Облыс қызылорда аудан/Қала жанақорған ауыл аққорған мектеп №256



Дата28.01.2018
өлшемі62,61 Kb.
#34509
ОБЛЫС Қызылорда

АУДАН/ҚАЛА Жанақорған

АУЫЛ Аққорған

МЕКТЕП №256

ПӘНІҢІЗ Бастауыш сынып

ФИО Сайфунова Меруерт Мансуровна

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.

1.әнұран

2.тақырыпты ашу. «Балалық шағымның аспаны»

Мұғалім: Бүгін 1-желтоқсан.Президент күні.Бұл күн кездейсоқ таң­далма­ды. Сонау 1991 жылы осы күні қазіргі Қазақстанның тарихында алғаш рет тікелей бүкілхалықтық президенттік сайлау болып өтті.
Мемлекет басшысы сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе және тағы бір сөзінде«Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.Еліміз дамыған елдердің сапына тұрып, санатына қосылу үшін өткенге көз жүгіртіп,өз ана тілімізді сақтап,ұлттық әдет ғұрыптарымызды сақтау біздің елдігіміздің керегесі кең, шаңырағы биік ,тәуелсіздігі тұғырлы болатынына халықтың сенімін оятты.

1.М.Шаханов «ТӨРТ АНА» Нүрила

-Олай болса,мына өлеңнен қандай құндылықтарды естіп білдік?

-Тарих,туған тіл, салт-дәстүр, туған жер.

-Ендеше, осы аталған құндылықтарымыздың сырын терең ұғыну үшін топтарымызға ат етіп алайық.



Топтарға тапсырма:

1-топ .Тарих тобы:Егемендік алғаннан кейінгі тарихи даталарды атау.

2-топ.Тіл тобы :Тіл туралы не білеміз?

Н.Назарбаевтың тіл туралы дәйек сөздері.



3-топ.Салт-дәстүр тобы:Салт-дәстүрден көрініс көрсету.
4-топ.Туған жер тобы:Менің-Отаным! Тақырыбында постер қорғау.

2.Президенттің туған жері.Жәния
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. .

3.Әкесі жайлы Азиз

Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.


Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

4.Анасы жайлы Жәния

Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.


5.Балалық шағы.Инабат

Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.



6.Студенттік шағы.Саида
Днепродзержинск техникалық училищесін 1960, Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғарғы техникалық оқу орнын 1967, Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін 1976 жылы бітірген. Экономика ғылымының докторы, академик.

7.Еңбек жолы. Жамила

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады.



Мұғалім:-Осылайша еңбек жолын қарқынды бастаған сан белестерден өзінің алғырлығымен ,еңбекқорлығымен биікке көтерілді.

8.Биіктерге жетуі. Анель

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Біз Президентіміз жайлы көптеген мағлұматтар біледі екенбіз.

Олай болса,әр топқа берілген тапсырмаларды тыңдайық


1-топ .Тарих тобына:Егемендік алғаннан кейінгі тарихи даталарды атау.

1-сұрақ.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп

қай жылы сайлады.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
2-сұрақ.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» қай жылы деп жариялады.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
3-сұрақ. Мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран қашан бекітілді.

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.


Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

4-сұрақ. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге қай жылы айналымға енді.
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,


Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
5-сұрақ. ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы»қашан қабылданды.
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
6-сұрақ. Жаңа әнұран қашан қабылданды?

2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.


Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
2-топ.Тіл тобына :Тіл туралы не білеміз?

Н.Назарбаевтың тіл туралы дәйек сөздері

«Қазақтың болашағы -қазақ тілінде»

«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»

«Ана тіліне мән бермеушіліктің,оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға апарары сөзсіз»

«Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде ,ең бастысыоқшауланудан,томаға тұйықтықтан қашу керек»

(тіл туралы оқушылар ойы)

3-топ.Салт-дәстүр тобына:Салт-дәстүрден көрініс көрсету.(ат қою)
4-топ.Туған жер тобына:Менің-Отаным! Тақырыбында постер қорғау.

Қорытынды: -Балалар біздің елбасымыз көптеген адамдардың арман тілектерін орындап жүргенін көріп жүрміз .Біз де хат жазайық «Елбасына хат»(әр топ жазу,оқу)

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»


Ән : «Үш қоңыр» орындайтындар Рамазан,Рамазан,Иманғали.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет