Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет6/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Параграф 6. II -жарты жылдық
37. Тілдік емес дыбыстау:

  1. дыбысты оқшаулау және оның көзін, орналасқан жерін сөзбен атау немесе оны сұқ саусағымен ымдап көрсету (алыс - жақын);

  2. есту арқылы дыбысталу ұзақтығын ажырату (ұзақ - қысқа);

  3. есту арқылы дыбысталу темпін ажырату (тез–ұзақ);

  4. қоршаған ортағы шынайы дыбыстарға деген реакциясы (көлік, су, қатты күрсіл, тарсыл);

  5. ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік емес дыбыстауға деген реакциясы;

  6. ұсынылған тілдік емес дыбыстық ынталандыруларға, тиісті қимыл- қозғалыс, дауыссыз және дауыс реакцияларын білдіру;

  7. есту арқылы таңдау бойынша 3-4 музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажырату.

38. Тілдік дыбыстау:

  1. ұсынылған тілдік ынталандырулардың сипаттамасын сөздермен, дыбыс тіркестерімен, дауыспен дәл айту, көрсету;

  2. дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздерді тану;

  3. дауыс шыққан жаққа бас немесе денені бұру;

  4. былдырды, толық сөздерді, дыбысқа еліктеулерді естіп-көру және есту арқылы айыру;

  5. естіп-көру және есту арқылы дауыстың қарқындылығын ажырату (қатты-ақырын);

  6. естіп-көру және есту арқылы дауыстың ұзақтығын ажырату (ұзақ - қысқа);

  7. ара қашықтығы тұрақты арттырылған (дербес) тілдік дыбыстауға деген реакциясы;

  8. таныстарының, жақындарының дауыстырын тану.

39. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:

  1. дыбыстарды, буындар мен қысқа сөздерді артикуляциялау және оны қимыл-қоғалыспен қайталау;

  2. әр түрлі темпен, түрлі қимылдардың сүйемелдеуімен буындарды айту;

  3. толық сөздерді дәл айту (шамамен, дыбыстық алмастыруларды пайдалану арқылы);

  4. екі сөзден тұратын сөз тіркестерін дәл айту (толық, толық емес, былдыр, дыбысқа еліктеу);

  5. фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды айту темпін өзгерту;

  6. фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауыс күшін өзгерту;

  7. фонетикалық ырғақтықтың көмегімен бір буындық қатардан, екінші буындық қатарды бөліп, айыру;

  8. кемінде 3 дауысты дыбысты айту;

  9. кемінде 3 дауыссыз дыбысты айту;

  10. фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды бірге қосып айту.

Сөздік: Тыңда. Не дыбысталды? Қалай дыбысталды? Қайтала. Сөйле. Көрсет. Бер. Ляля (қуыршақ), утя (үйрек), үй, доп, күрек, балық, ана, әке, баланың есімі. Му, мяу, пи-пи, аф-аф. Ұзақ, қысқа. Тез, баяу. Қатты, ақырын.

40. Күтілетін нәтижелер:

  1. ұсынылған ынталандырулардың сипаттамасын дәл айтады, көрсетеді;

  2. толық сөздерді әр түрлі тәсілдермен дәл айтады;

  3. екі сөзден тұратын сөз тіркестерін дәл айтады;

  4. фонетикалық ырғақтықтың көмегімен дауыс күшін өзгертеді;

  5. фонетикалық ырғақтықтың көмегімен буындарды айту темпін өзгертеді;

  6. есту арқылы дыбысқа еліктеулер, былдыр сөздерді таниды;

  7. фонетикалық ырғақтықтың көмегімен бір буындық қатарды, екінші буындық қатардан бөліп, айырады;

  8. дауыс шыққан жаққа бұрылады;

  9. кемінде 3 дауысты, дауыссыз дыбыстарды айтады;

  10. есту арқылы дыбысталу ұзақтығын ажыратады;

  11. есту арқылы таңдау бойынша 3-4 музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады;

  12. есту арқылы дыбысталу темпін ажыратады;

  13. естіп-көру және есту арқылы былдырды, толық сөздерді, дыбысқа еліктеулерді ажыратады;

  14. естіп-көру және есту арқылы дауыстың қарқындылығын ажыратады;

  15. таныстарының, жақындарының дауыстырын таниды.




Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет