Өңдеу Мамандығы: Емдеу ісі 0301000 Курсы: 3 Семестрі: 5


Оптикалык жүйесі бар катетрлерді және аспаптарды зарарсыздандыру



бет6/13
Дата07.05.2017
өлшемі2,68 Mb.
#16178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Оптикалык жүйесі бар катетрлерді және аспаптарды зарарсыздандыру.

Оптикалық жүйесі бар катетрлер мен аспаптарды формалиннің буында 48 сағат бойы зарарсыздандырады, немесе 25-30 мл таза формалин, үштік ерітінді немесе «Дезоксон-1» ерітіндісі немесе сынаптың оксицианид (1:1000) ерітіндісі күйылған ыдыска салып зарарсыздандырады.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 62 мин (35%)

Аудиториялық жұмыс: орталық залалсыздандыру бөлімінде жұмыс істеу



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Тесттер:

1. Дезинфекция сатыларын және аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы тазалауды атаңыз:

1) ыстық жуатын ерітіндіде 15 минут бойы сулау

2) ағын судың астында жуу

3) ыстық ауамен қүрғату шкафында кептіру

4) ағын судың астында жуып, дистиллденген суда жуу

5) мата-дәкерлі тампонның көмегімен аспаптарды жуатын ерітіндіде жуу.

6) аспаптарды 3% хлорамин ерітіндісінде дезинфекциялау

2. Аспаптарды зарарсыздандыруда зарарсыздандырудың қандай тәртібін қолданады (температура, уақыт, қысым):

1) құрғақ шкафта

2) автоклавта

Сәйкестікті табыңыз

1) температура 120 С

2) температура 132 С

3) температура 160 С

4) температура 180 С

5) қысым 1,1 АТМ

6) қысым 2 АТМ

7) уақыт 20 мин

8) уақыт 45 мин

9) уақыт 60 мин

10) уақыт 120 мин

3. Кесетін аспаптарды қалай зарарсыздандырады?

1) автовславта

2) қүрғақ шкафта

3) 96% этил спиртіне 2 сағат салып қояды

4)1 сағат бойы кайнатады

5) дезинфекциялы камерада

4.Қолданылған қолғаптарды зарарсыздандыру кезіндегі зарарсыздандыру тізбегін анықтаңыз?

1) талькпен ішін және сыртын толтырады

2) автоклавта зарарсыздандырады

3) дәкерлі қағазбен орайды

4) кептіреді

5) 2% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат бойы жарарсыздандырады

6) ағынды судың астында жуады

5. Оптикалық жүйесі бар аспаптарды қалай зарарсыздандырады?

1) автоклавта

2) пароформалинді камерада 48 сағат

3) құрғақ шкафта

4) 2 сағат қайнатады

5) күйдіреді

6) таза формалинде

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңцаңыз:

А) 4,5


Б)1,2,6

В) 2,3,5

Г) 2,6

Д)2,4


6. Аспаптардағы канның ізін анықтайды

1) индикатормен

2) баканализбен

3) бензидинді сынамен

4) фенолфтолейнді сынамен

7. Аспаптарда жуғыш заттардың қалғанын анықтайды

1) индикатормен

2) баканализбен

3) бензидинді сынамен

4) фенолфтолейнді сынамен

8. Манипуляциядан кейінгі аспаптарды ендеудегі бірінші этап?

1) ағын сумен жуу

2) 3% хлорамин ерітіндісінде салып кою

9. Бұйымдарды химиялык әдіспен зарарсыздандыруда мына ерітіндіден басқасының барлығы қолданылады:

1) 3% сутектің асқын тотығы

2) 6% сутектің асқын тотығы

3) дезоксон-1

4) хлоргексидин

5) 96% этил спирті

10. Шприцтерді, аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы евдеудің бірінші этапы болып табылады:

1) ағын сумен жуу

2) «Биолот» еретіндісінде сулау

3) 1% хлорамин ерітіндісінде сулау

4) 3% хлорамин ерітіндісінде сулау



Ситуациялык есептер.

1. Аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы ендеуде фенолфтолейнді сына алғанда аспаптар кызыл түске боялды. Осы кездегі сіздің тактикаңыз?

2. Оптикалық жүйесі бар аспап пароформалинді камерада 8 сағат бойы зарарсыздандырылды. Бүл аспаппен ауруды тексеруге болады ма?

12. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



13. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н -1, 2 - бөлім , 154 – 173 бет


6 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық құралдарды тазарту кезеңдері.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: практикалық

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: Оқушыларды медициналық тағайындалған заттарды өңдеу кезеңдерімен, қалдықтар класстарымен таныстыру.

  • тәрбиелік: Оқушылардың мінезін залалсыз, таза ауруханалық ортасына, емдеу мекемелерінде этикалық – деонотологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

  • дамыту: Оқушыларда медициналық тағайындалған заттарды өңдеуді, қалдықтар класстарын ажырата білу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.



  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

    1. дезинфекция түсінігі, оның мәні.

    2. дезинфекцияның түрлері (ошақты, профилактикалық, күнделікті, қорытынды).

    3. дезинфекцияның әдістері, (физикалық, химиялық, механикалық, комбинирленген).

    4. дезинфекцияның заттары (физикалық: жоғары температура, иондаушы сәуле, УКС, күн спектрінің сәулелері; химиялық: сілтілер, қышқылдар, толық қосылыстары және ҚР санитарлық-эпидемиялық бақылауымен қолдануға рұқсат етілген және тіркелген басқада залалсыздандыру заттары).

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)

Жоспар:


  • медициналык аспаптарды өндеудің 3 сатысын (дезинфекция, зарарсыздандыру алдындағы тазалау, аспаптарды зарарсыздандыру);

  • дезерітінділерді дайындау және медициналық аспаптарды өңдеудің бірінші сатысын жүргізу;

  • зарарсыздандыру алдындағы тазалау туралы түсінік;

  • жуғыш комплексті дайындау және екінші этапты жүргізу;

  • жүмысшы дезерітіндіні және жуғыш комплексті колдану үзақтығы;

  • аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы тазалау сапасын бақылау (фенолфтолейнді, амидопиринді, азопирамды сынаптар);

  • медициналық аспаптарды өндеудің үшінші сатысы - зарарсыздандыру;

  • аспаптарды, қолғаптарды, таңу материалдарын, оптикалық аспаптарды зарасыздандыру.

Құрал-саймандармен жұмыс істеу кезіндегі болатын травматизмнің жиі кездесетін себептері:

  • кесетін құрал-саймандарды дұрыс қолдана алмау, бір рет қолданылатын шприцтің қолданылған инесіне қалпағын кигізіп қою, егудің дұрыс техникасын білмеу; нэтижесінде саусақтарын кесіп, ине шаншып алу;

  • биологиялық сұйықтықтармен дүрыс сақтап жұмыс істеу нәтижесінде, киімге, терісіне, бет, ерніне, көздің, мұрынның кілегей қабығына түсуі.

Диагностика, емдеу манипуляцияларында, операция уақытында алған медицина қызметкерлерінің барлық жарақаты медицина қызметкерлері травматизмін тіркеу журналына енгізіледі. Жеке басының қорғану тосқауылдарын қалай жүзеге асыру, сақтану шараларын күшейту мақсатында әрбір болған травматизм зерттеліп отырады, эр травматизмде шұғыл көмек көрсетілуі керек.
Медициналық құрал-саймандар және жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтану шаралары.

Егу бөлмесінде науқас ауруының жұқпалы екендігін білу мүмкін емес, сондықтан ҚР ДСМ 26.11.2002ж шыққан № 1050 «Республикада вирусты гепатит ауруын азайту шаралары жөнінде» бұйрығында көрсетілген сақтану ережелерін қолдану керек.



  1. Жұмыста мүмкіндігінше 1 рет қолданылатын құрал-саймандарды қолдану жөн.

  2. Құрал-саймандарды «Медицинада қолданылатын заттарды зарарсыздандыру және дезинфекциялау тәсілдері, құралдары, тәртіптері» №9-01-001-76 СанПиН; «Адамның иммунтапшылық вирусымен (АИТВ) күресте эффективті зарасыздандыру жэне дезинфекциялау әдістемелері бойынша нұсқаулар» СПИД №2 1989ж БДЦСҮ инструкциясына сәйкес өңдеу.

  3. Науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтықтарын жұқтырып алмау үшін барлық манипуляцияларды резеңке қолғап (латексті), маска, алжапқыш киіп жасау және қасында тағы бір маман болуы керек.

  4. Жөкемен (щетка) қолды жууға болмайды.

  5. Бір рет қолданылатын шприцтің қолданылған инесіне қалпағын кигізбеу керек. Оларды бөлек-бөлек шприцпен бірге арнайы қорапшаға салып жағады.

  6. Қан және де биологиялық сұйықтықтармен ластанған кұрал- саймандарды
    дез. ерітіндімен жуғаннан кейін ғана бөлшектеу керек.

  7. Шприц, пробирка, мақта тампондарын дезинфекциялау үшін жұмыс орындары жаңа дайындалған дез. ерітінділермен қамтамасыз ету керек.

  8. Егу кабинетінде апаттарда қолданылатын аптечка (Анти-СПИД) болуы керек.

  9. 3ертханаға жіберілетін жолдама бланкілерін пробирканың сыртқы жағына жапсыру керек.

Адамның иммунтапшылық вирусына (ВИЧ) күдікті биологиялық сұйықтықтарға жатады:

Қан және оның компоненттері; жұлын (цереброспинальды) сұйықтығы;


ұрық сұйықтығы.

ана сүті; қынап бөлінулері; зәр; сілекей; көз жасы; нәжіс.


Науқастың қаны және басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы берілетін вирусты және бактериалды инфекцияны жұқтыру қаупі бар жерлердегі медбике жұмысының
ерекшелігі.

Жұмыс істеп жатқанда, медбикенің қолына, көзінің, мұрынының кілегей қабығына, бетіне, киіміне биологиялык заттар түскен жағдайда, апат кезіндегі қажетті аптечканы қолдану керек.

Апат кезінде қолданылатын аптечка (Анти-СПИД)


Құрамы:

1

Крафт-пакеттегі таңу материалдары

Салфеткалар, мақта тампондары, турундалар (стерильді)

2

Крафт-пакеттегі көз пипеткалары

4 дана

3

Ерітінділерді араластыруға арналған ыдыстар (төмен қара)

3 дана (стерильді)

4

Ундинка (көзді жууға арналған стакан)

2 дана (стерильді)

5

70° этил спирті

100 мл

6

5 % йод

10 мл

7

0,05 % калий перманганаты

10 мл

8

1 % протаргол

10 мл

9

6 % сутегінің асқын тотығы

100 мл

10

Резеңке саусаққап

2-3 дана

11

Бактерицидті лейкопластырь

2-3 дана

12

Қайшы

1 дана

Кейбір асептикалық заттар сақталып қойылып, қолданылатын уақытта дайындалады. Оларға мыналар жатады:

  1. Протаргол 0,1 г - 3 қорап

  2. Калий перманганаты 0,005г - 3 қорап

  3. стерильді дистильденген су 10 мл-ден - 6 ампула


Манипуляцияны жасап болған соң медбике міндеті:

1. Төменде берілген ерітінділердің бірімен құрал-саймандар мен таңу материалдарын қайта дезинфекциялау:

  • хлораминнің 3% ерітіндісі - экспозициясы-60 мин.

  • кальций гипохлоридінің 1,5% ерт. - экспозициясы-60 мин.

  • 4% сутегінің асқын тотығы - экспозициясы-90 мин.

  • Вирконның 2% ерітіндісі - экспозициясы-10 мин.

2, «Медицинада қолданылатын заттарды зарарсыздандыру және дезинфекциялау тәсілдері, құралдары, тәртіптері» №9-01-001-76 СанПиНу; «Адамның иммунтапшылық вирусымен (АИТВ) күресте эффективті зарасыздандыру және дезинфекциялау әдістемелері бойынша нұсқаулар» СІІИД №2 1989ж БДДСҮ инструкциясына сәйкес зарарсыздандыруға дейін өңдеуді және зарарсыздандыруды жүргізу.

З.Жұмыс столының бетін манипуляциядан кейін ұсынылған дез. ерітінділермен немесе хлораминнің 3% ерітіндісіне малынған жөкемен (ветошь) өндеу керек.

4.Қолданылған қолғапты дез. ерітіндісі бар ыдыстың ішінде шешу.

5. Қолданылған қолғапты дез. ерітіндісі бар ыдысқа салу.

б.Халат, масканы шешіп, лас киімдерге арналған қапқа салу.

7.Ағынды су астында қолды сабынмен 2 рет жуып, кептіру.

Ескерту: Манипуляция кезінде жұмыс столының қанмен ластануында сутегінің асқын тотығының 6% ерітіндісіне және 0,5% жуу ерітіндісіне малынған жөкемен (ветошь) өңдеу керек. 15 мин кейін.

Жұмыс столының бетін жұмыстан кейін хлораминнің 3% ерітіндісіне малынған жөкемен 2 рет сүртеді. Жөкені хлораминнің 3% ерітіндісі бар ыдысқа 60 мин-ке салып қою керек.



Медбике киіміне және терісіне науқастың қаны немесе басқа биологиялық сұйықтықтарының жұғуы.

Медбике киіміне және терісіне науқастың қаны немесе басқа биологиялық сұйықтықтар тиген кезде істеу қажет.



  1. Ластанған арнайы киімнің сыртын ішке қаратып шешу.

  2. 1 сағатқа хлораминнің 3% ерітіндісіне салып қою.

  3. Киімнің ластанған жеріне хлораминнің 3% ерітіндісіне малынған
    салфетканы қою, кейін ыстык сумен жуу.

  4. 70° этил спиртіне батырылған тампонды қолға алу.

  5. Терінің ластанған жерін тампонмен сүрту.

  6. Тампонды қолданылған материалардарға арналған ыдысқа тастау.

  7. Теріні сабынмен сүрту.

  8. Теріде қалған биологиялық сұйықтықтарды асептикалық ерітіндіге
    малынған тампонмен сүрту.

  9. Тампонды қолданылған материалардарға арналған лотокқа тастау.

  10. Қолданылған тампондарды ыдысқа салып, хлорлы әктің 3% ерітіндісіне құйып, 60 мин. ұстау.

  11. Лотокты дез. ерітіндіге салу.

  12. Арнайы киімді дезинфекциядан кейін лас киімдерге арналған қапқа салып, кір жуу бөлмесіне апару.


Науқастың биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі.

Науқастың биологиялық субстратының көздің кілегей қабығына түскен



жағдайда мынадай шаралар қолдану қажет:

  1. Апаттарда қолданылатын аптечканы, антисептикалық заттарды, дистильденген суы бар ампуланы, стерильді 2 лоток, корцанг, антисептикалық ерітінділерді араластыруға аралған ыдыстарды дайындау.

  2. Пипеткалары бар крафт-пакетті, крафт-пакеттегі таңу материалдарын, антисептикалық ерітінділерді араластыруға аралған ыдыстарды, көзді жууға арналған ундинканы алу, лотокқа шығарып қою.

  1. Калий перманганаты бар пакетті ашу және дистильденген суы бар ампуланы дайындау.

  1. Араластыруға арналған ыдысқа 0,005 г калий перманганатын салып, 10 мл стерильді дистильденген су құю. Бұдан 0,05% ерітінді алынады.

  2. Ыдысты тығындап, антисептикалық зат ерігенше шайқау керек.

  3. Ундинкаға 0,05 % калий перманганаты ерітіндісін кұйып, көзді жуу.

  4. Көзді жуу.

  5. Ундинканы алу.

  6. Крафт-пакеттегі стерильді салфетканы алып, көзді көздің сыртқы бұрышынан мұрынға бағыттап сүрту.

Ескерту: Қолданылған көз пипеткаларын 2% содалы ерітіндіде 15 мин немесе

дистильденген суда 30 мин қайнатады. Қолданылған марля тампондарды хлораминнің 3% ерітіндісінде 60 мин дезинфекциялайды.
Науқастың биологиялық субстраттарының бет және ерінге

жұғуы кезінде істеу қажет:

  1. Стерильді 2 лотокты, стерильді корнцанг, апат кезінде қолданылатын аптечканы дайындау.

  2. Аптечкадан таңу материалдары бар крафт-пакетті алып, лотокқа қою.

  3. Аптечкадан 70° спирт немесе калий перманганатының 0,05 % ерітіндісін алу.

  4. Стерильді марля шарикті 70° спиртке немесе калий перманганатының 0,05 % ерітіндісіне батырып, бет терісінен және еріннен науқастың биологиялық субстратын шымшып алу. Қолданылған таңу материалын лотокқа тастау

  5. Бет терісін және ерінді 70° спиртке немесе калий перманганатының
    0,05 % ерітіндісіне батырылған стерильді марля шарикті қайта өңдеу.

  6. Ауыз қуысын 70° спиртке немесе калий перманганатының 0,05 % ерітіндісімен шайқау.


Мұрынның кілегей қабығына биологиялық субстраттардың түсуі кезінде істеу қажет:

Медицина қызметкері мұрынның кілегей қабығына биологиялық субстраттардың түсуі кезінде істеуі қажет:

  1. Стерильді 2 лоток. Стерильді корнцанг, апатта қолданылатын аптечканы дайындау.

  2. Пипеткалар бар крафт-пакетті және таңу материалдары бар крафт- пакетті алып, лотокқа қою.

  3. Крафт-пакеттегі пипетканы протарголдың 1% ерітіндісін тамызып, басын төмен түсіру. (мұрыннан лотокқа ағады)

  4. Мұрынға стерильді марля шарик қою.

Ескерту: Лотокты қолданғаннан кейін хлораминнін 3% ерітіндісімен 60 мин дезинфекциялау, қолданылган таңу материалдарын ыдысқа салып, хлорлы әктің 3% ерітіндісін құйып, 6О мин ұстау.
Өте ластанған кұрал-сайманмен қол саусақтарын жарақаттау.

Өте ластанған құралдармен қол саусақтарын жарақаттау кезінде істеу қажет:

  1. Апатта қолданылатын аптечканы, стерильді биксті, 2 лотокты, стерильді корнцангты дайындау.

  2. Резеңке қолғапты шешпей тұрып, жарақаттанған жердің қанын шығару, сосын резеңке қолғапты шешіп, хлораминнін 3% ерітіндісі бар ыдысқа салу.

  3. Таңу материалдары бар крафт-пакетті аптечкадан алып, лотокқа қою.

  4. Аптечкадан 70° этил спиртін, йодтың 5% ерітіндісін ал.

  5. Жарақаттың бетін 70° этил спиртіне батырылған стерильді шарикпен өндеп, қолданылған материалдарға арналған лотокқа тастау.

  6. Сабынды сумен жуу.

  7. Жарақат бетін стерильді шарикпен құрғатып, шарикті лотокқа тастау.

  8. Жарақат бетін 70° этил спиртімен қайта сүртіп, йодтың 5% ерітіндісімен өңдеу.

9. Жарақат бетіне бактерицидті к пластырь қою.
10. Кейін резеңке саусаққап, одан кейін резеңке қолғап кию.

11 Ұсынылған инструкцияға сәйкес қолданылған заттар және таңу материалды дезинфекциялау.

12.Стерильді резеңке қолғап кию.

ІЗ. Резеңке қолғаптарды ыдысқа салып, дез. ерітіндімен (хлораминнің 3% ерітіндісі) құйып, 6Омин қою.

Ескерту: Қолданылған таңу материалдарын хлорлы әктің 3% ерітіндісі бар ыдысқа І сағ салып қою. Жуынды сулары бар ыдысқа құрғақ хлорлы әкті І сағ қою. Лотокты дез. ерітіндісі бар ыдысқа салу. Экспозицияны таңдалған дез. ерітіндіге байланысты.



АИТВ (адамның иммунтапшылық вирусы) жуқтырған немесе ЖИТС-мен (жүре пайда болған иммунтапшылық синдром) ауыратын науқасқа көмек көрсеткеннен кейінгі инфекциялық қауіпсіздік.

АИТВ-ын жұқтырған немесе ЖИТС-мен ауыратын науқасқа көмек көрсеткеннен кейін мед.қызметкерлері:

  1. Хлораминнің 3% ерітіндісі бар ыдыста резеңке қолғапты шешпей жатып қолын өңдеу;

  2. Резеңке қолғаптарды шншіп, осындай ерітіндісі бар басқа ыдысқа салып, дез. ерітіндімен толтыру;

  3. Таза резеңке қолғап кию;

  4. Қолданылған резеңке қолғаптарды дез. ерітіндімен толтыру;

  5. Халатты шешіп, сыртын ішке қаратып орау;

  6. Халатты ластанған киімдерге арналған қапқа салу;

  7. Резеңке қолғапты шешу;

  8. Масканы шешу;

  9. Аяқ киімді ауыстыру;

10. Ағынды су астында қолын 2 рет сабынмен жуып сүлгімен сүрту.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет