О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет75/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

9.3. Географиялық көрмелер
Экскурсиядан соң экскурсия материалдарын талқылау тура лы 
айтылған жерде, экскурсияға қорытынды жасау ретiнде кiшi рек 
көрме ұйымдастыру қажет екендiгi туралы айтылған бола тын. 
Көрмелердiң оқушылар үшiн де, мұғалiм үшiн де маңызы зор 
екенi тәжiрибе жүзiнде байқалды. Мұндай көрмелердiң, жалпы 
алғанда, мектеп үшiн де маңызы үлкен. 
Оқу жылының жартысы (немесе түгелiмен) аяқталып келген 
кез екен дейiк. Барлық өтiлгендердiң бәрiн түгел шолып шығу 
мақсатымен мұғалiм оқушының географияға арналған жұмыс 
дәптерiн алады да, оны сөгедi. Сол дәптердiң жеке-жеке бетте-
рiнен жарты жыл бойы географиядан болған сабақтардың бары-
сын, оқытылу тәртiбi бойынша, көрсететiн бiрқатар «таблица-
лар» жасайды. 
Дәптерден бөлiп алынған беттердi география үйiрмесiнiң 
белсенді газет қағазына тәртiппен орналастырып, бағдарлама 
тәртiбi бойынша қабырғаға апарып iледi (сағат тiлi бағытымен). 
Ол кестелерді iлгенде төменгi жиегi үлкен кiсiнiң көзiнiң тұ сына 
келiп тұрғаны қолайлырақ болады. 
Одан төмен үйiрмеде өткiзiлген экскурсиялар, өлкетану және 
басқа да географиялық объектiлер тақырыптарындағы жұмыс-


147
тары орналасады. Олардан да төмен, қабырғаға тақау қойылған 
үстелдердің үстiне, тағы да сол тиiстi тәртiбiмен, курс өткенде 
көрсетiлген коллекциялар, саймандар, тәжiрибелер нәтижелерi 
орналасады. Сонда оқушылардың өз қолдарымен iстегендерiне 
артығырақ мән берiлетiн болу керек. Бұған рельефтер, рельефтiк 
карталар, аспаптардың модельдерi, т.с.с. жатады. 
Ақырында, сол үстелдерге оқушылардың географияға арнал-
ған жұмыс дәптерлерiнен iрiктелiп алынған суреттер альбомы 
қойылады. Осылардың бәрiнде де тиiстi жазулар болады. Көрме 
экспонаттарының тиiстi логикалық тәртiппен дұрыс орнала-
сып қойылып, өтiлген тақырыптардың бәрiнiң толық картинасы 
анық көрсетiлетiн болып шығуының маңызы зор. Бұл, әсiресе 
қабырғаларға iлiнген кестелерден анық көрiнедi. Кестелерде 
көрсетiлгендердiң бәрiн көрменi қараушылар әрбiр оқушының 
дәптерiнен де табады. Содан кейiн көрушi қалған экспонаттардың 
бәрiн қойылған тәртiбi бойынша қарап шығады. 
Мұғалiм көрменi осы тәртiппен құрып қойып, оқушылармен 
бiрге оны қарайды және оқушыларға сездiрмей оқып өткен сабақ-
тардың бәрiн қайталап шығады, оқушыларға: «Балалар, бүгiн 
сiздердi жазғы демалысқа таратып отырмыз. Бiздiң геогра фиялық 
көрмемiз пәлен уақыттан пәлен уақытқа дейiн ашық бола тынын 
(үш күннен артық болмасын) ұмытпаңыздар. Сiздер осы көр-
меге ата-аналарыңызды, аға-iнiлерiңiздi, апа-қарындас тары-
ңызды алып келiңiздер де, осында қойылғандардың бәрiн оларға 
түсiндiрiңiздер. Тәртiп жақсы болуы үшiн кезекшiлiк белгiлейiк. 
Кезекшiлiкте бiр мезгiлде бес адам болады. Бiреу келiп кiрiсiмен-
ақ кезекшiлердiң бiреуi оның алдынан шығып, экскурсияшы 
есебiнде өзiн ұсынады. Осылай елеусiз түрде мұғалiм әр бiр оқу-
шының барлық экспонаттарды, барлық тақырыптарды жақ сы 
бiлiп және оларды өздерiнiң туысқандарына және басқа да адам-
дарға түсiндiре алуға мәжбүр етедi. 
Көрме мұғалiмнiң күткенiн толық ақтайтынын тәжiрибе көр-
сеттi. Алғашқы кезде оқушылардың көбi, әсiресе ынтасыз оқу-
шылар ұялатын болады. Экскурсияшының өнерiн меңгеру үшiн 
олар өз дерiнiң кезекшiлiгiнен көп бұрын келiп, әдетте, жақсы 
оқитын оқушылардан болған экскурсияшыларға ерiп жүрiп, 
бiрнеше рет олардың түсiндiргенiн тыңдап, ұғып алады. Кейбiр 


148
жерде сұрап, жазып та алады. Жұмысты бұрын өте жаман iстеп 
келген оқушылардың өзi ендi ең жақсы деген экскурсияшылардың 
соңынан ерiп оның бiр ауыз сөзiн қалдырмай тыңдап жүргенiн 
автор өзi де талай рет көрген. Ұқыпсыз, сабақта ойынға салынып 
отыратын баланың ендi ең үлгiлi оқушыға ұқсап, үнсiз тыңдайтын 
болып қалғаны әуелде түсiнiксiз болып көрiнедi. Бiрақ бiраздан 
кейiн бұл жұмбақ оңай шешiледi. Көрмеге оқушылардың туыс-
қандары – анасы, әкесi, қарындасы және басқа мектептегi жол-
дастары келедi. Ондай қонақтардың алдында оқушының түсi нiк 
бере алмай қалуы ұят емес пе. Көрмеге неше түрлi адам келеді, 
олардың арасында педагогтар да бар. Олар осы көрмеге қойыл-
ғандарды экскурсияшы оқушының қандай бiлетiнiн анықтау үшiн 
сұрақтар қоятын болады. Бiр жағынан, көпшiлiктiң бақылауы, 
екiншi жағынан, жолдастарымен жарысқа түсуi, балалардың 
қатардан қалмай iлгерiлей беруiне себеп болады. Сөйтiп, 2-3 
күннiң iшiнде экскурсияшылар 2-3 рет көрменiң мазмұнын ай-
тып берсе, өтiлген материалды бұдан артық қайталау болмайды. 
Мұндай көрменiң беретiнi не?
1. Көрме мектепте географияның оқытылу әдiстерiн көрсету ге 
мүмкiндiк бередi. Көрмеге келушiлердiң, әсiресе географ педагог-
тардың сыны мұғалiмге ерекше пайдалы көмек болып табылады. 
2. Көрме оқушының ата-анасына, туысқандарына және көп-
шi лiкке география мұғалiмiнiң жұмысымен және оның оқыту 
әдiстерiмен танысуға мүмкiндiк бередi. 
3. Мұндай көрмелер мұғалiмдердiң бiр-бiрiнен оқыту өнерiн 
үйренуге мүмкiндiк бередi. 
4. Көрмеден ең үлкен пайда табатын оқушылар болады. Олар 
жарты жылдың немесе тiптi бiр жыл iшiнде өтiлген материал-
дарды жинақтай және сұрыптай келіп, бiрден барлық материал-
ды қамтиды да, жақсылап қайталайтын болады. Оның үстiне, 
оқушылар басқа адамдарға түсiнiк бергенде дұрыс сөйлеуге, 
жүйелi түрде түсiнiк беруге үйренедi. 
Осындай көрмелер мектептерде, әсiресе 1918-1926 жылдары 
кеңiнен қолданылып жүрдi. Мұндай көрмелердiң пайдасы өте 
зор екендiгi әбден байқалды. Бiрақ ондай көрмелерден туатын 
қауiп те бар. Мектепте көрмелер мiндеттi түрде өткiзiлiп жүрген 
уақытта зиянды бәсекелестiк көбейiп кеттi. Кейбiр мектептер 


149
басқа мектептермен бәсекелесе келiп, көрме мектепте болған 
жұ мысты көрсетуге тиiстi екенiн ұмытып кететiн жағдай туын-
дады. Сыртқы әсерге ерекше назар аударып, мектептер көрмеге 
дайындалуға толып жатқан еңбек, уақыт және қаражат жұмсайды. 
Көрме ол кездерде, шынында да жақсы болып шығатын едi, бiрақ 
iс мәнiсiн түсiнетiн әрбiр педагог көрменiң бояма көрме екендiгiн, 
атақ шығаруға әуестенiп, мектеп оқу жұмысымен шұғылданудың 
орнына көрмеге дайындалумен болғандығын аңғарушы едi. Мұн-
дай бұрмалау көрменiң бағалы жағын жоққа шығаратын едi. Осы 
жағдайды атап көрсете отырып, мұндай қателiктi қайталаудан 
жас мұғалiмдердiң сақ болуын ескертемiз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет