Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет5/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Параграф 5. I -жарты жылдық
33. Тілдік емес дыбыстау:

  1. дыбысты оқшаулау және оның көзін, орналасқан жерін сөзбен атау немесе оны сұқ саусағымен ымдап көрсету (мұнда, ана жерде);

  2. ойыншықтардың дыбысталуын есту арқылы ажырату;

  3. қарама-қарсы сипаты бойынша ойыншықтардың дыбысталуын есту арқылы ажырату (ысқырғыш-дабыл);

  4. есту-көру арқылы ұсынылған тілдік емес дыбыстауды ажырату;

  5. ара қашықтығы тұрақты арттырылған дыбыстауға деген реакциясы;

  6. тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы: шу және қоршаған ортағы дыбыстар, музыка, ән шырқау, жануарлар дауыстары;

  7. музыкалық ойыншықтармен ұсынылған дыбыстық ынталандыруларға деген реакциясы, ойыншықтардың дыбысталуына тиісті қозғалыстармен дыбыс тіркестерін айту;

  8. музыкалық ойыншықтармен ұсынылған дыбыстық ынталандыруларды, ойыншықтардың дыбысталуына тиісті қозғалыс ырғағымен дыбыс тіркестерін дәл айту;

  9. тілдік емес дыбыстауға шартты-қозғалыс реакциясы.

34. Тілдік дыбыстау:

  1. естіп-көру және есту арқылы ұсынылған қарапайым нұсқаулар мен тапсырмаларды орындау;

  2. есту арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру және дәл айту;

  3. дыбысқа еліктеулерді дәл көрсету, естіп-көру және есту арқылы айыру;

  4. есту және естіп-көру арқылы былдыр және толық сөздерді айыру;

  5. ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік дыбыстауға деген реакциясы: ПА-ПА-ПА-ПА, ПУ-ПУ-ПУ, ПИ-ПИ-ПИ-ПИ үлгідегі сөз тіркестері (дыбыс күшейткішпен және жалаң құлаққа);

  6. тілдік дыбыстауға шартты-қозғалыс реакциясы.

35. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:

  1. дыбыстарды, буындарды және қысқа сөздерді артикуляциялау және қимыл-қоғалыспен қайталау;

  2. дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздер мен дыбыстарды дәл айту (шамамен, дыбыстық алмастыруларды пайдалану арқылы);

  3. дауысты және дауыссыз дыбыстарды қоюда қолдануға болатын фонетикалық ырғақтық қимыл-қозғалыстары пайдалану;

  4. дыбыстар мен буындарды қысқа және ұзақ айту;

  5. фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды айту темпін өзгерту;

  6. сөйлеудегі тыныс алуды және ұзақ ауызбен дем шығаруды бақылау;

  7. фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыстарды айту;

  8. ауызша сөйлеу (айту) мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай ауызша сөйлесу (дауыс реакциясы сөз элементтері).

Сөздік: Тыңда. Сөйле. Қайтала. Не дыбысталды? Дыбыс қайдан шықты? Ана жерде, мына жерде. Дабыл, дауылпаз, сыбызғы, ысқырық, металлофон, шарманка. Би-Би, ав-ав, мяу, пи-пи-пи, му, ко-ко-ко, иго-го, ква-ква; уууууу, ту-тууууу. Не дыбысталды? Қалай дыбысталды? Қатты, ақырын. Ұзақ, қысқа. Қатты айт. Балалардың есімдері. Естідің бе? Тез, баяу.

36. Күтілетін нәтижелер:



  1. дыбыстарды, дыбысқа еліктеуді, былдыр мен толық сөздерді, дәл айтады;

  2. естіп-көру және есту арқылы ұсынылған қарапайым нұсқаулар мен тапсырмаларды орындайды;

  3. тыңдау реакциясын көрсетеді;

  4. фонетикалық ырғақтықтың көмегімен тілдік емес және тілдік дыбыстау темпін өзгертеді;

  5. дыбыстау көзін, орналасқан жерін табады;

  6. ауызша сөйлеу (айту) мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай ауызша сөйлеседі;

  7. дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздерді таниды;

  8. фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтады;

  9. естіп-көру және есту арқылы былдырды, толық сөздерді айырады, ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады;

  10. ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес және тілдік дыбыстауларға реакция білдіреді;

  11. тұрмыстық дыбыстарды, қалалық және табиғи шуларды біледі (таниды).




Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет