О, сүйікті көз жеткісіз кең өлкем, Сенсің күнім, сенсің айым, сен еркем



Дата03.03.2022
өлшемі24,97 Kb.
#134264
Байланысты:
Ажибаева Гульзат оқитын өлеңдері. Сырбай Мауленов
Рухани жаңғыру, dene trbiesin okytudyn distemsi (1), 10 урок Салтыков-Щедрин Мужик везде есть, стоит только поискать его…», 10 урок Салтыков-Щедрин Мужик везде есть, стоит только поискать его…», sabaq-kz attachment 5-synyp-aza-tlnen-kntzbelk-zhospar-2017-2018-ou-zhyly, тапсырма 3.3 жауабы, kktwig-atmosferany-zgerui, kktwig-atmosferany-zgerui, БАЛАБАҚШАДА СЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ, БАЛАБАҚШАДА СЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ, Адал ұрпақ еріктілер клубының жасалған жұмыстарының фотосы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы адал ұрпақ стенді, 2015-2025 стратегисы бойынша, план вр 2018-19

Кең өлке
О, сүйікті көз жеткісіз кең өлкем,
Сенсің күнім, сенсің айым, сен еркем.
Артымда сен аман қалсаң болғаны,
Бұл өмірден кеткенімде мен ертең.
Шайы орамал шайқалады нуларың,
Бал шараптай бұйра толқын суларың.
Боз топыраққа боз торғайдай шыр етіп,
Түскенімде тербеді от жырларың.
Бойды жазып талай жылдар құрысқан,
Жаңа шыққан қас батырдай ұрыстан.
Тауларыңды қалқан етіп кеудеңе,
Тұрсың қарап таң нұрындай шығыстан.
Сандық таулы, самал желді құба бел
Мәңгілікке мызғымастан тұра бер.
Ерлікпенен елдігіңді көтерер
Ұлдарың бар, қыздарың бар мұрагер.

Менің Республикам

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,


Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,
Менің байтақ республикам таулары —
Менің көгім мөлдіреген сол аспан.
Дала көрсең көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан.
Менің байтақ республикам даласы,—
Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.
Орман көрсең кең даланы ораған,
Жолдар көрсең шартарапқа тараған,
Менің байтақ республикам орманы,—
Менің жолым Ленин салған жаңадан.
Тұлпар көрсең желдей ұшып заулаған,
Сұңқар көрсең бұлтта қанат самсаған,
Менің байтақ республикам тұлпары,—
Менің құсым көктің жүзін шарлаған.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан-байтақ республикам бұл менің.
Достар келіп тірей қалса ат басын,
Қарт Алатау иіп қардай ақ басын,
Қарсы алады ашық күнмен ашып бір,
Алматының аспанының қақпасын.

Реклама


Дауыл


Тұңғиық түпсіз теңізді жауып,
Соғады дауыл, бұлт бұйраланып.
Атады быж-быж қайнап көбігін,
Толқынды толқын үйіріп қағып.
Жартасты айналып от таспадай
Мұңды найзағай жыландай иірілген,
Шатырлайды дүлей, алқымдайды үрей,
Көтерем бәрін иығыммен.
Тұрмын қасқарып, жалт берер жасқанып
Жер үстінің сұрапыл сойқанынан
Алданып өмірге көзінен жас тамып,
Тосқауылда торығып, тойтарылған.
Онсыз да шырмады өсек-лақап,
Мен сорлыны ажалға тақап,
Жап – жалаңаш шаншылған жартас едім
Сен болдың ба жалмайтын жалынапат?
Жоқ! Ұша бер, найзағай жарқыраған,
Тас төбемнен соқ, дауыл арқырағаны;
Көзім жоқ сұрқым қашып үрейленіп,
Аласатта абыржып қалтыраған.

Соғыстан қайтқан солдаттар
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар
Көрдің бе үлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Кетерде солдат жарының
Ішінде қалған ана жыл.
Көкемді айтпай танырмын
Деп бір сәби бала жүр.
Қайрылмай қалай кетесің
Хабарсыз қалай ол тоқтар.
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Қаралы қағаз жіберіп,
Қаншама қайғы салды оқтар.
Барады үнсіз түнеріп,
Соғыстан қайтқан солдаттар!


Ғибратты ғұлама
Жасынан шырқап шыққан жақсы атағы
Елінің әулиедей ақсақалы.
Қараңғы адамдардың зердесіне,
Тараған таң нұрындай ақ шапағы.

Сөзінің ойы терең, оты күшті,
Уақытты озған орап оқымысты.
Ел оқып оның жазған ғибратын,
Жетілді сарайына тоқып ішкі.

Ол салған жолға түсіп талаптанып,
Өмірлік сұрағына жауап тауып.
Басына жастап жатып әліппесін,
Сан ұрпақ көзін ашты сауаттанып.

…Ажалға оны елі қия алмады,
Жүр деді Колымада қияндағы.
Шығарған оның мұңлы әні айтылып,
Шертілді көңілдегі күй-арманы.

Теңізбен, жермен, шөппен байланысып,
Халқының тірлігіне айналысып,
Рухы Ахметтің ел үстінде,
Жүр деді арманындай айнала ұшып.

Осындай ол жайында аңыздар көп,
Ол айтты деген жыр мен уағыздар көп.
Қарыздар болмай кетті ол халқына,
Ал халқы қалды оған қарыздар боп


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет