ОӘке 042 14-3-04 12 Басылым №1


б) Реттік сандар қосындыларының әдісі



бет4/14
Дата08.07.2017
өлшемі2,19 Mb.
#20785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

б) Реттік сандар қосындыларының әдісі

Бұл әдіс, жоғарыдағы әдіс сияқты амортизацияны тездетуге бағытталған. Жабдық құнын түсіру үлестері жыл сайын азайып тұрады, яғни тозудың абсолютты сомалары да төмендейді. Түсіру үлестерін анықтау үшін келесі қадамдар жасайды. Жабдықтың қызмет ету жылдарына реттік нөмірлер қойылады: t = 1,2, ..., л. Бұл нөмірлердің сомасын Q деп белгілейік және ол түсіру үлестерін есептеуге негіз болады.

Бұл тәсілді қаржы есебінде уақыттағы әр қадам сайын қарызды өтеу шамасын азайту мақсатымен қолданады. Берілген әдістің жеке түрі ретінде "78 ережесін" қарастыруға болады. 78 деген бір жылда болатын айлардың реттік нөмірлерін қосқанға тең шама

Келесі теңдеу бәріне де әйгілі





Жабдықтың амортизациялынатын құнын түсіру үлестері j/Q ара-қатысы арқылы табылады, мұндағы j — тозуды есептеу жылының кері ретпен саналған нөмері, яғни қызмет ету мерзімі аяғынан бастап. Сонда, бірінші жыл үшін түсіру үлесі n/Q тең болады, екінші жыл үшін — (п - l)/Q және т.с.с. Соңғы жыл үшін 1/Q. Формуланы былай жазуға болады:



T жылдың соңына баланстық құн (келесі түсіруден кейін) келесі түрде анықталады



 Бұл шаманы басқаша да анықтауға болады:

 

Соңғы теңдеуді ықшамдағанда келесі ара-қатыс шығаруға болады



в) Кестелік әдіс

Кейбір елдерде мемлекеттік органдар амортизацияны санауды реттейді. Көбінесе, бұл әдістемелер амортизацияның жалпы мерзімін қысқартуды көздемейді. Олар бастапқы баланстық құнын түсіру үлестерін көрсететін арнайы кестелерді құрастыруға негізделген. Мысалы АҚШ-та он бес жылдық мерзім берілсе, алдыңғы 5 жылға амортизация нормасы 12, 10, 9, 8, 7% құрайды, келесі төрт жыл ішінде ол 6% тең, ал қалған алты жыл ішінде 5% болады. Жою құны есебке алынбайды.

Талдау өлшемі ретінде жабдық құнының жартысы амортизацияланатын мерзімді атауға болады. Бұл мерзімді медианды деп атауға болады.. Бұл шама неғұрлым аз болса, солғұрлым амортизация мерзімі тезірек өтеді. Бұл мерзімді w деп белгілейік. Кейбір жағдайларда оны формула арқылы анықтауға болады, мысалы сызықты модель үшін ол келесі болады:



 

Егер жою құнын ескермесе w = п/2.

Үлестер әдісі үшін w келесі теңдеуден анықтауға болады



Осыдан



Қосындылар әдісі үшін w шамасын баланстық құнының өзгерісін сипаттайтын мәліметтердің интерполяциясын тауып анықтайды.

Баяулатылған амортизацияға келсек, іс жүзінде ол өте сирек кездесетін құбылыс, оны не кестелік әдіс арқылы не жиналған резерв (төменде сипатталған) әдісі арқылы жүзеге асырады.

Амортизация сомасына процентті есептеу арқылы қолданылатын әдістер

г) Жинақталған резерв әдісі

Амортизациялық төлемдер амортизациялық қорда жинақталады және кейін ескі жабдықтың орнына жаңа жабдықты алуға қолданылады деп алайық (іс жүзінде бұл ақша кәсіпорынның ағымдағы активтеріне жатады. Бұл қорға түсетін ақшаға пайыздар саналады. Амортизация мерзімінің аяғында жинақталған ақша сомасы өндірістен шығарылған жабдықтың құнына (жою құнын есебке алып) тең болу керек. Қор жасау үшін қажет салымдар тұрақты деп алайық. Сонда төлемдердің бәрі де тұрақты қаржы рента –постнумерандо ретінде қарастырылады, жинақталған сомасы қажет қор мөлшеріне тең болатын.

Тұрақты рентаның жинақталған сомасын анықтау формуласын жазайық



Осыдан бір реттік салым жасау сомасы:



мұндағы s n;i— тұрақты қаржы рентаның өсу коэффициенті.

Жыл аяғындағы жүйелі салымдарды және пайыздардың өсімін есебке алып қордың өсу процесін келесі түрде көрсетуге болады





мұндағы t — түсіру мезетінен бастап баға беру мезетіне дейінгі уақыт интервалы.

Қор сомасы уақыттағы әр қадам сайын үдейі өсетінін көруге болады. Амортизациялық аударымдар да сәйкес өсу қажет. Сонымен, бірінші жылы тозу көлемі D тең, екінші жылы — D(1+i) және т.с.с. t жылына саналған тозу көлемі келесі формула бойынша анықталады





 

Берілген сомалар әр жылдың аяғында қалдық құнынан аударылады. Бұл әдіс бойынша амортизация процесі баяулатылған болып табылады. Оның медианалық мерзімін келесі теңдеуден шығаруға болады.










 

Қорға салынатын бірреттік ақша сомасы сызықты әдіс бойынша анықталған амортизация сомасынан кем болады.

ҚР да қолданылатын амортизация әдістері

Сызықты әдісті көздейтін мемлекеттік органдармен белгіленген орталықтандырылған амортизация нормаларынан басқа амортизацияның басқа әдістерін қолдануға болады, өйткені амортизациялық қорды кәсіпорындар өзінің қызметін дамытуға жіберетін инвестиция ретінде қолдана алады. Мұнда амортизация әдісін таңдағанда ең маңызды фактор ретінде уақыт қолданылады.

Келесі әдістер қолданылады:


  • Сызықты тәсіл;

  • Кемітілмелі қалдық тәсілі;

  • Пайдалы қолдану мерзім жылдарының реттік нөмерлерінің қосындысы бойынша құнды аудару тәсілі;

  • Құнды өнім көлеміне пропорционалды аудару тәсілі;

  • Амортизацияның тездетілген әдісі (сызықты әдіс бойынша аударым құнының 3 еседен артық мөлшерде болмау керек).

Жылдық амортизациялық төлемдерді анықтау әдістемесі:

  • Сызықты тәсіл бойынша негізгі қордың бастапқы құнына және амортизация нормасына қарай анықталады;

  • Кемітілмелі қалдық тәсілі бойынша есепті жылдың басында негізгі қордың қалдық құнына және амортизация нормасына қарай. Мұнда амортизация нормасы берілген қорды пайдалы қолдану мерзіміне қарай анықтайды; бұл тәсілде амортизация әсіресе бірінші жылы тездетіліп өседі.

  • Пайдалы қолдану мерзім жылдарының реттік нөмерлерінің қосындысы бойынша құнды аудару тәсілі бойынша негізгі қордың бастапқы құнына және жылдық ара-қатысқа қарай анықтайды. Бұл жылдық ара-қатыстың алымында қорды пайдалану мерзімінің аяғына дейін қалған жыл саны болса, бөлімінде қордың қызмет ету мерзім жылдары сандарының қосындысы қойылады;

  • Өнім көлеміне пропорционалды аудару тәсілі бойынша есепті жылы өнім көлемінің натуралдық шамасына және қордың бастапқы құны мен осы қорды пайдалы пайдалану мерзімі ішінде жоспарланатын өнім көлемінің жалпы көлемінің ара-қатысына қарай анықталады. Бұл тәсіл негізгі тозу факторы пайдалану мерзімділігі болатын активтер үшін қолданылады.

Бұл тәсілдердің амортизация жылдамдықтары әртүрлі болады. (сур 5). Амортизациялық төлемдер өзіндік құн элементі болғандықтан, оларды өсіргенде пайда көлемі азаяды, нәтижесінде салық алу базасы төмендейді. Сонымен қатар, бұл ақша аударымдары кәсіпорын үшін ақша шығыны ретінде болмай (Cash-out), керісінше кәсіпорынға түсетін ақша түсімдеріне жатады (Cash-in).

Әртүрлі әдістерді салыстыру

Сонымен, тездетілген амортизация әдістері бастапқы кезде өзіндік құнды өсіріп, салық салынатын пайда мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Ал соңғы жылдары керісінше амортизациялық төлемдер азайып, салық салынатын пайда көлемі өсе бастайды, яғни салық салынатын пайда көлемі уақытта кейінгі мерзімдерге жылжиды. Ақшаның уақыттағы өзгерісін есебке алғанда компанияның ағымдағы салық төлеу шығындары төмендейді.

Кәсіпорынның инвестиция көздері ретінде пайда және амортизация болады. Әртүрлі тәсілдер осы екі көрсеткіштің уақыттағы шамасын өзгертеді, сонда кәсіпорынның «пайдасын» анықтау үшін қорларды пайдалану мерзімі ішінде амортизацияның жалпы сомасын және таза пайда сомасын бір-біріне қосу қажет және ақшаның уақыттағы өзгерісін (дисконтын) есебке алу керек.



5. Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер

 Көрсеткіштердің екі түрі бар:



Жалпылама сипаттама беретін:

  • Қор қайтарылымдылығы – негізгі қордың әр бірлігінен шығарылатын өнім көлемі.



  • Қор сыйымдылығыөнімнің бірлігіне жұмсалатын негізгі қор мөлшері.



  • Қорлармен қарулану деңгейі бір адамға саналған негізгі қор құны.

Аорт.т. – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа тізімдік саны.



Сапалық көрсеткіштернегізгі қорлардың сапасын сипаттайды:

Жаңару коэффициенті = Қенг/Қж.бас.; ҚКж.бас – жыл басындағы НӨҚ құны

Шығу коэффициенті =ҚКшығ /Қж.аяғ; Қж.аяғ – жыл аяғындағы НӨҚ құны

Тозу коэффициенті – жоғарыда формуласы көрсетілген

Негізгі қорлардың өсім коэффициенті = (Кенг – Кшығ)/Қж.аяғ

Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті = (Қбаст – тозу құны)/Қбаст

2. Негізгі қорларды жеке қолданылуын сипаттайтын көрсеткіштер жабдықтардың немесе өндірістік ғимараттардың жеке топтарын қолдану тиімділігін сипаттайды.

Жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті = Өі.ж./Өпаспорт (өнімділігіне қарай)

Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті = Ті.ж./Тнәт (уақытына қарай)

Жабдықты интегральды пайдалану коэффициенті = Ки*Кэ (қуатына қарай)

Нәтижелі уақыт қоры:

Экономикалық есептеулерде 3 түрлі уақыт қоры қолданылады:



  1. Күнтізбелі уақыт қоры:Tk=365

  2. Номинальды уақыт қорызаң бойынша белгіленген уақыт қоры:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет