ОӘке 042 14-3-04 12 Басылым №1



бет6/14
Дата08.07.2017
өлшемі2,19 Mb.
#20785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

(3.10)

мұндағы П — болашақ мерзімдер шығындарының жоспарлы жылдың басына өтетін сомасы; Р — сметалар бойынша көзделген келесі жылдың болашақ мерзім шығындары; С — келесі жылдың өнімінің өзіндік құнына қосылатын болашақ мерзім шығындары.

Сондай-ақ келесі формула қолданылады:




мұндағы αб.п. – болашақ өнім өзіндік құнында болашақ мерзім шығындарының алатын үлесі; Ст.п. – болашақ мерзімнің тауарлық өнімінің өзіндік құны.

Дайын өнім нормативы



3. АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

1. Бір айналым ұзақтығыо)





(3.11)

мұндағы Со — мерзім ішінде АҚ қалдықтары; Тпер — мерзімдегі күндердің саны; Vреал — өткізілген өнім көлемі.

2. Айналымдылық коэффициенті белгілі бір мерзім ішінде АҚ жасаған айналым саны





(3.12)

3. АҚ тиеу коэффициенті, өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы АҚ сомасын көрсетеді



(3.13)

Айналымдылықты өсірудің нәтижесінде АҚ белгілі бір сомасы үнемделеді.

Абсолютті үнем келесі жағдайда болады





(3.14)

мұндағы Со.факт — АҚ іс жүзіндегі қалдықтары; Со.план — жоспарлы көлемі; Vреал — өткізу көлемі. Абсолютті үнем келесі формула бойынша анықталады



(3.15)

АҚ салыстырмалы үнемі айналымдылықты өндіріс көлемін өсіру арқылы пайда болады
4. Айналым капиталын басқару

Қорларға оңтайлы басқару жүргізу үшін мыналар қажет:



  • жоспарлы мерзімге шикізаттағы жалпы қажеттілікті анықтау;

  • шикізатқа тапсырыс берудің оңтайлы партиясын және тапсырыс жасау мерзімін мерзім сайын түзетіп тұру;

  • шикізатқа тапсырыс беруге және оны сақтауға кеткен шығындарды мерзім сайын түзету және салыстырып тұру.

  • Қорларды сақтау жағдайларын бақылап тұру;

  • Жақсы есеп жүргізу жүйесін қолдану;

Қорларға талдау жасау үшін айналымдылық көрсеткіштері және факторлық модельдер қолданылады. Аяқталмаған өндіріске оңтайлы басқару жүргізгенде келесі факторлар есебке алынады:

  • Аяқталмаған өндіріс көлемі өндіріс ерекшелігіне және көлеміне тәуелді болады;

  • Тұрақты қайталанатын өндірістік процестер үшін айналымдылықтың стандартты көрсеткіштерін қолдануға болады;

  • Аяқталмаған өндіріс өзіндік құны үш бөліктен тұрады: а) шикізат пен материалдардың тура шығындарынан; б) тірі еңбек шығындарынан; в) үстеме шығындарының бір бөлігінен.

Дайын өнімге оңтайлы басқару жүргізу үшін келесі факторларды есебке алу керек:

  • өндірістік цикл аяғы жақындаған сайын дайын өнім өсе береді;

  • ажиотажды сұраныстың болу мүмкіндігі;

  • маусымды тербелістер;

  • жатып қалған және сұранысы аз тауарлар.

Жиһазға қаржы салу екі түрлі тәуекелмен байланысты болады:

а) бағалардың өзгеруі;

б) моральды және табиғи тозуы.

«Дәл уақытында» жеткізу жүйесі (just-in time) келесі жағдайда тиімді болады:



  • ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі жақсы ұйымдастырылған болса;

  • жабдықтаушылардың сапаны және жеткізуді бақылаудың жақсы жүйелері бар болса;

  • компанияда қорларды басқарудың жақсы ұйымдастырылған жүйесі болса.

Сатып алушылармен тиімді қарым-қатынас жасау жүйесі келесіні көздейді:

  • несие беруге болатын клиенттерді сапалы түрде таңдау;

  • оңтайлы несие беру шарттарын анықтау;

  • арызды берудің нақты процедурасы;

  • клиенттердің келісім шартты орындауын бақылау жүйесі.

Әкімшілік жасаудың тиімді жүйесі келісіні көздейді:

  • дебиторларға барлық сұрақтар бойынша мерзім сайын мониторинг жүргізу;

  • жұмыстарды аяқтау, өнімді жіберу, төлем қағаздарын беру арасындағы уақыт интервалдарын ең аз етіп жасау;

  • төлем құжаттарын қажет мекен-жайларға жіберу;

  • клиенттердің төлем жасау жөнінде сұрауларын тыңғылықты қарастыру;

  • есеп-айырысу және төлемді алудың нақты процедурасын анықтау.

Кредиторлық қарыздылықты басқарудың алтын ережесі: іскерлік қарым-қатынасқа нұқсан келтірмей қарыздылықты төлеу мерзімін максимальды ұзарту. Ақшаның және оған эквивалентті қаржының көлемі үш фактормен анықталады: ағымдылықпен (ағымдағы операцияларды қамтамасыз ету), алдын-ала сақтану (кенет пайда болатын төлемдерді жабу үшін), алып-сатарлық (кенет пайда болған тиімді жобаға қатысу үшін). Ақшаны тиімді басқару үшін банкілермен қарым-қатынастарды жақсарту қажет. Ақшаның айналымнан алу уақыты деп аталатын қаржы циклы, қаржы менеджментінің аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Ақша қозғалысын талдау арқылы ақша ағынының сальдосын ағымдағы, инвестициялық, қаржы және басқа операция нәтижесінде анықтауға мүмкіндік береді. Ақша ағынын болжау үшін келесі көрсетікштерге баға беру керек: өткізу көлемі, табыстың ақшалай үлесі, дебиторлық және кредиторлық қарыздылық, ақша шығындарының көлемі және т.б.

5. Қорларды басқару модельдері

Басшылар келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс: а) ақшаның және оның эквиваленттерінің жалпы көлемі қандай болу керек? б) олардың қай бөлігі есеп шотында, қай бөлігі тез өткізілетін бағалы қағаздарға аударылу тиіс? в) қашан және қандай көлемде ақша мен тез өткізілетін активтер арасында өзара трансформация жасалыну керек.

Батыста ең кең таралған модельдерге Баумол моделі және Миллер — Орр моделі жатады. Біріншісі В. Баумол (W. Baumol) 1952 жылы, ал екіншісін — М. Миллер (М. Miller) және Д. Орр (D. Оrr) 1966 жылы құрастырды. Бұл модельдерді отандық экономикаға енгізуге келесі факторлар кедергі болып жатыр: инфляция, пайыздық ставкалардың үлкен болуы, бағалы қағаздар нарығының нашар дамуы және т.с.с.

Баумол моделі

Кәсіпорын мақсатқа сай және оңтайлы ақша қорымен жұмыс істей бастайды да оны біртіндеп шығындайды. Тауар өткізуден түсетін ақшаны кәсіпорын толығымен қысқамерзімді бағалы қағаздарға салады. Ақшаның қоры біткеннен кейін, яғни нольге немесе алдын ала белгіленген қауіпсіздік нүктесіне тең болғанда кәсіпорын бағалы қағаздардың бөлігін сатып қайтадан бастапқы ақша көлемін қамтамасыз етеді. Сонымен, ақша динамикасы “ара” тәріздес графикке ұқсайды (сур 1).

Толтыру сомасы (Q) келесі формула бойынша анықталады






(3.17)

мұндағы V — мерзім ішінде ақшадағы болжанатын қажеттілік мөлшері (жыл, тоқсан, ай);

с — ақшаны бағалы қағаздарға конвертация жасау шығындары;

r— қысқа мерзімді бағалы қағаздардың кәсіпорынға оңтайлы, жеткілікті табыс пайызы, мысалы, мемлекеттік бағалы қағаздарға.

Сонымен, ақшаның орташа қоры Q/2 тең, ал бағалы қағаздарды ақшаға айналдыру келісімдерінің жалпы саны (k) былай табылады: к = V : Q                                                                     

Ақшаны басқарудың бұл саясатын іске асырудың жалпы шығындары (ОР) былай табылады:

OP= ck + r Q/2                                                                    

Бұл формуладағы бірінші қосылғыш тура шығындар болса, екіншісі ақшаны бағалы қағаздарға салудың орнына оны есеп шотқа салу нәтижесінде болатын ұтылыс мөлшері.

  Миллер — Орр моделі

Баумол моделі көбінесе, ақша шығындары тұрақты және болжанатын кәсіпорындарда қолдануға болады. Іс жүзінде ондай кәсіпорындар сирек кездеседі, есеп шоттағы ақша кездейсоқ түрде өзгеру мүмкін, және шамамен үлкен тербелістер жасауы мүмкін.

Миллер және Орр құрастырған моделі қарапайым және іс жүзіне сай деп айтуға болады. Ол келесі сұраққа жауап беруге мүмкіндік жасайды: егер ақшаның кірісін және шығысын дәл болжауға болмаса, кәсіпорын ақшаны қалай басқара алады? Миллер және Орр модель құрастырғанда Бернулли процесін қолданды — бұл стохастикалық процесс, мұнда мерзімнен келесі мерзімге ақшаның түсімі және шығыны тәуелсіз кездейсоқ оқиғалар ретінде саналады.

Қаржы менеджерінің іс-әрекеттері сурет 2-де көрсетілген. Ақшаның шоттағы қалдығы кездейсоқ тұрғыда өзгереді, бірақ егер оның мөлшері белгілі бір жоғарғы шекке жеткен кезде кәсіпорын ақшаны қалыпты мөлшерге жеткізу үшін (қайту нүктесі) сәйкес көлемде бағалы қағаздар сатып алады. Егер ақша көлемі төменгі шекке жетсе, кәсіпорын сәйкес көлемде бағалы қағаздарды сатады.
Тақырып 4. Қозғалмалы составтың тасымалдау, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеу процесін ұйымдастыру

Дәріс жоспары:

1. Көлік кәсіпорындарының түрлері

2. Жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру

3. Қозғалмалы составқа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру
4.1. Көлік кәсіпорындарының түрлері

Көлік кәсіпорындары өздерінің міндеттері бойынша: көлік, қызмет көрсету, жөндеу

кәсіпорындарына бөлінеді.

Көлік кәсіпорындары кешенді түрдегі кәсіпорындар болып табылады. Ол жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды, қозғалмалы составқа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, сақтауды, қажет жөндеу материалдарымен, запас бөлшектермен жабдықтауды жүзеге асырады.

Көлік кәсіпорындары орындайтын жұмыстың сипаты бойынша: жүктік, жолаушылық,

аралас (жүктік-жолаушылық), арнайы (мед. жедел көмек және т.б.) кәсіпорындарына бөлінеді.

Көлік кәсіпорындары ведомствоға жатуы бойынша: жалпы пайдаланудағы көлік құралдары, ведомстволық көлік құралдарына бөлінеді.

Жалпы пайдаланудағы көлік кәсіпорындары ведомствоға жатуға байланыссыз барлық кәсіпорындар мен мекемелер үшін жүктерді тасымалдауды және қала, қала маңайындағы, халықаралық маршруттағы тасымалдауды жүзеге асырады.

Ведомстволық көлік кәсіпорындары өнеркәсіптік, құрылыс және ауылшаруашылық кәсіпорындарында құрылады және өндірістің технологиялық процестеріне байланысты жүктерді тасымалдайды. Әрбір көлік кәсіпорындарының өзінің белгілі өндірістік қуаты болады. Ол қозғалмалы составтың тізімдік санына және оның жүк көтергіштігіне байланысты. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу кәсіпорындарының өндірістік қуаты техникалық қызмет көрсету линиясының, жөндеудің, өндірістің жетекші буындарының ең жоғары қабілетіне байланысты анықталады.

Жүктік көлік кәсіпорындары белгілі жүк түрлерін тасымалдауға (кірпіш, темір, нан өнімдері және т. б.) маманданған. Жолаушылар көлігін біріктіріп ұйымдастырудың өз ерекшелігі бар. Олар негізінен автобус парктерінде және таксомоторлық ұйымдар негізінде құрылады. Жолаушылар көлігін біріктіріп құру, линиядағы қозғалмалы составтың жұмыстық жетекшілігін жақсартуға, оларды техникалық жабдықтауға, ақпараттық қызметті ұйымдастыруға, жолаушыларды тасымалдауды жарнамалауға, материалдық-техникалық жабдықтауды жақсартуға, жабдықты жөндеуге әсерін тигізеді.

Ірі қалаларда тұтас диспетчерлік қызметпен барлық қалалық көлік түрлерін біріктіру тиімді. Кешенді көлік кәсіпорындарымен бірге, қызмет көрсету және жөндеу кәсіпорындары кең таралған. Олар көлік құралдарын сақтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады.

Қызмет көрсетуші кәсіпорындарға: гараж, тұрақтар, техникалық қызмет көрсету станциялары, жанармай құю станциясы, көліктік экспедициялық кәсіпорындар (халыққа және мекемелерге құрылыс материалдарын, отынды, тауарларды жеткізу бойынша қызметтерді орындайды, жүктерді контейнерлермен тасымалдайды және т. б.) жатады.

Көлікті жөндеу кәсіпорындарына: жөндеу, агрегаттық-жөндеу, шина жөндеу зауыттары, шеберханалар, аккумуляторларды зарядтау станциялары, маманданған шеберханалар мен цехтар жатады.

2. Жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру

Көлікпен тасымалдау жұмыстарының үлкен бөлігін жүкті тасымалдау алады. Ол әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:



  1. ұйымдастыру;

  2. тасымалдау көлемі;

  3. территориясы және саласы бойынша.

Тасымалдау ұйымдастыру белгісі бойынша екіге бөлінеді:

  1. жалпы пайдаланудағы көлікпен тасымалдау;

  2. ведомстволық көлікпен тасымалдау.

Жалпы пайдаланудағы көлікпен жүктерді тасымалдау жүктердің көп түрлілігімен және жүкті жеткізі нүктелерімен, жүктердің кең номенклатурасымен сипатталады.

Ведомстволық көлікпен тасымалдау өндірістік қызмет сипатымен анықталады. Ол жұмыстың көлемі ішкі тасымалдау (кәсіпорын территориясы шегінде) және сыртқы (кәсіпорынды шикізатпен, отынмен т. б. жабдықтауға байланысты) тасымалдаудан құралады.

Жүк партиясының көлеміне байланысты тасымалдау жаппай, ұсақ партиялық және жинақталған түрлерге бөлінеді.



Жаппай тасымалдау жүктердің бірыңғай үлкен санымен, көлемі, бағыты және құрылымы бойынша, ағынның тұрақтылығымен, бір түрдегі қозғалмалы составты қолдануымен сипатталады.

Ұсақ партиялық тасымалдау бірыңғай жүктердің аз ғана санымен, бағыты бойынша, жү ағынының, тасымалдау уақытының тұрақсыздығымен, әртүрлі жүк көтеруді және констукциясы бойынша әртүрлі қозғалмалы составты қолдануымен сипатталады.

Жүктерді жинақтап тасымалдау халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне қызмет көрсету мақсатында жүзеге асырылады. Әртүрлі көптеген түсіру пунктерімен және қозғалмалы составты қолданудың төменгі көрсеткішімен сипатталады.

Территориялық белгілері бойынша қалалық, қала маңындағы, қала аралық, аудан ішілік тасымалдаулар болады.



Қалалық тасымалдаулар қала ішінде жүзеге асады.

Сипаттамасы:

● тасымалдаудың қысқа қашықтығы;

● қозғалыстың жоғары емес жылдамдығы;

● жүк жіберушілер мен жүк алушылардың үлкен саны; ● жүк номенклатурасының әртүрлілігі.

Қалалық тасымалдау үшін конструкциясы мен жүк көтергіштігі әртүрлі қозғалмалы состав қолданылады.



Қала маңындағы тасымалдау сипаттамасы:

● тиеу-түсіру пунктерінің біршама саны;

● жүк ағынының құрылымы салыстырмалы тұрақты;

● кіші және орташа жүк көтеретін көлік құралдары қолданылады;

● жүкті тасымалдау ұзақтығы 20-100км.

Қала аралық тасымалдау жақсы жетілген, жақсартылған жолдарда жүзеге асырылады.

Сипаттамасы:

● тасымалдаудың ұзақ ара-қашықтығы;

● қозғалыстың жоғары жылдамдығы;

● үлкен тұрақты жүк ағындарының болуы;

● үлкен жүк көтергіш қозғалмалы составты қолдану.



Аудан ішіндегі тасымалдаулар бір аудан ішінде жүзеге асады.

Сипаттамасы:

● уақыттша жүк ағыны;

● тасымалдау ара-қашықтығындағы үлкен ауытқулар;

● тұрақсыз

Бұл тасымалдау үшін қозғалмалы составтың әртүрлі түрлері қолданылады.

Салалық белгісі бойынша жүк тасымалдаулары - құрылыс материалдарын тасымалдау, өндіретін және өңдейтін өнеркәсіп жүктерін тасымалдау, сауда нүктелері, қоғамдық тамақтандыру, коммуналдық шаруашылық, орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығына бөлінеді. Тасымалдаудың осы көрсетілген түрлерінің әрқайсысы белгілі эксплуатациялық шарттармен және сәйкес қозғалмалы состав түрімен сипатталады.

Жүк тасымалдаулары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

Ұйымдастырудын ең озық әдісі орталықтандырылған тасмалдау. Жабдықтаушы кәсіпорынның тапсырысы бойынша жүзеге асырылады. Бұл порцеске жүк жіберуші, көлік кәсіпорны, жүкті алушы қатысады. Олардың міндеттері:

● жүкті тиеуді жүк жіберуші өзінің құралдарымен, күшімен жүзеге асырады;

● жүкті тасмалдауды және оларды экспедициялауды көлік кәсіпорны жүзеге асырады;

● жүкті түсіруді жүкті алушы өзінің күшімен, құралдарымен жүзеге асырады.

Осылайша, көлік процесінің қатысушылары өзінің тиісті белгілі функцияларын орындайды. Жүктің барлық тасымалдауларын бір көлік ұйымына бағыттау, қозғалмалы составты қолдануды жақсартуға мүмкіндік береді. Яғни:


  1. жүк көтергіштігі мен жүру коэффициентін арттырады;

  2. тиеу-түсіру жұмыстарындағы тоқтап қалуларды азайтады;

  3. тасымалдаулар алдын-ала жасалған графикпен жасалады;

  4. арнайы қозғалмалы состав қолдану мүмкіндігін береді.

Орталықтандырылған тасымалдау жүкті жіберуші үшін де, жүкті алушы үшін де қолайлы жағдай жасайды. Экономикалық тиімділігі жоғары (жүргізудің еңбек өнімділігі жоғары, қозғалмалы составтың жүк көтергіштігі артады, көлік шығындары артады).

Жолаушыларды тасымалдау негізінен жалпы пайдаланудағы көлікпен және ведомстволық көлікпен (аз мөлшерде) жүзеге асады. Жолаушыларды тасымалдауды көлік кәсіпорындарын пайдалану қызметі ұйымдастырады. Олар қозғалмалы составты ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуі қажет. Көлік кәсіпорындарын пайдалану қызметі қабылданған тасымалдау жүйесіне байланысты басқарылады:

● орталықтандырылған;

● орталықтандырылмаған.



Орталықтандырылмаған жүйеде әрбір көлік кәсіпорны жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды өз бетімен жүргізеді.

Орталықтандырылған жүйеде бұл функцияларды көлік басқармалары орындайды. Басқару жүйесіне байланысты көлік кәсіпорындары мен көлікті басқару арасындағы міндеттер бөлініп беріледі. Басқарудың орталықтандырылмаған жүйесінде көлік кәсіпорынның қызметі кәсіпорын қызмет ауданындағы көлік байланыстары мен жүк айналымын зерттейді. Осының негізінде жүкті жіберушілер бойынша тасымалдау жоспарының жобасын жасайды. Жоспарға сәйкес жүк жіберушілер мен тасымалдауға шарт жасайды. Жүктерді тасымалдауды пайдалану жұмыстарын ұйымдастырады. Көлікті басқарудың пайдалану қызметінің орталықтандырылған жүйесінде, оның қызмет ауданындағы көлік байланыстары жүк айналымы зерттейді. Көлік кәсіпорнын орналастыру және олардың арасындағы қозғалмалы составтың тарату сұрақтары шешіледі.Көлік кәсіпорындары ұсынған тасымалдау жоспарлары негізінде жүктерді тасымалдауды басқарудың өндірістік бағдарламасы жасалады. Басқару процесінде барлық көлік кәсіпорынның жүкті тасымалдау жоспарын орындауына оперативті бақылау жүзеге асырылады. Әрбір көлік кәсіпорынның қызметі талданады және тасымалдауды ұйымдастыруды жақсартуға шаралар жасалады. Көлік кәсіпорының пайдалану қызметінің және көлікті басқврудың ұйымдастырушылық құрылымы құрылады. Басқарудың орталықтандырылмаған жүйесінде жұмыстың үлкен көлемі көлік кәсіпорының пайдалану қызметіне түседі. Пайдалану қызметі 3 топтан тұрады:

  1. жүктік;

  2. диспетчерлік;

  3. есептік бақылау.

Жүк тобы:

● тасымалдау шарттарын жасайды;

● өтініштер қабылдайды;

● тасымалдауды жоспарлайды;

жол жағдайын зерттейді;

● қоймалардың тиеу-түсіру пунктерінің жұмыс режимін зерттейді.



Диспетчерлік топ қозғалмалы составтың жұмысын оперативті жоспарлайды және басқарады. Әрбір көлік құралына жоспар жол қағазында құрастырылады, ол жүргізушіге беріледі. Диспетчерлік топ қозғалмалы составтың жұмысын бақылайды, пайдалануды жақсартады.

Есептік бақылау тобы:

● жүргізушіден көлік құжаттарын, жол қағаздарын қабылдайды;

● олардың толтырылу дұрыстығын тексереді, өңдейді;

● көлік жұмысының орындалған көлемін анықтайды;

● өңделген жол құжаттарының негізінде тасымалдауға есептеулер жүргізіледі.

Пайдалану орталықтандырылған жүйесінде көлікті басқаруда 3 бөлімше қолданылады:



  1. жүк тобы;

  2. орталықтандырылған диспетчерлік топ;

  3. есептеу-бақылау тобы.

Көлік кәсіпорндарында кішігірім диспетчерлік топ болады. Осыған сәйкес пайдалану қызметі мен көлік кәсіпорын арасындағы міндеттер бөлінеді. Басқаруды пайдалану қызметі басқарудың барлық көлік құралдары бойынша толық жұмыс көлемін орындайды. Басқарудың жүк тобы тасымалдау шарттарын жасайды, өтініштер қабылдайды, барлық көлік кәсіпорындары үшін тасымалдау ды жоспарлайды.

Басқарудың орталықтандырылған диспетчерлік тобы қозғалмалы составтың тапсырмасын орындайды, жол қағаздарын жасайды, көлік кәсіпорындарына таратады, көлік жұмысын бақылайды. Ал көлік кәсіпорынның диспетчерлік тобы:

● дайын жол қағаздарын алады;

● оларды жүргізуге тапсырады;

● линияға көлік құралдарды шығаруды, қайтаруды бақылайды;

● жүргізушіден жол қағаздары мен көлік құжаттарын қабылдайды;

● олардың жазылу дұрыстығын тексереді;

● басқарудың есептік-бақылау тобына өңдеуу үшін береді.

Нәтижесінде көлік жұмыстарының орындалған көлемі анықталады.Жүк жіберушілермен есеп айырылысады.

4.3. Қозғалмалы составқа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру

Көлік кәсіпорынның тиімді жұмысы үшін техникалық жөнделген көлік құралдарының қажетті саны болуы тиіс. Қозғалмалы составты пайдалануға дайындауды көлік кәсіпорынның техникалық қызметті жүзеге асырады. Техникалы қызмет көрсетуді және көлік құралдарына жөндеуді ұтымды ұйымдастыру нәтижесінде, олардың орындалу шығындарын төмендетуге және қозғалмалы составтың тоқтап қалуын қысқартуға болады. Кешенді көлік кәсіпорындарында қозғалмалы составқа техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлері орындалыды. Ағымдағы жөндеулер және қажет жағдайда агрегаттарды күрделі жөндеу. Әрбір нақты жағдайда қолда бар өндірістік техникалық базаны және жөндеудің кейбір түрлерін орындауды экономикалық тиімділігі есепке алынады. Техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеуді орындаудың экономикалық көрсеткішіне осы жұмыстарды орындауға кеткен өзіндік құнына, көлік құралдарын өз кәсіпорыннан басқа кәсіпорынға тасымалдауға байланысты шығындармен анықталады. Жалпы пайдаланудағы барлық көлік кәсіпорындарында қозғалмалы составты ағымдағы және күрделі жөндеу қажет жағдайда орындалады. Қозғалмалы составты ағымды жөндеу көлік кәсіпорындарында, орталықтандырылған қызмет көрсету базасында немесе техникалық қызмет көрсету станцияларында, ал күрделі жөндеу мамандырылған жөндеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады. Техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру деңгейі кешенді техникалық-экономикалық көрсеткішпен бағаланады. Олардың маңыздылары:

1. парктің техникалық дайындық коэффициенті;

2. техникалық жөндеулерге жұмсалған материалдық және еңбек шығындарының көлемі;

3. техникалық қызмет көрсету мен жөндеу сапасының көрсеткіштері.

Егер пайдалану жағдайлары (климат, жол) өзгермесе, техникалық дайындық коэффициентінің шамасы орта тәуліктік жүруі мен қызмет көрсету посттарында тұру уақытына байланысты қозғалмалысоставқа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруда, оладың орындау шығындары, майлау материалдардың шығындары, бөлшектердің шығындары байланысты болады.

Тасымалдауды жалпы өзіндік құнынан жөндеу шығындары 50% артығын құрайды. Сондықтан, көлік кәсіпорындарында оларды төмендету шараларын іздестіру қажет.

Техникалық дайындық коэффициенті және техникалық қызметке көрсетуге жұмсалатын шығындар, қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастырудың сандық көрсеткішіне жатады. Олармен қатар техникалық жөндеудің сапалық көрсеткіштері болады. Оған линияға техникалық ақауына байланысты кешігіп шығу саны, техникалық ақауына байланысты линиядан уақытынан бұрын қайту жатады. Бұл көрсеткіштер техникалық қызмет көрсету мен техникалық жөндеу сапасына ғана емес пайдалану жағдайларына да байланысты.

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге байланысты көлік кәсіпорындарында оларды орындаудың қабылданған жүйесіне сәйкес орындалады. Ең алдымен техникалық қызмет көрсеткіші мен экономикалық ұтымды, мезгілік уақытын анықтау қажет. Техникалық қызмет көрсетудің санын өсірген сайын, оларды жүргізу шығындары азаяды, бірақ ағымдағы жөндеу шығындары өседі.

Тақырып 5. Көлік кәсіпорындарында еңбекті ұйымдастыру және нормалау және еңбек ақы

Дәріс жоспары:


  1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы

  2. Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері

  3. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері

  4. Еңбек ақының экономикалық мағынасы

  5. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері

Практикалық сабақ (1 сағат)

Есеп жинағы бойынша берілген тақырыптың 3.1., 3.3 тапсырмаларын орындау, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.



    1. Еңбек ақының қандай формаларын білесіз?

    2. Еңбекті төлеуді ұйымдастыру қандай қағидаларға сүйенеді?

    3. Мемлекет еңбекті төлеу процесіне қалай реттеу жұмысын жүргізеді?

    4. Кесімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз.

    5. Мерзімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз.

Тапсырма

Есептер жинағы бойынша «Кәсіпорын персоналы» тақырыбы бойынша 3.4. тапсырмасын орындау.



Әдебиет

        1. Дәрістер

        2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 220-230 б.

        3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 203-218 б

        4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 208-223 б.

  1. 5. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 36-44 б

6. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер

жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 33-35 б



Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар

Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін шығару (№1, №2, №3), сұрақтарға жауап беру.



1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы
Кәсіпорынның барлық жұмыскерлері өнеркәсіпті-өндірістік персоналға (ӨӨП) – өндірісте істейтін және оған қызмет көрсететін адамдарға және өнеркәсіптік емес персоналға– өнім өңдіруге қатыспайтын адамдарға бөлінеді. Кәсіпорынның адам санын және еңбек өнімділігін есептеуде тек ӨӨП көрсеткіші қолданылады. ӨӨП-ның жалпы саны келесі бөліктерден тұрады:

Жұмысшылар – еңбек затына тікелей әсер ететіндер – негізгі және көмекші болып бөлінеді.

ИТЖ – инженерлі-техникалық жұмыскерлер –кәсіпорынға ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық басқарумен айналысатын адамдар.

Қызметкерлер – Құжаттармен айналысатын, есепті, есеп жүргізу, талдау жұмыстармен жұмыскерлер.

КҚП – кіші қызмет көрсетуші персонал.

Оқушылар – Кәсіпорында оқитын және оның тізімінде тіркелген адамдар.

Қорғау бөлімі – қорғаудың барлық түрлері.



Қазіргі кезде ӨӨП саны келесі формула бойынша табылады:


ӨӨП құрылымы деп жұмыскерлердің белгілі бір категориясының жалпы санындағы пайыздық үлестерін айтады.

, мұндағы чi –i-й топ жұмыскерлер саны.

Жұмыскерлер сондай-ақ, мамандығына, кәсіби мамандығына және біліктілігіне қарай бөлінеді. Нарықтық жағдайларда жаңа пайда болған мамандықтар: мысалы, брокер, дилер, маклер, дистрибьютор, коммивояжер, т.с.с.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет