («Бір дегенім – білеу, Екі дегенім - егеу» деген сияқы), кейде сан тәуелдік және атау түрінде өзара тіркесіп «Бірім-білім, екім-екі, үшім-үш» түрінде қайталанды.

Мұның бәрі жас баланың санды тез жаттап алуына қолайлы болуын көздейді. Бала ұғымын, түсінігін кеңейтуде, оның тілін, ойын дамытуда, оларды үлгілі істерге тәрбиелеуде санамақтар да маңызды рөл атқарады. Санамақтар құпиясы баланы әрқашан қызықтырып, ілгері жетедейді. Сол негізде санауға үйретеді. Мұндай санамақтар бала ойын ұштайды.

Ақын Әбдіраштың Жарасқаны санамақтарында балалардың іс-әрекетінен туатын оқиғаға құрап отырып, бала ұғымын өсіру мен тілін дамытуды тереңдете түседі.

Қиын пәннен сұралып,

Қалады Қанат «бір» алып,

Сөйлеймін деп бет алды,

Самат одан «екі» алды.

Мен де сөзден тұсалдым,

Өліп-талып «үш» алдым.

Тастамайтын бар пәнді –

Таңат болса «төрт» алды.

«Озатымыз» қашанғы –

Орақ болса «бес» алды.


Жауап таппай қиналып,

Жасыма сен осалдық.

Барлығымыз жиналып, –

Айтып берші, неше алдық?

Автор бала психологиясын жақсы біледі. Санамақтарында ақын оның бала тәрбиесіне қажетті сәттерін тап басып, тапқырлықпен суреттейді.

Балаларға арналған мұндай санамақтарды тек ауыз әдебиетінен ғана емес, жазба әдебиетінен көптеп кездестіреміз.

Сондықтан балаларға лайықталған ауыз әдебиетінің түрлері олардың ой-өрісінің кеңеюіне, бірте-бірте заттар мен құбылыстарды тануына, тіл ұстартуына өлшеусіз әсер етеді.

Жаңылтпаштар кейде басқа жанрлармен бірге келетіндігі бар (мысалы, ертегі эпикалық шығармалардың ішінде) бұл тұрғыдан алғанда поэтикалық образды түзуде негізгі бейне қатары, көркем бояу беріп тұратын рөлді атқарады.

Жаңылтпаштарды халықтық шығармалардың басқа жанрларымен салыстыру оның өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Басқа жанрлармен байланысты зерттеу арқылы жаңылтпаштардың тарихи шығу жолын, өсуін және өзгеріс жолдарын байқаймыз.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада жаңылтпаш жанры мақал-мәтелдер, жұмбақ, санамақ сияқты басқа жанрлармен салыстырыла келе, өзіндік белгілері, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын қарастырады.
РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются своеобразие, различие и схожесть скороговорок в сравнительном анализе с пословицами-поговорками, загадками, считалками и с другими жанрами.



1970-80 жж. ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ НЕОРОМАНТИКАЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯ
Жанұзақова Қ.Т. – ф.ғ.к., доцент (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті романтизмнің дамуындағы жаңа сапалық дәуір, жаңа белес болды. Бұл кезеңдегі проза көркемдік ізденістердің күрделі де белсенді процесімен, тенденциялардың молдығымен ерекшеленеді. Осы тұстағы романтизмді ХІХ ғасырдағы дәстүрлі төңкерісшіл романтизмнен өзгешелеу – шартты түрде философиялық сипаты басым жаңа романтизм, яғни неоромантизм деп атауға болады. Ол әсіресе 1970 жылдары жаңа өріс алды. Оны модернистік ағымның ішкі бір тенденциясы ретінде көрінді деуге болатын сияқты.

1970 жылдары қазақ прозасы идеологияның «тар шеңберінен» бұзуға талпынды. Қоғамда орын алған күнделікті жалаң ұраншылдық пен халықтың сергек санасының арасындағы қайшылық, идеал мен нақтылықтың өзара сәйкес келмеуі неоромантизмді тудырды. Жазушылар саясат нұсқаған азаматтық, әлеуметтік тақырыптардың қалыбынан шығып, өткен дәуірлердің мәдени мұрасына жаңа мазмұн берді, философиялық ізденістер мен әлеуметтік-адамгершілік тақырып ауқымын кеңейтуге тырысты.

Романтикалық бейнелеу тәсілінің жаңа сапаға ие бола дамуы романтизмнің мүмкіндіктерін игеру жолындағы алуан түрлі көркемдік ізденістердің нәтижесі еді. Қазақ прозасында бірқатар жазушылардың, атап айтсақ, О.Бөкеев, Т.Әбдіков, Д.Исабеков, Р. Тоқтаров, Д. Досжанов, т.б. шығармаларында неоромантизмнің белгілері көрінді. Неоромантизм романтизммен тақырыбы мен сарыны жағынан да, жалпы принциптері мен поэтикасы жағынан да тығыз байланысты. Олар: пендешілік пен күйкі тірлікке, тоғышарлыққа қарсы шығу, болмысқа қанағаттанбау, өз ортасына қарсы шыққан романтикалық кейіпкер, иррационалды дүниеге назар аудару, гротеск пен фантастикаға, мифологизмге деген ықылас, жаңа көркемдік тәсілдерге бейімділік, т.б.

ХХ ғасыр әдебиетіндегі неоромантизмді тудырған әлеуметтік толғақ – тоқырау кезеңі, қысылшаң қоғамдағы тәртіп, жеке адамды тәңір тұту, табыну дәуірі. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде неоромантикалық бейнелеу тәсілдерінің, принциптерінің көрініс беруі қоғамда болып жатқан құбылыстарға қанағат етпеуден, кеңестік тоталитарлық жүйеге көңілі толмай, іштей қарсылық білдірудің нәтижесінде болған еді. 1960-70 жылдардан бастап суреткерлер ұлттық сананы ояту мақсатында халықтың өткен рухани тәжірибесіне, тарихи бастауларға, мифологиялық бағдарға бет қойды. Кеңес әдебиетінде дәуірлеген социалистік реализм әдісі тұйыққа тірелгенде, жазушылар мифтік шығармашылықты дүние, болмыс туралы ой толғаудың тәсіліне айналдырды. Қазақ жазушылары адам мен әлемнің сырын бейнелеуде қалыпты формалардан бас тартты да, оны философиялық пайымдаулар мен мифологиялық таным тұрғысынан игеруге күш салды. Мұның өзі жазушылардың «белгілі бір мәдениеттің, белгілі бір тарихи дәуірдің құбылысы» болуымен де байланысты болды /1, 15/.

Мифологизм халық бойында ғасырлар бойы жинақталған көркемдік танымды, рухани ізденістерді жеке тұлғаның, адамның жұмбақ болмысы арқылы өткізіп, бүгінгі күннің тәжірибесімен, өмір құбылыстарымен синтездеп қорытты. Көркем шығармадағы қақтығыс адам мен адам, адам мен қоғам, адам мен табиғат арасында өтті. Суреткердің негізгі назары әлеуметтік өмірден гөрі рухани кеңістікке ауды және жеке тұлғаның ішкі әлемі күрделі рухани құрылым ретінде қарастырылды. Қаламгерлер өмір шындығын суреттеуден гөрі өмірдің мәні мен жаратылыс жұмбақтары туралы ой толғауға ойысты. Қазақ прозасында рухани түлеу, рухани жаңғыру тақырыбы тереңдей түсті.

Кеңес әдебиетінің алғашқы даму тұсында романтизмнің жете бағаланбауы кейіннен 1960-70 жылдары да көрініс берді. Әрине, ХХ ғасырдағы романтизм ХІХ ғасырдағы романтизміндей тым оқшау, тым «таза» емес, өзіндік сипатта дамығанын ескеруіміз қажет. ХІХ ғасырдағы көтеріліске үндеген романтизмнен ерекшелігі ХХ ғасырдағы жаңа сипаттағы романтизмінің «философиялық салмағы», ондағы мифологизмнің үлесі басымырақ көрінді /2, 165/. Романтикалық тенденция басқа да модернистік көркемдік тәсілдермен, реалистік тенденциямен алмағайып араласып келіп отырды. Қазақ прозасында түрлі көзқарастардың, көркемдік жүйелердің өзара жарысуы мен тоғысуы әдебиетті жаңа сапаға көшіріп, жаңа деңгейге көтерді.

Осы тұста қазақ прозасында суреткерлердің жеке шығармашылығында, нақты бір туындыларында реалистік және романтикалық бастаулардың сан қилы байланысқа түскен мысалдарын бақылауға болады. Мұның астарында адам мен қоғам, жеке тұлғаның рухани ұмтылыстары мен әлеуметтік әрекеттері арасындағы алуан түрлі қарым-қатынастары жатыр. Романтизм басқа да әдеби әдістермен күрделі синтезге түсіп, модернистік таныммен трансформацияланып, тамырласып жатты. Нақты қаламгер туындыларын белгілі бір әдістің қазығына байлау, тек романтизмге, я таза реализмге, т.б. жатқызу тәжірибелерінің жеміссіз болатыны да сондықтан.

Әлем әдебиетіндегі Рабле, Боккаччо, Лопе де Вега, Шекспир мен Сервантесті замандастары романтик-жазушылар деп таныған. Қазіргі әдебиеттануда зерттеушілер оларды реалистер деп қабылдайды. Бұл анықтаманың қате болғаны ма сонда? Жоқ, әрине. Шындығына келгенде, бұл ұлы суреткерлер әрі романтик, әрі реалист болған. Әңгіме тек осы бейнелеу тәсілдерінің ара-қатынасында ғана.

ХХ ғасырдың екінші жартысында кеңес әдебиетінде ХІХ ғасырда орыс әдебиетінде, батыс Еуропа әдебиеттерінде орын алған жағдай байқалды – мифтік шығармашылық неоклассицизмнің (социалистік реализмнің) догмалары мен схемаларына қарсылықтың, оппозицияның нәтижесінде өзіне жаңа жол тапты. Қазақ прозасындағы мифтік шығармашылықта романтикалық ізденістердің рухы оянып, көзі ашылды.

Алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан мифтің өркениет дамыған бүгінгі таңда өзінің бастапқы қалпын сақтап қалмасы түсінікті жайт. Архаикалық мифтердің трансформациялануы көркем әдебиетке мифтік шығармашылықты биік өнер ретінде бағалауға, әлемдік мәдениет қатарынан орын алуда жаңа мүмкіндіктер туғызды. Бірақ шығарманың романтикалық белгісін бір ғана аңыздық желі арқылы анықтау арқылы аздық етеді. Мифтік мазмұны аралас келетін шығармалардың баршасына романтизм таңбасын оп-оңай баса салу шарт емес. Өйткені романтизмнен басқа әдеби бағыттарда да мифтік, фантастикалық элементтерді қолдану үрдісі бар. Алайда «мифологизм – романтизм қырларының бірі, бірақ шешуші қыры емес. Оның толыққанды болуы үшін романтикалық шарттылық қажет» /3,149/.

Мифтік, аңыздық сюжеттердің 1970-90 жылдары көркем шығармада дамуы, өрістеуі шартты түрде болды. Мифологизмге жақын жазушылардың көбіне ортақ қасиеттер: «өткенге де, болашаққа да қатысты ауқымды философиялық жинақтауларға бейімділік; халық ауыз әдебиетінің поэтикасымен, эстетикасымен ішкі үндестік; көтеріңкі – эмоциялық, романтикалық стильге жақындық ... Анығын айтқанда, мифотворчествоға барып жүрген кейбір жазушыларды «таза» – дәстүрлі реалистер қатарына жатқызуға да бола бермес» /4, 6/.

Мифтік шығармашылық ХХ ғасырда жаңа көркемдік деңгейге, сапалық қасиеттерге қол жеткізді. Адамзаттың бала кезінен жасаған рухани дүниесі болып саналатын мифтер мен фантастика қаламгер үшін жаңа көркемдік мақсатта ғана емес, бүгінгі күн мәселелерін шешуде трансформацияланып, жаңғырып, жалғасын табуда.

Көркем ой тәжірибесінде аңыздар мен мифтер көркем әдебиеттің әр жанрына терең сіңіп, өзінің символикалық және аллегориялық мән-мағынасымен баса назар аударуда. Көркем әдебиетте бұл форма түрлі жағдайларға байланысты, жазушының қажетіне қарай қолданыс табады. Қазіргі қазақ әдебиетінде жазушылар халық шығармашылығының дәстүріне сүйене отырып, тың, жаңа әдебиетке тән жаңа «ертегі», «аңыз» жасайды. Аңыз-әңгімелерді пайдалануда болсын, оларды жаңадан «жасауда» болсын, жазушылар ұстанатын басты принциптер өзара жақын. «Аңыз-ертегілік үлгілер бір шығармаларда өмір шындығын суреттеудегі көптеген амал-тәсілдердің бірі ретінде қолданылса, басқа бір шығармаларда «авторлық идея мен объективті идеяның жарыса дамып, тоғысып түйісер арнасына айналады» /5, 70/.

Кеңес дәуірінде әдебиет адамтану құралы емес, саясаттанудың идеологиялық құралына айналғанда жазушылар аңыздар мен мифтерден адам рухын ардақтайтын терең философиялық жинақтаулар, мәңгілік уақытпен үндесетін тың тақырыптар тапты. Жазушылардың қолдануындағы «аңыздық, мифтік сюжеттердің кей кездері символдық образдар арқылы берілуі, шығарма кейіпкерлерінің бейнелілік бітіміне нұқсан келтірмейді. Аңыздан ақиқат іздеген суреткер оның бетіндегі бүркеусіз тұрған бітімін емес, жұмбақ сыры жатқан ойыңды ойран, ақылыңды айран ететін астарынан символдық жұмбақ бейнелерден мән-мағына табуға ұмтылады» /148, 81/.

Зерттеуші А. Ісімақова осы турасында: «...Миф поэтикасы бүгінгі күнді терең уақыттық межемен байытады, әрекет етуші мәдени метафоралар мен ассоциациялар қорын кеңейтеді. Нәтижесінде бір кездері мағыналық мән алған поэтикалық формулалардың (архетиптердің) «жандану» процесі жүреді /6, 382/ дейді.

Қазіргі қазақ прозасында мифтік бастаудың әсері күшті. Қаламгерлер өз шығармаларында аңыз-әңгімелерді, діни көне сюжеттерді кеңінен қолдану үстінде, бұл өз кезегінде олардың шығармаларындағы кеңістіктік-мезгілдік өлшемдердің күрделенуіне әкелді. Бұл ретте қаһармандардың ішкі әлемінің ұңғыл-шұңғылын, олардың жан дүниесінің, санасының, жадының, қиялының кеңістіктерін зерттеуге назар аудара бастады. Бұл бір жағынан адаммен байланысты философиялық мәселенің түп негізіне бойлауға, екінші жағынан жеке уақыт пен кеңістіктің шекарасын жылжытуға мүмкіндік берді.

ХХ ғасыр әдебиетінде қоғамда қалыптасқан саяси, экономикалық жағдайлардың, ядролық жарылыс қаупінің, экологиялық апаттың күшеюіне байланысты адам болмысының константаларын қайта қарау процесі жүрді. Адам өткеннің, қазірдің және болашақтың тоқайласар нүктесінде бейнеленіп, ал оның ішкі әлемі тарихи уақытпен, мифпен бірлікте қарастырылды. Мифологизмнің өз дәуіріндегі қоғамда бел алған рухани бастауға қарсы, адамзат дамуына кері әсерін тигізетін жат құбылыстарды әшкерелеудегі көркемдік қызметі ерекше. Миф бүгінгі өркениеттің даму сатысында қайталанбас жаңа мазмұнға ие. Ол жаңа қасиеттермен толыға түсті. Ең алдымен, мифологизм өсиетшілдіктен, дидактизмнен, ақыл айтушылықтан арылды. Мифтік сюжеттер шығармада бүгінгі күннің күрделі де қарама-қайшылығы мол адамгершілік, рухани жағдайымен үндес келеді. Қазіргі қазақ романындағы мифологема метафора ретінде, қазіргі болмысты жалпы адамзаттық адамгершілік тәжірибесі контекстіне енгізудің қандай да бір көркемдік тәсілін айқындау факторы ретінде көрінеді.

Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр прозасында мифопоэтикалық формаларды қолдану мен пайымдауында романтикалық дәстүрлердің ізі көрінеді. Неомифологизм феномені, яғни жаңа кезеңнің мифі ретінде қабылдайтын мифологиялық универсалиилер қазақ қаламгерлерінің шығармаларынан да айқын таныла бастады. Қазақ жазушыларының шығармаларында романтикалық мифологема белгілі бір уақыттың, тарихи дәуірдің шеңберінен тыс рухани бағдар, халықтың рухы мен рухани өмірін бейнелейтін көркемдік құрал ретінде қолданылды. Қазақ прозасында романтикалық мифопоэтикалық формаға бүгінгі өзекті мәселелердің ену формасы сан түрлі болды – авторлық шегіністер, толғаныстар, символдар, аллегориялар поэтикасы, т.б.

Қазақ романтиктерінің шығармаларында Еуропа романтизміндегідей ертегілік сипат пен мистицизм мотивтері молынан ұшыраспайды. Бірақ қазақ прозасында да көркем шығарманың құрылымында романтикалық мифологема трансформацияланып, күнделікті болмыстан тыс поэтикалық биікке көтеріліп, жоғары формадағы универсум жасай алды. Өткен дәуірлердің рухани тәжірибесін, рухани уызын жинақтаған мифология жазушылардың өзін-өзі бейнелеуінің де тәсіліне айналды.

Қазақ әдебиетінде мифті тудырушы жазушылардың алдыңғы қатарындағы Ә. Кекілбаевтың («Дала балладалары», «Аңыздың ақыры»), О. Бөкеевтің («Қар қызы», «Мұзтау»), С. Санбаевтың («Аңызды аңсағанда», «Көп-ажал), т.б. шығармалары ерекше «ойындық» стилімен, жанрлық шекараларының бұлдырлығымен, бұрынғы эстетикалық және идеологиялық қалыптың шеңберінен шыға білу қасиетімен ерекшеленді. Егер Ә. Кекілбаев туындыларында дүниенің, әлемнің романтикалық концепциясын байқасақ, О. Бөкеев туындыларындағы табиғаттың романтикалық мифологиясы концепция деңгейіне жеткен. ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасында аңыздық желілер, мифопоэтикалық формалар тарихи-реалды уақытқа негізделген түрде ғана емес, шығарма логикасынан шет тұра беретін автономдық мағынасын күшейте түсті. Мифологизмді қазақ жазушылары болмыс жұмбақтары мен өмірдің мәнісі туралы философиялық ой айтудың тәсілі тұрғысынан өрістетті.

Егер қазақ жазушылары бір жағынан, өздерінің жаңа авторлық мифтерін жасай білсе, екінші жағынан, олар ескі аңыздарды міндетті түрде қайта жаңартып, түрлендіріп, өзгертті. Кейде миф шығармаға тұтастай арқау болады. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы тұтасымен бүгінгі заман ыңғайына қарай бейімделген ұлттық мифке құрылып, өткінші емес, мәңгілік құндылықтарға арқа тірейді. Ә. Кекілбаев прозасында тарихта болған дерек пен романтикалық қиял, терең гуманистік дүниетаным, реалистік баяндау мен аңыз-әңгімелер жымдаса өріледі. Жазушының жаңалығы мен көркемдігі шығармаларының жанрлық сонылығында, поэтикалық стиль табиғатында, тіл құнарлығында, философиялық сарынында.

Қазақ әдебиетінде романтикалық сарындағы шығармаларда өз дәуірінің маңызды мәселелері сан алуан мифологиялық, символикалық жинақтаулармен, болмыстың мәңгілік мәселелерімен астасып, сабақтасып жатыр. С. Санбаев туындыларында романтикалық мазмұндағы аңыз-әңгімелер идеалды әлем мен реалды әлемдерді қатар түйістіре отырып, өткен күндерді бүгінгі күн аясында қарастырады. Ол аңыз-әңгімелер арқылы халықтың рухани дәстүрінің мәңгілік жалғастығы мен сабақтастығы туралы ойды негіздейді. С. Санбаевтың ерекшелігі – мифопоэтикалық форма арқылы тарих пен адам рухының терең бірлігін бойында жинақтаған идеалды әлем жасауында.

М. Ысқақбай повестерінде мифологиялық аллегорияның мағынасы шығарма мәтінінің астарына, ішкі терең өзегіне ауысты. Оның жинақтаушылық ауқымы, символикалық мәні тереңдей түсті. Ә. Кекілбаев шығармаларында («Дала балладалары», «Аңыздың ақыры») романтикалық мифологема бүгінгі күннің өзекті рухани-адамгершілік мәселелерін өткен дәуірлердің ауқымында бейнелеу мақсатында қолданылған. Жазушы мифтердің экспрессивтік тіл көркемдігін, эстетикалық-эмоционалдық қуатын шебер пайдаланады. Романтикалық мифологема көркем шығармаға көркем кестелі тіл, эстетикалық, идеялық мазмұн, терең эмоционалдық-экспрессивтік мән-мағына дарытты.
ӘДЕБИЕТТЕР

1 Федоров Ф.П. Романтический художественный мир: пространство и время. – Рига: Зинатне, 1996. – 108 с.

2 Кодаров А. Романтизм – вчера и сегодня // Простор, 1985. – С. 163-168.

3 Волков И. Творческие методы и художественные системы. – М.: Исскуство, 1989. – 250 с.

4 Садықов Х. Мифологизм ықпал ма, әлде төл құбылыс па? // Қазақ әдебиеті, 1985, 12 шілде. – 6-7 б.

5 Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2002.

6 Исмакова А. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начало ХХ века и современность). – Алматы: Ғылым, 1998. – 394 с.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада 1970-80 жж. қазақ прозасында романтикалық бейнелеу тәсілінің жаңа сапаға ие болып, өзіндік ерекшелігімен көріну кезеңі (неоромантикалық тенденциялар) қарастырылады.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются неоромантические тенденции в казахской прозе 1970-80 гг.




«Шахнама» ЭПОСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ДҮНИЕСІ
Жүнісова И.Ж.-оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Фирдоуси даусы қазақ даласына ертеде жеткен. Оны ел-жұртымыздың тарихында әр кезде еске алып отырды. Рүстемге арналған бір тарауын Тұрмағанбет Ізтілеу қазақшалап, рухани игілікке айналдырып еді. Сондай зерттеулер қорытындысында әлемге әйгілі Фирдоуси «Шахнамасының» мәңгілік тозбас, өшпес ұлы туынды екендігін, көптеген дүние халықтарының мәдениетіне, әдебиетіне жарақын із қалдырғанын, бұл бір тұтас туындының ғасырлармен бірге жасасып келе жатқанын қуана аңғарар едіңіз. «Шахнаманың» Орта Азия халықтарына да ортақ алтын қазына екеніне көзіңіз жете түседі.

«Шахнама», яғни патшалар туралы кітап. Дүниенін ұлы кітаптарының санатына кіреді, сонау X ғ. өмірге келген ұлы дастан бүгінде дүниенің көптеген түкпірлеріне жетті. Қарапайым диқанның баласы Әбілқасым Иран шахтары, патшалары туралы өзінен бұрынн жазылған көптеген колжазбаларды қарап шығып, солардың ішінен өзіне керектісін алып, 160 бейт яғни, 120000 жолдан тұратын үлкен Иран эпосын жасап шыққан. Фирдоусидің алдыңда Дакики деген ақын өткен, ол осы «Шахнама» тақырыбына 1000 (мын) жол өлен жазып кеткен. Фирдоуси соны пайдаланған, ол өз кұлының колынан қаза таппағанда Дакики осы шығармасын толықтырар ма еді. «Шахнама» ішіндегі сюжеттердің бір катары сонау «Авестадан», «Хватай намақтан» басталатыны белгілі. Фирдоуси осы кітабына бүкіл өз өмірін арнайды. Шығарманың нак ортасына келгенде жалғыз баласы дүниеден кайтады. Сонда ақын тебіреніп жазған жыр жолдары сай сүйегін сырқыратады. Көптеген қиыншылықтар кешіп жүріп жазады. Әрине, ол уақытта сондай шығарма жазу онай емес еді. Фирдоуси «Шахнаманы» бітіргеннен кейін, колжазбасын құшақтап, Сасанидтер сарайын билеп отырған нәсілі түрік Сұлтаны Махмудтың есігін кағады. Алдынан үш ақын шығып жолын кескестейді «Сұлтан Махмудқа кіретін сен өзін кімсін» - дейді. Сынактан өтпесен жібермейміз,- дейді. Ол үшеуінін аты-жөні: Унсури, Фаррохи, Асджади. Унсури сарай ақындарының атасы еді. Біз өлеңнің 3 жолын айтамыз, 4 жолын сен табасын, -дейді Фирдоусиға үш ақын ойдан шығарып, 4-ші жолын Фирдоуси айтып жолды береді. Сөйтіп, сарайға жол ашылады. Сұлтан Маьмудка «Шахнама» дастаның оқып береді. Мәнгі өлмейтін ұлы шығармасын түңғыш рет түрік Сұлтанына тыңдатады. Осындайда Фирдоусидің мына өлең жолдары еске түседі:



Намирам аз ин пос ке зсндсам, Ке туһме сухан ра переқандам.

Кейін осы жолдар Пушкинде:



Я памятник себе воздвиг нерукотворный, К нему не заростет народная тропа,

болып оралады. Бұл өленді қазақ тіліне кезінде атакты ақын Ғали Орманов: Ескерткіш орнаттым бір колдан келмес, - деп аударған болатын, қарап отырсақ, бірінші рет Фирдоуси айтып кеткен екен:



Я не умру, я буду жить вечно, Потому что я сеял семена слов.

Мінекей, осы даналы сөз осы заманда расталып отыр. Бір кезде түрік Сұлтаны Махмуд танымағаңды бүгіңде бүкіл әлем танып отыр. «Шахнаманы» тыңдап болғаннан кейін Сұлтан «Менің әскерімде Рүстем сияқты жүздеген батырлар бар» депті. Сол кезде ақын сіздің әскеріңізде қанша батыр бар екенін білмеймін, бірак Иранда Рүстемнен асқан батыр болмаған деп, сөйтіп, шығармасын алып, есіктеи шығып кетіпті. Осыдан кейін ақын мен Сұлтан арасында тартыс басталады. Ақын сөзіне жәбірленген Сұлтан Фирдоусиді тауып алып, түйенін табанымен таптатып, өлтіріндер - деп әмір береді. Бұл кезде Фирдоуси үзап кеткен еді. Ақынды халық жасырып қалады. Фирдоуси «Сұлтан Махмудқа» деген әйгілі сатирасын жазады. Ел аузымен тарап жайылып кетеді. Сұлтан Махмудқа да жетеді. Ол Фирдоусиді колға түсіріндер дейді. Бірак ақын таптыртпайды.

Фирдоуси ең жаман, жауыз патшалардың жағымсыз типтерін жасаған. Олар қандай патшалар? Бірі — тұран патшасы Афрасияб. Мұның бейнесін біз бірқатар жантүршігерлік қылмыстарынан көреміз: ол тұтқынға алынған Иран патшасы Наузар мен туған інісі Агрирасты өлтіреді. Інісі Гарсиваздың жалған жаласына нанып, өзінің күйеу баласы Сиявушты өлтіреді. Өзінің қызынан туған жиен немересі, Сиявуштан қалған жас бала Кей-Хосрауды өлтірмекші болады. Кей-Хосраудың өлмей аман қалуы тек Афрасияптың батыры Пиранның ара түсуі арңасында.

Екіншісі — Зуххаң. Бұл — Аравияның патшасы Мирдастың баласы, Зуххаң та туасы оңбаған емес. Жасында қорықпайтын, батыл, ер жігіт болыпты. Аң аулап, атқа шауып, сауық-сайран өмір кешіпті. Бірақ кейін Иблістің азғыруына еріп, таққа отыру үшін, өз әкесін өзі өлтіруге дейін барады. Әрине, әуелі ол әкесін өлтіруге көне қоймайды, бірақ Ибліс оған қайткенде де айтқанын істетеді. Содан былай Зуххаң нағыз арам, жауыз, бұзақы патша болып алады да, сан қилы сүмдық қылмыстар жасайды. Сол озбыр, зұлымдықтарының үстіне ол пасықтық, қорқақтық мінез шығарады, өйткені қылмыс жасағанның бәрі қорқақ, үрейшіл болатыны анық. Зуххаңтың образын Фирдоуси мифтегі аждаһаға балап алған сияқты деседі «ПІахнаманың» зерттеушілері. Өзінің феодалдың дүние танымына лайың Фирдоуси қоғам, мемлекет патшасыз болуы мүмкін емес деп біледі. Біраң оның үғымында патша ел ңамын ойлайтын ңамңор, ңара ңылды ңаң жарған әділ, аңылды, халыңңа жайлы патша болуы тиіс. Сондықтан ол Кей-Хосрау сықылды патшаның жаңсы қасиеттерін бір қалыпта алып, үлгі етіп тартады. Басқа жағымды, жағымсыз деген патшалардың бәрің ақын әр қилы өзгеріс, қүбылыстарымен алып сипаттайды. Оның көбі адамға тән ізгі қасиеттер мен кемшілік, осалдықтар болып келеді. Сол, адамға табиғи міндерді пайдаланған күштер әрқашан бел алып отырмақ.

Фердаусидің озат идея мен жарқын мұратқа сай жан салып жырлағаны — батырлар образы. Бұрын-соңғы героикалық эпостың дәстүр, салтын сақтап, «Шахнама» авторының патша тағын ғана емес, бүкіл Отанын, туған жерін қорғап, басын өлімге байлаған батырлар мен қаһармандарды сүйсіне жырлауы заңды еді. Феодалдық орта ғасырлардың ала-сапыран жаугершілік заманында ел қамын шын ойлап, Отан шекарасын шын қорғайтын халықтың қаһары да, қайраты да оның жауынгерлері, үздік туған батыр, қаһармандары болғаны аян. Олардың күші, тірегі, даналығы сол елі мен Отанының мұң-мүддесінен табылатындығында. Осыны үққан ақын патшадан гөрі ел қорғауда ерлік көрсеткен жауын-герлерге көбірек көңіл аударады, өзінің барлық ыс-тық сүйіспеншілік сезімін соларға бағыштайды. Алып күш, ақыл, айла, адалдық пен адамгершілік, даналың және жүректілік — бәрі батырдан табыла-ды. Бүл ретте данышпан ақынның айрықша дәріп-теп мадаңтап, сүйініп те сүйсініп жырлаған керемет саңлақ образы, әрине, Рүстем батырдың образы.

Рүстем — «Шахнаманың» көп тарауына өзек болған негізгі қаһарман. Мұхит тәрізді ұшан-теңіз. «Шахнама» шамамен айтқанда Иран тарихының үш дәуірін қамтиды десек, оның біріншісі мифтік аңыздарға құрылған, екіншісі героикалың эпосқа, үшіншісі тарихи хроникаға құрылған десек, осылардың ішіндегі ең ұлы, ең байтақ дәуірі — екіншісі. Бұл дәуірді Систан облысынан шыққан батырлардың дәуірі деп те атайды. Рүстем және оның атасы Сам мен әкесі Зал — міне, осы дәуірдің бас батырлары. Мұның ішінде Рүстемнің жөні тіпті басқа. Аңынның әсірелей суреттеуінде оның ешбір теңдесі жоқ. Жаратылысы алабөтен өзгеше. Бала кезінің өзін ақын гипербола тәсілімең көтере суреттейді.

Төбедей болды тұлға, төрт жасында, Жүгірген жектей еді, жұрт қасында.

Он екі сүйтіп жүріп жасқа жетті, Палуанның бәрін жығып масқара етті. Алып тұлғасын, сұрапыл тұрпатын, пішінін, жой-ңын күшін ештеңемен өлшеуге болмайды. Салмағы-нан жер қайысқандай, жүрісінен тау сілкінгендей ноян күш иесі. Жаратылысындағы күшінің сұра-пылдығы соншама, батыр тәңірден күшімді кеміте көр деп тілепті-міс. Тілегін құдай қабыл етіп, күшін кеміткеннен кейін қалғанының өзі кісіні қайран қалдырады. Бір күні Исфандиярдың баласы Бахман тамаң ішіп отырған Рүстемнің үстіне жартас құлағанда, батыр оны көре сала аяғымен теуіп жіберіп тамағын ішіп отыра беріпті, дейді. Қобыландының Тайбурылы секілді Рүстемнің Рахыш дейтін мінген аты да өзіне сай керемет жүйрік, көреген, сезгіш, күшті болады. Талай жорықта, ңауіп-ңатер, қиын-қыстау кезеңдерде Рүстемге серіктікке жарайды.

Рүстем — қара күштің ғана иесі емес. Ол ізгі жанды, адал, ақ көңіл, ақылды адам, елін, жерін, Отанын сүйетін ер көңіл батыр. Сол үшін ол неге де болса әзір: қандай жау, ңандай қиындық, қырсық болса, соның бәріне батыл барып, жеңіп-шығу — оның арман, мақсаты. Дүшпанға мейрімсіз, кекшіл. Иранның жауларын ол талай рет ңан қақсатңан. Жеке-жеке үрыста Рүстем Иранның Пуладван, Аш-қабыс, Хақан Чин, Қамыс, Кушани, Шангүл, Акван-див сықылды қас-дүшпандарының көзін жояды. Қатер төніп тұрғанда Иранды Афрасиябтан аман сақтап қалады. Қиянатқа, жалаға, әділетсіздікке кешірімсіз. Сиявушты өлтірткен өгей шешесі Судабаның басын алады. Рүстем Кей-Кавус патша-ның толып жатқан есалаңдықтарын мүлдем кешір-генмен (үш рет құлар жерінде ара түседі), оның адамдық намысына тиген қиянатына төзбейді. Патша қатесін мойнына алып кешірім сұраған соң ғана ашулы Рүстем қаһарлы райынан қайтады.


ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада «Шахнама» эпосының қазақ тіліне аударылуы жан-жақты қарастырылады. Шығарманың кейіпкерлері сөз болады.


РЕЗЮМЕ

В этой статье рассматривается казахский перевод о великом эпосе «Шахнама» и сравнивается в мировом литературе.



Каталог: attachments
attachments -> Формирование профессиональных умений и навыков
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет