О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет76/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

Өлкетану
Өлкетану үйiрмесi өте қызықты және көп жұмыс 
iстей алады: экскурсиялар өткiзу, коллекциялар, әдебиет және 
картографиялық материалдар жинау, өз өлкесiнiң географиялық 
сипаттамаларын жасау. 
Географиялық журнал. Үйiрменiң өзi үшiн де, бүкiл мектеп 
үшiн де қолдан жазылған географиялық журнал шығару өте пай-
далы iс болып табылады. Мұндай журнал шығару КСРО-ның 
мектептерiнде осы күнге дейiн бар. Ондай журналдардың сырт 
көрiнiсi көлемi жағынан да, жасалып шығарылуы жағынан да 
әлденеше түрлi. Олардың көпшiлiгi 3-4 дана етiп машинаға ба-
сылып шығады. Онда оқушылардың салған суреттерi, жасаған 
карталары және түсiрген фотосуреттерi, сондай-ақ газеттерден
журналдардан кесiлiп алынған суреттер көп көрсетiледi. Жур-
налдар мазмұны жағынан да әлденеше түрлi болуы мүмкiн. 
Әрбiр нөмірi бiрыңғай тақырыпқа ғана (Арктика, Сiбiр, Биiк 
таулық экспедициялар, т.б.) арналған журналдар болады. Кейбiр 
журнал дарда бiрнеше бөлiмдер болады, кейбiреуiне «Қызықты 
беттер» деген айдар да болады. Әрбiр журнал алдына қойылған 
мақсатын түсiндiре келiп, оқушылардың назарын географиялық 
мәселелердiң бiрi болмаса бiрiне аударуға шақырған «Редакция-
дан» деген мақаламен басталады. 
Осындай журналдар аса пайдалы болады. Мұнда адам өз 
пiкiрiн қорытып жазуға, жақсылап қалыптастыруға үйренедi. 
Жур нал жұмысымен айналысу оқушылардың баспадан шығатын 
журналдарға көбiрек назар аударуына, олардың кiтапқа үйiр бо-
луына себеп болады. 


150


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет