Өңдеу Мамандығы: Емдеу ісі 0301000 Курсы: 3 Семестрі: 5


дамыту: оқушыларда қыша қағаз, оңқа (банка), жылытқы, мұз мұйық, компресс қолдану қабілеттілігін дамыту. 5. Оқыту әдісі



бет12/13
Дата07.05.2017
өлшемі2,68 Mb.
#16178
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

дамыту: оқушыларда қыша қағаз, оңқа (банка), жылытқы, мұз мұйық, компресс қолдану қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • енжар науқастарды тамақтандыру

  • ауыр науқасты тамақтандыру

  • келушілердің тамақтарын бақылау

  • зонд, гастростома аркылы тамақтандыру

  • тік ішек арқылы қоректік қоспаларды жіберу техникасы

  • парентеральды тамақтандыру

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


  • қарапайым физиотерапия түсінігі, әсер ету механизмі

  • қарапайым физиопроцедурапың түрлері

  • қыша қағазы, грелка, мұзды мұйық, компресстердің әсер ету принциптері, емдік эффекті

  • компресстердің түрлері

  • қыша қағазы, грелка, мұзды мұйық, компресстерге көрсетілімдер және кері көрсетілімдер

  • процедураны жүгізу үшін қажетті көрнекілер

  • процедураны қабылдау кезінде пайда болатын асқынулар және техника қаіпсіздігі

  • құралдарды өңдеу

Физиотерапиялық әдісіне қанайналуы кіреді. Біз білеміз, теріде көптеген нерв талшықтары болады, осыған байланысты қанайналу процессіне әсер етеді, рефлекстер арқылы теріден ішкі ағзаларға. Тітіркендіру арқылы нерв рецепторларында жылулыққа венадағысы кеңейеді, суық жерде аз уақыт ішінде кеңейеді.

Физиотерапия (грек. Physis – табиғат, Therapeia – емдеу, синонимдері физикалық терапия, физиатрия). Медицинаның бөлігі, ол физиологиялық және емдеу әдістерін табиғи және жасанды жолмен жасалған физикалық факторларды және жұмыс түрін пайдалануда олардың профилактикалық және емдеу тәсілдерін зерттейді: физикалық әдісін емдеу және оларды практикада қолдау.

Физиотерапияны қолдануға көрсетілімдер, физиотерапиялық әдісі беткейлі региональді және орталық қан айналуды жақсартады, ұлпаның трофикасын жақсартады, нейрогумаральдық регуляцияны қалыптастырады, және иммундық жүйенің бұзылуын қалыптастырады. Физиотерапия әдетте қызбалы жағдайда кері көрсетілім береді, аурудың тез таралуы, ағза – инфекциялық аурудың ең жоғары сатысында, туберкулездің актив кезеңінде, жаңадан пайда болған жаман сапалы және олардағы өзгерістерге көз қарас, қан жүйесінің ауруы, қан кетуіне дағдыланған және қан кетуі; қан айналымының жүрек тамырларының жетіспеушілігі ауруы қан айналымының ІІ сатысынан жоғары аортаны аневризмасы және үлкен тамырларда олар ауруға шалдығуы тез қозудан пайда болады. Емдеуде және профилактикада физикалық факторларды пайдалануда физиотерапиялық кабинеттерде және емхана, поликлиника бөлімдерінде жүргізіледі. Поликлиникада және басқа да емдеу – профилактикалық, қажет кезде емханалық палаталарда және үйлерде жүргізіледі. Физиотерапиялық бөлімшелер емханада жұмысты орындайды, және поликлиникада 10 дәрігерден кем болмаған жағдайда. Профилактикалық ұйымдар жас балдардың арасында жүргізледі, (өндірістік, демалыс үйлерінде санаторияларда). Физиотерапиялық бөлім ірі емхана және поликлиниканы басқарады. Дәрігер – физиотерапевт, арнайы дайындықты өткен кезде орта медбике жұмысшы физиотерапиялық жұмысқа жіберілмейді, тек қана арнайы дайындықты өткен соң.

Жылумен емдеу – ағзаға жылумен әсер ету емдеу мақсатында. Жылулық әсер адам терісі жылулыққа тигенде әсер етеді, сонда жылу алмасу жүзеге асырылады жылу өткізгіштік заңдылығымен немесе жылу ағзаның ішінде пайда болады, жұтылған энергиямен физикалық факторлардың әсерінен пайда болады. Термин “жылу-емдеу” әдетте емдеу процедураларында кең тараған, сол кезде жылулық әсер жалғыз және анықталған кезде болады. Көп кезде оқиғаларда бұл тәсіл экзогенді жылулықты пайдалануда: грелка, күйдіру компрессоры, припарки, сумен емдеу тәсілдері, балшықпен, жарықпен емдеу және т.б.

Жылумен емдеуде әр түрлі озокерит және парафинмен емдеу, сол кезде жылытылған озокерит, парафин заттары қолданылады.



Озокериттпен емдеуде озокеритті қолданамыз – мұнайлық битумның минералды топтары. Жоғарғы жылуды қолдану, озокериттің эффективтілігі жылу тасмалдауының бәсең жылу беру және минемальді жылу өткізгіштігінде. Олардың қыздыру температурасы 40-50°С (бірінші қабат) және 60-70°С (екінші қабат) күйікті болдырмайды. Жылу берудің негізгі факторлары механикалық және химиялық. Озокеритпен емдеуде ванналар, жағулар, физиотерапиялық әдіспен аппликациялау (гальванизация, электрофорезбен, ультродыбысты терапия, жарықпен емдеу, массаж және т.б.).

Парафинмен емдеудің нәтижесі. Парофинде озокерит компрессивті әсер етеді. Парафин сулы баняда 65-100 °С жүзіп жүреді және ванна түрінде және аплекация түрінде қолдандады. Озакеритпен емдеуде, парафинмен емдеуде және жылумен емдеудегі көрсетілімдер мен терінің кері көрсеткіштері.

Жылумен емдеудің механизімі өзгеріп тұрады , жергілілікті және жалпы қан айналымда, қан ағуын жылдамдатады, копилярлардың қызыметін жоғарлатады . Жылумен ұзақ емдеуде тері қызуы жоғарлайды. Жылумен емдеу кезінде жүрекжиырылады, қан қысымы төмендейді,тынысалу тереңдігі және жиілігі жоғарлайды , бұлшықет тонусы кішірейеді, эндокринді бездердің функциясы өзгереді. Ішкі ағзалар өзгереді әсіресе жүрек-қан тамыр жүйесі, бірақта олардың функциональді жағдайына байланысты.

Жылумен емдеудің көрсетілімдері: Тірек қимыл аппаратының ауруларында, орталық және перифериялық нерв жүйелерінің аурулары және жарақаттан кейінгі өзгерісте, көптеген ішкі жүйелердің аурулары,периферияялық қантамырлары, тері аурулары, көз, құлақ, күйіктен және үсіктен кейін жылумен емдеудің обсалютті кері көрсетілімдер: Қатерлі және қатерсіз ісіктерде, туберкулердің активті түрінде, қан кетуде,қан айналым жетіспеушілік сатыларында.

Көрсетілімі:перифериялық, региональді және орталық қан айналымды жақсартады, ауырсынуды басады, тіндердің трофикасын жақсартады, нейрогуморальді регуляцияны және бұзылған иммунды процесстерді қалыптастырады.

Қарсы көрсетілімі: лихорадка жағдайы, қабыну процессінің өршуі, ағзаның жүдеуі, жұқпалы аурулардың жіті сатысы, активті туберкулез процессі, қатерлі ісіктер және оларға күмәндану, қанның жүйелі аурулары, қансырау және қан кетуге бейім кездер, қан айналым жетіспеушілігінің ІІ дәрежесімен өтетін жүрек қан-тамыр аурулары, ірі қан тамырлардың және аортаның аневризмасы, орталық жүйке жүйесінің аурулары; ЕП-мекемеде, емханада, ауруханада және физиотерапиялық процедура бөлмелерінде физикалық факторлардың емдік және алдын-алу мақсатында қолдану, қажеттілігіне байланысты аурухананың палаталарында және науқастың үйінде де жасауға болады. Физиотерапиялық бөлмелер ауруханада орналасады және кем дегенде 50 орынды болу қажет. штатында 10 дәрігері бар емханаларда да арнайы физиотерапиялық бөлмелер болады.

Алдын-алу шаралары: бала бақшада, өндірістік жұмыстарда, демалыс үйлерінде және санаторияда жүргізіледі. Ірі ауруханаларда және емханаларда физиотерапия бөлімін дәрігер-физиотерапевт басқарады.

Ванналар-гигиеналық, алдын-алу және емдік мақсатта күн сәулесімен, ауа және сумен ағзаға әсер етуді айтамыз. «ванналар»- терминін сумен емдеу деп түсінуге болады, ауа және күн сәулесі арқылы сумен емдеу түрлерін ажыратуға болады.

Емдік ванна- сумен емдеудің негізгі түрі болып табылады. Жалпы, жартылай және жергілікті ванна түрлерін ажыратады. Ұзақтығы: 10-20 минутқа дейін, қабылдау курсы 10-15 ванна. Емдік ваннаны күн ара немесе екі күн қатар сосын бір күн үзіліс жасайды. Ванналарды сумен емдеу бөлімінде немесе арнайы емдік және алдын-алу мекемелерінде қолданылады. Жанұя бір мүшесінің бақылауымен дәрігер тағайындауы бойынша емдік ваннаның белгілі бір түрін үй жағдайында қолдануға болады; егде жастағы науқастар және жас сәбиле ванна қабылдаса оларды ерекше бақылау қажет. Ваннаға түсіп болған соң құрғақ және жылы сүлгімен сүртініп, одан соң 30 минут демалу қажет.
Су температурасына байланысты ванналар бөлінеді.



Су tºC

ұзақтығы

1

Өте суық 12 tºC дейін

1-3 минут

2

Суық 20 tºC дейін

1-5 минут

3

Салқын 20-30 tºC дейін

3-5 минут

4

Индифферентті 30-37 tºC

30 минут

5

Жылы 38-42 tºC

5-10 минут

6

Ыстық 42 tºC жоғары

3-5 минутқа дейін

Өте суық, суық және салқын ванналар: адамды сергітеді, зат алмасу процессін жақсартады, жүрек қан тамыр және жүйке жүйесінің қызметін жақсартады. Жылы және индифферентті ванналар: ауырсыну сезімін басады, бұлшық етті тырысуды босаңсытады, седативті әсер етеді, ұйқыны қалыптастырады және ОЖЖ қызметін жақсартады.

Ыстық ванна терлетеді және зат алмасу процессін жақсартады. Су құрамына байланысты емдік ванналар: тығыз (тығыз су), дәрі-дәрмекті (дәрі-дәрмек қосылған тығыз су) және минеральді (шынайы немесе табиғи минеральді су). Тығыз судан жасалған ваннаның құрамына адам денесіне әсер ететін су массасының қысымы (механикалық фактор) және температурасы болып табылады. Жалпы тығыз судан дайындалған ваннаның температурасы жылы және индифферентті болады. Жалпы тығыз контрастты ванналарда қолданылады: мұнда науқасты салқын ваннадан (немесе суық) ыстық ваннаға (немесе жылы) кезекпен алмастырып түсіреді, яғни екі судың температурасының арасы 20tºC дейін болу керек. Бұл ванналарды арнайы сумен емдеу мекемелерінде дәрігер тағайындауы бойынша жүргізу қажет. Аяқ-қол қан тамырларының аурулары кезінде немесе денені шынықтыру (закаливания) мақсатында, респираторлы ауруларға жиі бейім кезінде контрастты ванналар ұсынылады. Түнде ұйықтай алмайтын, респираторлы аурулармен ауыратын, аяқ басы буынының қабыну аурулары кезінде қолы және аяғына ыстық және жылы ванналарды тағайындайды. Ағзаға ванналардың механикалық фактор әсері толқындар арнайы генератор (вибрациялық ванналар) көмегімен судың әр қабатынан берілетін вибрациялар дененің белгілі бір аймағына қосымша әсері күшейгеніне байланысты. Мөлшерленген механикалық толқындар лимфа және қан айналымды жақсартады, тіндерге қоректі заттардың түсуін қамтамасыз етеді, ауырсынуды басады.

Емдік ванналарды тағайындауға қарсы көрсетілімдер: барлық аурулардың жіті кезеңі, созылмалы аурулардың өршу кезеңі, жүрек ырғағының қолайсыз болжамды бұзылыстары, қан айналым жетіспеушілігінің ІІ дәрежесімен өтетін жүрек қан-тамыр аурулары, бас ми және жүрек қан тамырларының атеросклерозбен айқын зақымдалуы, жиі ұстамалармен қайталанылатын стенокардия (ФК ІІІ-ІV), жүрек аневризмасы, артериальді гипертензия ІІІ дәрежелі, ауырсынуының басталуынан 6 ай бұрын болған инсульт, ауыр церебральді кризбен өтетін гипотониялық аурулар, қан кетуге бейім қатерлі ісік аурулары, активті фазадағы өкпе туберкулезі, жұқпалы аурулар, глаукома (процестің өршу кезінде), кейбір тері аурулары, жүктіліктің ІІ-ІІІ жартысы, жатырдың фибромиомасы, мастопатия.

Дәрі-дәрмекті ванналар: сумен емдеу мекемесінде жүзеге асырылады, кейбір түрлерін дәрігер тағайындауы бойынша үй жағдайында қолдануға болады. Дәрі-дәрмекті ванналарға жатады: хвойлы, қышамен, крахмалмен, калий перманганатымен, шалфей жиынтығымен және бірнеше қосылыстардан жасалған ванналар. Хвойлы ваннаны 200мл суға 50-70г немесе сұйық экстрактысының 100мл қосып дайындайды. Экстрактісіндегі эфир майы терідегі жүйке талшықтарын тыныштандырады, дайындалған судың түсі және иісі орталық жүйке жүйесін тыныштандырады.
Сумен емдеуге көрсетілім және кері көрсетілімі қандай?

Көрсетілімі: созылмалы аурлардың өршуінің және суық тиіп ауырған аурулардың алдын алу және оларды емдеу мақсатында қолданады.

Кері көрсетілімі: бас ми және жүрек қан тамырларының атеросклерозбен айқын зақымдалуы, артериальді гипертензия ІІІ дәрежелі, жұқпалы аурулар, активті фазадағы өкпе туберкулезі, қан кетуге бейім қатерлі ісік аурулары, қансырау, қан аурулары.
Сумен емдеу үшін қандай процедуралар қолданылады?

Сумен емдеудің курсы: 12-30 процедура, күнде немесе күн ара. Сумен емдеу процедурасына ванна, душ, ішекті жуу, шомылу, үстіне су шашу және т.б. жатады.


Клиникада емдік ваннаның қандай түрлері қолданылады?

Ванна жалпы және жергілікті болады. Жергілікті ванна 3-ке бөлінеді:



  1. жартылай (беліне дейін).

  2. отыру (бөксесі, іштің төменгі бөлігі, санның беткейлі бөлігі суға батады).

  3. аяғын салу (тағайындауға байланысты тізеден аяқ басына дейін)

Су температурасына байланысты:



Су tºC

ұзақтығы

1

Өте суық 12 tºC дейін

1-3 минут

2

Суық 20 tºC дейін

1-5 минут

3

Салқын 20-30 tºC дейін

3-5 минут

4

Индифферентті 30-37 tºC

30 минут

5

Жылы 38-42 tºC

5-10 минут

6

Ыстық 42 tºC жоғары

3-5 минутқа дейін

Ванналарды қабылдау ұзақтығы15-30 минутқа дейін.


Температурасына байланысты науқас ағзасына ванналардың әсер ету ерекшеліктері қандай?

1

Өте суық

адамды сергітеді, зат алмасу процессін жақсартады, жүрек қан тамыр және жүйке жүйесінің қызметін жақсартады.

2

Суық

3

Салқын

4

Индифферентті

ауырсыну сезімін басады, бұлшық етті тырысуды босаңсытады, седативті әсер етеді, ұйқыны қалыптастырады және ОЖЖ қызметін жақсартады.


5

Жылы

6

Ыстық

терлетеді және зат алмасу процессін жақсартады.


Емдік ванналарды науқас қабылдау үшін процедураны өткізудің жалпы ережелері қандай?

Ванна бөлмесінде ауа температурасы 25ºC төмен болмау және жан – жақтан улемеу қажет. Ваннаға түсер алдында оны жақсылап жуу қажет. Ваннаның қай түрі болсын процедураны орындау кезінде оны жалғыз қалдыруға болмайды және жалпы жағдайын бақылау, терісінің түсін қадағалау және PS-санап тұру керек.


Қарапайым гигиеналық ванна қандай жағдайларда қолданылады?

Гигиеналық ваннна санитарлы өңдеудің бір әдісі болып табылады. Су tºC 36-38 ºC, процедураның ұзақтығы 20-30 минут. 6 айға дейінгі балалар күнделікті гигиеналық ванна қабылдайды.


Жәймен су температурасын көтеріп отыратын жалпы ванна қалай жүргізіледі?

Жәймен су температурасын көтеріп отыратын жалпы ванна тыныс алу және қан айналым жүйесіне қатты әсер ететін тітіркендіргіш болып табылады. Сондықтан процедураны орындау барысында пульсі және тынысы жиіленеді. Түскі асты қабылдағанына 1 сағат өткен соң ваннаға түседі. Медбике су температурасын 37-ден 40-42ºC көтере отырып науқастың жалпы жағдайын қадағалайды. Процедураны қабылдау ұзақтығы 20 минут. Ваннаға түсіп болған науқасты жылы және құрғақ сүлгімен сүртіндіреді, жылы төсекке жатқызып, үстіне көрпе жабады.


Інжу-маржанды ваннаны қалай түсінесіз?

Суды қатты қысыммен ағызғанда, ауа көпіршіктері інжу-маржанды елестетеді, сондықтан мұны інжу-маржан ваннасы деп атайды. Су температурасы 35-37ºC, процедураны қабылдау ұзақтығы 10-20 минут, күнде қабылданады. Емделу курсы- 15 ванна.


Қышамен ваннаны қалай дайындайды?

Жалпы қыша ваннасын дайындау үшін 10л суға (судың температурасы 38-40ºC) 200-300г құрғақ қышаны салып, жақсылап араластырып, оны ваннаға құяды. Бұл кезде ваннадағы судың температурасы 37-38ºC. Процедураны қабылдау ұзақтығы 10 минут. Емделу курсы- 15 ванна.



Натрий хлоридті ваннаны қалай дайындайды?

Хлоридті натрий ваннасын 100л суға 2,5кг тұзды ыстық суда еріту жолымен дайындайды. Суды 35-36ºC дейін суытады. Ваннаға 10-15 минут өткен соң түседі. Емделу курсы: 15 процедура.


Радонды ваннаны қалай түсінесіз?

Радонды ваннаны дайындау жеке қауіпсіздік шараларын және инструктажды сақтауды талап етеді. Радий ыдыраған кезінде алынған радон ерітіндісінен ваннаны дайындайды. Су температурасы 35-37ºC, процедураның ұзақтығы 10-15 минут және күн ара түседі.


Оттегі ваннасын қалай дайындайды?

Оттегі ваннасын процедура алдында дайындайды. 200л көлемді ваннаға 100г натрий гидрокарбонатты себеді, 5% 50мл мед сульфатының ерітіндісін және 200мл техникалық пергидрольді құяды. Суды жақсылап араластырады, 10 минуттан соң оттегі көпіршіктері максимальді көбееді және науқасты ваннаға түсіреді. Су температурасы 35-37ºC, процедура ұзақтығы 10-15 минут, емделу курсы – 15-20 ванна, күнделікті немесе күн ара.


Калий перманганатымен ваннаны қалай дайындайдыжәне қандай жағдайларда қолданады?

Калий перманганатымен ваннаны балалардағы тері ауруларында қолданады. Ваннаға 5% калий перманганат ерітіндісін аз ғана, боз-қызғылт түске боялғанша (10л суға 2-3 кристаллын) салады. Су температурасы 37-38ºC, процедура ұзақтығы 5-10 минут, емделу курсы – 6-10 ванна, күн ара.


Крахмалды ваннаны қалай дайындайды?

Крахмалды ванна адам терісін құрғатады және қышынуға қарсы әсер береді. Картоп крахмалын мұздай суда ерітіп (100г 10л суға) ваннаға құяды. Су температурасы 37-38ºC, процедура ұзақтығы 7-10 минут, емделу курсы – 10-15 ванна, күнделікті немесе күн ара.



Салқын және ыстық душ адамға қалай әсер етеді?

Салқын және ыстық душқа аз уақытқа түскен кезде адамды сергітеді және тонусын жоғарылатады, ал ұзақ уақытқа түскенде зат алмасу процессін жақсартады, қимыл қозғалысқа қатысатын және сезімтал жүйкелердің қозуын төмендетеді. Жылы душ седативті әсер береді.


Циркулярлы душты қалай жүргізеді?

Науқасты циркулярлы душқа түсіру үшін су шығатын кішкене саңлауы бар жүзік тәрізді және вертикальді түтігі бар арнайы қондырғы көмегімен орындалады. Су температурасы 35-25ºC, қысымы: 1-1,5атм және емделу курсы – 15-20 процедура.


Минеральді ванналар бальнеотерапевтті курорттарда қолданады. Курорттан тыс бальнео- немесе сумен емдеу мекемелерінде мұндай ванналарды арнайы дайындалған минеральді су көмегімен жүзеге асырылады, бұл үшін қажетті химиялық заттарды суда ерітіп даярлайды.

Сумен емдеу мекемелерінде вентиляция қондырғысы болу керек. Радон және т.б. заттардың құрамын анықтау үшін ауа сынамаларын жүйелі алу кезінде жеке қауіпсіздік шаралары қаралған. Ауадағы радоннның концентрациясы 55 Бк⁄л аспауы, ал радоннан ыдырап шыққан өнімдер 3,8∙10.4 МэВ⁄л жоғары болмауы қажет.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 мин (35%)

Аудиториялық жұмыс: бөлімшелерде мұзды мұйық, компрес қолдануды үйрену



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1.Мұзды мұйықтан соң қандай асқынулар пайда болуы мүмкін ?



    1. Инфильтраттың қатайуы

    2. Терінің күлдіреуі

    3. Инфильтраттың жарылуы

    4. Терінің тартылуы

2. Суық комрессті қандай жағдайда қолданасыз ?

      1. тұншығуда

      2. бас ауырғанда

      3. бүйрек шаншуында

      4. инфильтраттың іріңдеуі

      5. жарақаттың қанауы

3. Компрессті қою уақыты ?

      1. 6-8 сағат

      2. 30 минут

      3. 2-3 сағат

      4. 12-14 сағат

4. Қыздыратын компресстің дұрыс қоылғанын қалай тексересіз ?

1) 2 сағат өткен соң компресстің астына саусақты енгізіп, оның ішкі қабаттарын анықтау

2) 2 сағат өткен соң копрессті шешіп ,тексеріп көру

3) 2 сағаттан соң шешіп көру

4) 2 сағаттан соң науқастың сезімін сұрау

5) 2 сағаттан соң, егер сарғаю байқалса

5. Суық компрессті ауыстыру жиілігі

1) сальфетка қызғанда

2) құрғап қалғанда

3) 2-3 минуттан соң

4) науқас суықты сезгенде

5) 10-15 минуттан соң

6. Қыздырушы комресс үшін не қажет ?

1) лоток, су, сальфетка, целлофан

2) жылы су, спирт, сальфетка, компресс қағазы, мақта, бинт

3) 2% хлорамин ерітіндісі, мақта, сальфетка, целлофан

4) Эсмарх кружкасы, су, мақта, спирт, клеенка

5) лоток, мақта, бинт, жасыл ерітінді, клеенка

7. Ылғалды компресс болмауы керек

1) суық


2) ыстық

3) қыздырушы

4) дәрілік

5) горчичникпен

8. Мұзды мұйықты қолдануға болмайды

1) жедел холецистит, жедел панкреатит

2) өкпеден қан аққанда

3) бүйрек шаншуында

4) жоғары қызбада

5) жарақаттың бірінші күнінде

9. Грелканы қолдануға болмайды

1) ішек коликасында

2) бүйрек коликасы

3) қабынған инфильтраттарда

4) жедел холецистит, жедел панкреатит

5) қызбаның бірінші кезеңінде

10. Мұзды мұйықты, грелканы дезинфекциялайды

1) 6% перекись водород ерітіндісі

2) 0,015% деохлор ерітіндісі (2 рет сүртіледі)

3) 0,5% гигасепт ерітіндісі ( толық саып қою)

4) кез келген жуатын ерітіндімен


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет