О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет72/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

Баяндамалар
Ең оңай және сонымен қатар қызықты жұмыс. 
Оқушылардың әртүрлi географиялық тақырыптарға жасайтын 
баяндамалары болады. Тақырып таңдау, ең алдымен, қандай 
мәсе лелерге көңiл бөлетiн оқушылардың болуына, содан кейiн 
тиiстi кiтаптардың болуына байланысты. Орта мектептердiң оқу-
шыларына қиын, ғылыми кiтап ұсыну қате болып шығар едi, сол 
сияқты, қанша жеңiл болғанымен, көп кiтап беру де қате. 5-6 
сынып оқушылары үшiн кiтаптың, бiр мақаланың немесе бiр 
брошюраның өзi де толық жеткiлiктi. 7-сынып оқушыларына 
екi кiтап беруге болады, бiрақ олар балалар әбден түсiне алатын 
кiтаптар болуға тиіс. Оқушылардың баяндамасы дегенiмiз – маз-
мұны баяндамашының тақырыбына сәйкес келетiн кiтаптың тиiс-
тi тарауын немесе сондай бiр мақаланы қайта айтып беру. Егер 
баяндамашы үлкейтiп өзi сызған чертеждарды, суреттердi немесе 
өзi жасаған модельдердi, коллекцияларды, тәжiрибелердi, т.с.с. 
көрсете отырып, өзiнiң баяндамасын иллюстрациялайтын болса, 
бұл өте тиiмдi болмақ. Чертеждар, суреттер немесе модельдер 
дайындаған уақытта оқушы мұғалiмнiң ұсынған кiтаптарының 


145
шегiнен ерiксiз шығып кетедi де, материалды толығырақ қамты-
ған дығын өзi де сезбей қалады. 
Экскурсиялар. 
Экскурсиялардың маңызы қандайлық зор 
екенiн бiз жақсы бiлемiз. Сыныптағылардың бәрi бiрiгiп өткiзуге 
мүмкiндiк болмаған экскурсияларды географиялық үйiрмелердiң 
ұйымдастырып өткiзуiне болады. Осы экскурсиялар жөнiндегi 
баян дамалар және одан жиналған материалдар көрмесi, экскур-
сия ға қатынасқандар түгiл басқа оқушыларға да көп көмек көрсе-
тедi. Бүкiл сыныппен бiрге өткiзiлген географиялық экскурсиялар-
дың жұмысын қорытып өңдеу (маршрут сипаттамасын, маршрут 
картасын жасау, чертеждар мен суреттердi сұрыптау, өткiзiлген 
жұмыстарды, экскурсияның жұмысын сипаттау, ақырында аль-
бом немесе иллюстрацияланған дәптер түрiнде «Экскурсияның 
есебiн» толық тәртiпке келтiру) осы үйiрмелерге тапсырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет