Обыр және обыралды аурулардың ерте диагностикасы



бет4/5
Дата18.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#197455
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жания ЖДТ 1
Дилдахан Дана , Дилдахан Дана Еп-20-3к6 , Эл есеп, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымд-emirsaba.org, 251499.pptx, Тоқжан Аягөз Бөж неврология, 242

Мақсатты топтар-50,52,54,56,58,60 жастағы әйелдер. Скринингтеу әдісі-маммографиялық: маммография әр сүт безіне екі проекцияда жасалынады. Онкодиспансерде жасалынып, архивте сақталынады. Күдік туған жағдайда әйелді шақыртып, бағытталған(прицельная) маммография жасалынып, ультрадыбысты тексерістен өткізіп, пункционды биопсия жасайды.

Ісікалды жағдайлар мен жатыр мойны ісігін скринингтеу

Мақсатты топтар-30,35,40,45,50,55,60 жастағы әйелдер. Скринингтеу әдісі-цитологиялық: жатыр мойнынан алынған жұғындыны цитологиялық тексерістен өткізеді. Цитологиялық тексеріс онкологиялық диспансерде зертзанада өткізіледі. Бұл жағдайдың бәрі арзивтелінеді. Цитология нәтижесіне байланысты гинеколог дәрігер әйелге күдікті аймақтардан биопсия алу арқылы кольпоскопия жүргізеді.

2013 жылдан бастап бағдарламаға келесі скрининг түрлерін енгізді.

2013 жылдан бастап бағдарламаға келесі скрининг түрлерін енгізді.

Ісікалды жағдайлар мен қуықасты безі ісігін скринингтеу

Мақсатты топтар-50,54,58,62,66 жастағы ер адамдар. Скринингтеу әдісі-простат спецификалық антигеннің дәрежесін анықтау(қуықасты безінің онкомаркері). Антигеннің жоғары көрсеткіштерінде (10нг/мл) УДЗ бақылауымен трансректальді полифокальді биопсия қаралған. ”Сұр зонада” (жалпы ПСА көрсеткіші 4-10нг/мл) қуықасты безінің денсаулық индексін бағалау,трансректальді УДЗ-мен урологтың қарауы. Көрсеткіштер бойынша қуықасты безінің полифокальді биопсиясы жасалынады.

Ісікалды жағдайлар мен өңеш жіне асқазан ісігін скринингтеу

Мақсатты топтар-50,52,54,56,58,60 жастағы тұрғындар. Скринингтеу әдісі-эндоскопиялық (эзофагогастроскопия). Көрсеткіштер бойынша өңеш және асқазанның күдікті аймақтарынан биопсия алынады.

Бауыр ісігін скринингтеу

Бауыр ісігін скринингтеу

Мақсатты топтар-вирусты және вирусты емес этиологиялы циррозы бар адамдар. Скрининг әдісі – вирусты этиологиялы цирроз кезінде әр 3 ай сайын альфа-фетопротеинді (бауырдың онкомаркері), вирусты емес этиологиялы циррозда әр 6 сайын УДЗ-мен анықтау. Бауыр ісігіне күдік туған жағдайда компьютерлік томография(магнитті резонансты) контрастирлеу арқылы күдікті аймақтардан биопсия алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет