“Қобыланды батыр” жыры. Алғашқы сын Қазақ әдебиеті 5-сынып Тлекешева Сафура Аскарбековна Естай Есжанов атынағы №9 орта мектеп Жітіқара қаласы



Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#98777
түріСабақ

Қазақ әдебиеті 10-сынып Тақырып: Индустрияландыру: Теміртау – қазақ Магниткасының көшбасшысы. 2 сабақ Тлекешева Сафура Аскарбековна Естай Есжанов атынағы №9 орта мектеп Жітіқара қаласы

Оқу мақсаты: 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау. Сабақтың мақсаты: Мәтін үзінділері арқылы болжам жасау; Өзі білетін ақпараттар негізінде тақырыпты жалғастыру. Бағалау критерийі: Мәтінде берілген мәселені анықтайды. Тілдік құралдарды таниды. Өз көзқарасын білдіріп, ойды жалғастырады.

  • Сұрақтар:
  • Индустралды мемлекет дегенді қалай түсінесіздер?
  • Модернизация дегеніміз не?
  • Тапсырма. Берілген тұтас емес мәтінді мұқият оқып, мәліметтерге талдау жүргізеді.
  • Мәтіндегі сандық және сөздік мәліметтер
  • Мәтіндегі негізгі аспектілер
  • Тапсырма. Жазылым жұмысы. Мәліметтерді қолдана отырып диаграмма сызыңыз.
  • 1. Қала тарихынан мәлімет
  • Теміртау-Қарағандының солтүстік батысында 35 шақырымдай Нұра өзенінің сол жағында орналасқан қала. Ол 1945 жылы 1 қазанда құрылған. Қала жайлы деректерге сүйенсек, бұрынғы Самарқанд поселкасы базасының орнына құрылып, оның орысша аудармасы «Железная гора», мұнда Қазақстан магниткасы деп атайтын Қазақ металлургия зауыты өмірге жолдама алған. Соғыс жылдарында КСРО-ның көптеген өнеркәсіп аудандары жау қолында қалғанда, Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қарағанды қаласының жанынан металлургия зауытының құрылысы туралы шешім қабылдап, 1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия зауыты іске қосылған деген мәліметтер бар.
  • 2. Теміртау- ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың қаласы.
  • Теміртау Қазақстанда және одан тысқары жерлерде еңбек жолының едәуір бөлігі өткен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаласы.
  • 1957 жылдың 3 желтоқсанында Қарағанды металлургия зауыты тұңғыш домна пешінің іргетасын орнату салтанаты болып өтті. Комсомол съезі жаңа зауытты Бүкілодақтық екпінді құрылыс деп жариялады. Теміртауға арман қуған мыңдаған жастар ағылды. Егер 1957 жылы 9 мың адам жұмыс істесе, 1958 жылы олардың саны 17 мыңнан асты, солардың 70 пайызы жастар еді. Жүрек қалауымен алып құрылысқа келген жас­тар арасында болашақ Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев та болды. Қарағанды облысына келген кезде Мемлекет басшысы әрдайым Теміртау қаласына барып, Қазақстан Магниткасының еңбек ардагерлерімен және жұмысшы жастарымен, Қарағанды металлургия институтының оқытушыларымен және студенттерімен кездеседі.
  • 3. Қаланың мәдени тынысы
  • Теміртау- елімізге ғана емес,республикамыздан өзге жерлерге танымал шығармашылық ұжымдарымен мақтана алатын, мәдениеті жоғары дамыған қала. Шаһарда балалар мен жасөспірімдер театры; тарихи-өлкетану мұражайы, Қалалық мәдениет сарайы; мәдени және демалыс бағы; Нашар еститіндердің Мәдениет үйі, «Ақтау» мәдени бос уақыттарын өткізу орталығы; екі кинотеатр жұмыс істейді. Теміртау қаласының аумағында қалаға ерекше көрік беретін мәдени орындар мен ескерткіштерге тоқталсақ,балалар мен жасөспірімдер театры; Мәдениет үйінің ғимараты; Ұлы Отан соғысында қайтыс болған теміртаулық жауынгерлерге арналған ескерткіштерді ерекше атап өтуге болады.
  • 4.Теміртау- ірі индустриалдық орталық
  • Қазіргі кезде қала аумағы 29610 га құрайды, онда 175267 адам тұрады. Өзінің экономикалық ерекшелігі бойынша Теміртау қаласы дамыған инфрақұрылымдарымен ірі индустриалдық орталық болып табылады, қалада 1201 кәсіпорын жұмыс істейді. Теміртау қаласының өнеркәсіптік өндірісінің құрылымы бойынша, металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу, химия өнеркәсібі, тамақ және ұн тарту өнеркәсібі, электрэнергетикасы, басқа да металл емес минаралды өнімдердің өндірісі бар.
  • 5. Қала туралы жалпы мәліметтер
  • Қаланың орналасқан аумағы- жалпы еңісі солтүстікке, су қоймасына қарай құйқалы қыраттар болып келеді. Оңтүстік жағынан қала биік төбелермен қоршалған, солтүстікте -су қоймасымен, шығыстан Қарағанды металлургиялық зауытымен шектеледі. 2018 жылдың 1қаңтардағы мәліметтер бойынша Теміртау қаласының жалпы жер қоры 30245 гектарды құрайды; ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатын жерлер – 2505 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптарының жерлері – 1795 гектар.

ЖЖ Оқылымнан кейінгі тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет