Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2017-2018 учебном году


ОСОБЕННОСТИ ОБУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТАМ УРОВНЯ ОБЩЕГО СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ



бет33/67
Дата20.06.2018
өлшемі2,45 Mb.
#43681
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67


    1. ОСОБЕННОСТИ ОБУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТАМ УРОВНЯ ОБЩЕГО СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ



ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ОБЛАСТЬ «ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
В образовательную область «Язык и литература» входят учебные предметы «Казахский язык»,«Казахская литература», «Русский язык»,

«Русская литература», «Родной язык», «Уйгурская/ Узбекская/Таджикская литература», «Иностранный язык».



«Казахский язык» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения

«Қазақ тілі» пәнін қазақ тілді емес мектептерде оқыту негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасауға негізделген.



Тыңдалым.Өзіне қатысы бар (өзі туралы, отбасы, сатып алынған заттар, тұратын жері, жұмысы туралы) жеке тіркестер мен шағын сөйлемдерді, сондай-ақ көлемі жағынан шағын, анық айтылған жарнамалар хабарландыруларда не туралы баяндалғанын түсінеді.

Оқылым.Көлемі жағынан шағын, қарапайым мәтіндерді оқып, негізгі мәліметтерді іріктей алады, түсінеді, оқыған ақпаратты жеткізе алады; өз ойын қысқаша айтады. Жарнама, мәзір, кесте сияқты күнделікті кездесетін сөз және сөйлемдерден қажетті ақпараттарды таба алады. Жеке тұлғаға қатысты қарапайым хаттардың мағынасын түсінеді.

Айтылым.Өзіне таныс (отбасы, өмірі, оқуы туралы) тақырыптар бойынша өз ойын түсінікті етіп жеткізе отырып, қарапайым тіркестер мен сөйлемдер арқылы сөйлесе алады. Күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттай алады.

Жазылым.Өзіне қатысы бар немесе ұнайтын мәселелер туралы шағын хаттар мен хабарландыру,шағын шығарма, эссе жазуға, сурет, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастыруға мүмкіндігі бар. Жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін сауалнамалардытолтыра алады.

Тілдесім– сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.

Тілдесім – айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі.

«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары-оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандартына (бұдан әрі -

Стандарт) сай мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары жіктелді (43-кесте):
43-кесте – ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары


Үздіксіз білім берудің сатысы

Сыныбы

Деңгейлер

Игерім атаулары

Жоғары сынып

10

В1+

ортадан жоғары деңгей



В1.2 Тереңдетіле қалыптасқан толық игерім

11

В1+ Тереңдетіле қалыптасқан жетік игерім

Стандартта Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес қазақстандық әдістемеші-ғалымдар қазақ тілін үйрету үшін алты деңгейді ұстанады. Ол деңгейлер жүйесі А1, А2, В1, В2, С1, С2 деп аталатын үш ірі деңгейден тұрады (44-кесте).


44-кесте – Тілді білу деңгейлерінің жіктелуі

Қарапайым деңгей

А1 Бастапқы игерім

Негізгі деңгей

А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім

Орта деңгей

В1 Қалыптасқан игерім

Ортадан жоғары деңгей

В1+ Тереңдетіле қалыптасқан игерім

Жоғары деңгей

В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім

Жетік деңгей

В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім, С1 Кәсіби игерім

Стандартта ҚР жалпы білім беретін қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер де көрсетілген (45-кесте).


45-кесте – Қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер

Аталымдар мен өлшемдер

Тілді меңгеру деңгейлері

Ортадан жоғары деңгей (В1+ В2)

Тілдік деңгейлер бойынша игерім кодтары

В1.2

В1+

Тілдік деңгейлер бойынша игерім атаулары

Тереңдетіле қалыптасқан толық игерім

Тереңдетіле қалыптасқан жетік игерім

Сыныптар

10-сынып

11-сынып

Оқушы меңгеруі тиіс лексикалық минимум

130-150

130-150

Барлығы:

480-500 сөз (1-11 сыныптарда меңгерілетін жалпы сөз саны 1500-1550 сөз)

Бір минутта оқуға тиісті сөздердің (шартты) мөлшері

100-120

100-120




Тыңдаған/оқыған мәтінді мазмұндаудағы сөз саны

60-70

70-80




Айтылымдағы сөз саны

80-90

90-100

Жазбаша мәтін құраудағы сөз саны

100-120

120-150

Тілдесімдегі үнқатым (реплика) саны

11-12

12-13

10-11-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) :

жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығына сәйкес «Қазақ тілі» пәні оқу жүктемесінің көлемі:

оқыту орыс тілді мектептерде:

– қоғамдық-гуманитарлық бағытында:оқыту орыс тілді мектептерде:

10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:

10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

жаратылыстану-математикалық бағытында: оқыту орыс тілді мектептерде:



10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:

10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, бақылау жұмысы) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында бақылау жұмыстарын алып, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен білім қорына байланысты бақылау жұмысын алудың міндеті мен көлемін анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты бақылау жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін белгілейді, анықтайды.

Ескерту. Әр сынып бойынша алынатын бақылау жұмыстарының, тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымын пән мұғалімдері бағдарламалық материалдарға сәйкес өздері құрастырады (46-кесте).
46-кесте – Қазақ тілінен бақылау жұмыстарының саны

Сынып

Бақылау жұмысы (әр тоқсанда)

Тест тапсырмалары (әр тоқсанда)

10

2

2

11

2

2



10-11 сыныптарға ұсынылған бақылау жұмыстарының нормалары

Оқу жылы бойы алған білім деңгейлерін анықтау мақсатында 5 бақылау жұмысын өткізуді ұсынамыз.



  1. Бастапқы бақылау жұмысы (тест). Алынатын бұл жұмыс түрі былтырғы оқу жылындағы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 20 сұрағы лексика-грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (1 мәтін беріледі. 10- сыныпта 100-110 сөз, 11-сыныпта 110-120 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары -20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл,

«4» деген баға –25-32, «3» деген баға – 9-24 балл. «2» деген баға қоймауды ұсынамыз. Себебі, оқушының оқу жылының бірінші күнінен бастап пәнге деген қызығушылығы мен ішкі уәжі жоғалады.

  1. 1 бақылау жұмысы - І оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы І тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика- грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша (мәтін тыңдалады, тыңдалған мәтін бойынша тест түріндегі сұраққа жауап береді) , 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға 0-8 балл.

  2. 2 бақылау жұмысы - ІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға –33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8 балл.

  3. 3 бақылау жұмысы - ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға 33-40 балл, «4» деген баға 25-32,

«3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8 балл.



  1. 4 Жылдық бақылау жұмысы (тест) - оқу жылының қорытындысы бойынша алынады. Алынатын бұл жұмыс түрі жыл бойы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 20 сұрағы лексика- грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (1 мәтін беріледі. 10-сыныпта 100-110 сөз, 11-сыныпта 110-120 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары-20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады.

«5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл, «2» деген баға – 0-8 балл.

Оқушыларда болуы тиіс дәптерлер санын ұсынамыз. (47-кесте). 47-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны


Пән

Жұмыс дәптер

Бақылау жұмыс дәптері

Сөздік дәптер

Барлығы

Қазақ тілі

2

1

1

4






  • қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарына арналған дәптері(бұл дәптерге, бақылау, тест жұмыстары орындалады);

  • «Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері.

Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:

  • ай аты мен күн реті жазбаша жазылады.

  • күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан жол тасталмай барлық жазбалар бір деңгейде жазылады. Үлгі:

Қазанның тоғызы Сынып жұмысы

  • үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды. Жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 15- жаттығу (тапсырма);

  • тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:

Адам Ара Аю

  • сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;

  • мәтін азат жолдан басталады;

  • сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;

  • талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;

  • ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.

Талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау).

Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі

тиіс.

Дәптерге мүмкіндігінше мұғалімнің ескертулері жазылып отырады



(Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).

Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет. Дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.

Дәптерлерді тексеру тәртібі:


  1. 10-11-сыныптарда жұмыс дәптерлері 2 аптада 1рет тексерілуі қажет;

  2. 10-11-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға қойылмайды, ескертулер жазылуы тиіс).

«Қазақ тілі» пәнінен қазақ тілді емес мектептерде сабақтан тыс ісшараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеру ұсынылады:

–наурыз – Наурыз мейрамы;

–1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі;

–7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

–4 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні.

–6 шілде – Астана күні;

–30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

–22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні.

–1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

–16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2017-2018 оқу жылының отырыстарында келесі тақырыптардың қарастырылуы ұсынылады:


  • Коммуникативті бағыттағы белсенділіктер мен әдістердің түрлерін сабақта қолдану жолдары;

- Білім сатылары бойынша қазақ тілін меңгертудің деңгейлік ерекшеліктері;

  • Сөйлеу әрекеттері бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері;

  • Қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында оқушыларды тілдік қатынасқа үйретудің жолдары;

  • Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері;

Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:

  1. nao.kz (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясыныңресми сайты);

  2. u-s.kz (Ұстаздар сайты);

  3. ustaz.kz (Ашық сабақтар сайты);

  4. testent.ru/news/uroki (Уроки казахского языка в русской школе);

  5. sabak.ucoz.org/news (Сайт творческих учителей Казахстана);

  6. plani.kz («Планы.kz» планирование для учителей Казахстана);

  7. agartu.com («Просвещение" – казахстанский педагогический интернет- журнал);

  8. testent.ru (Сайт для подготовки к ЕНТ и КТ 2015 - Образовательный сайт);



  1. obrazovanie (Каталог Казахстанских ресурсов);

  2. abiturient.kz (Сайт о современном образовании в Казахстане).




Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет