Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения


Параграф 4. «Қатынас» білім саласы



бет4/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Параграф 4. «Қатынас» білім саласы

Естіп қабылдауын дамыту мен ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру
26. Есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі жастағы балаларға естіп қабылдаудың және сөйлеу тәжірибесінің жеткіліксіздігінен тілдік жүйенің барлық деңгейдегі дамумаушылықтары тән.

27. Бағдарламаның мақсаты: есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың естіп қабылдау дағдыларын (есту-көру және есту арқылы) және ауызша сөйлеу тілінің айтылу тараптарын дамыту.

28. Бағдарламаның міндеттері:


  1. есту қызметін дамыту (жетілдіру) және қалыптастыру;

  2. тілдік және тілдік емес дыбыстардың табиғаты туралы көзқарастарын байыту;

  3. ауызша сөйлеу тілін қабылдаудың сенсорлық негіздерін дамыту;

  4. есту зейінін (түйсігін) дамыту;

  5. анық, нақты табиғи сөйлеуді қалыптастыру;

Бағдарламаның міндеттері бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша, арнайы сабақтарда (топтық және жеке), тұрмыста, балалардың еркін әрекеттері кезінде үнемі дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

29. Жарты жылдыққа бағдарламалық талаптардың көлемін баланың естіп қабылдауы мен сөйлеу тілінің даму деңгейіне және түзете оқыту үрдісіндегі жетістіктеріне байланысты сурдопедагог өз бетінше таңдайды. Бағдарламалық талаптар әліпбилік реттілікпен көрсетілген. Олардың мақсатқа сәйкестілігін сурдопедагог дербес орналастырады.

30. Бір жыл бойы балалар күніге дыбыс күшейткіш құралдармен пайдалануды, сабақта сапқа тұруды, серуендеу уақытында дыбыстық, дауыстық белгіге сурдопедагогқа немесе тәрбиешіге жақындауды үйренуі керек.

31. Дыбыстық ынталандырулар дыбыс күшейткіштермен және таза есту арқылы қабылдау үшін беріледі. Баланың естіп қабылдауы мен сөйлеу тілінің даму деңгейіне қарай материал естіп-көру, есту, есту арқылы ауызша, ауызша-жазбаша, ауызша-дактилді түрде қабылдау үшін беріледі. 2-3 дыбыстауды айыру заттар мен бейнелері бар суреттерге сүйене отырып, жүзеге асырылады. Тілдік және тілдік емес дыбыстарды қабылдау, дыбыстау көзінен ара қашықтықты тұрақты арттырып отырып жүзеге асырылады.



32. Оқудың бірінші жылында бала дыбыстар әлемімен, қатынас жағдайларымен танысады; жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру және қарым-қатынасқа түсу үшін, ауызша сөйлеу тілінің қажеттілігін түсіне бастайды.

Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет