«Қоғамдағы бейбіт және келісім» Сабақтың мақсаты



Дата20.09.2023
өлшемі14,88 Kb.
#181686
Байланысты:
ОПб
Өтер өмір дөңгелеп

Біз ­– азат елміз. Біз ­– бейбіт елміз. Ғасырлар қойнауында бабалар аңсаған тәуелсіздіктің таңын қарсы алатын егемен елдің азаматтарымыз. Біз Үлкен Ел, Үлкен отбасымыз. Қазақстанның мәңгілік мекені – Ұлы Дала еліне бата қонып, бақ дарыған. Біздің басты құндылығымыз – тәуелсіздігіміз. Оны көздің қарашығындай сақтаудың маңызын әрқайсысымыз жүрегімізбен түйсінеміз, жанымызбен сезінеміз.
Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін, бақытымызды баянды ететін ол — ел бірлігі, қоғамдағы келісім, елімізді мекендеген барлық ұлт пен ұлыстардың өзара татулығы, бір-біріне деген төзімділігі. Қолдан келетін бір-ақ нәрсе — туған еліміздің басына қонған бақ құсын ұшырып алмау! Ол — бейбіт, тыныш өмір. Шынында да, халқымыздың маңдайына біткен бағы да, көзінің қарашығындай қорғаштауға тиіс басты жетістігі де, ту етіп ұстар ұлы құндылығы да тәуелсіздік 

Біздің дана халқымыздың «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөзі бар екен. Міне, біздің елімізге де ырыс дарып, халқымыз дұрыс бағыт алып, мәңгілік ел болуға қадам басты. Елдің тілегі де бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, адамзаттың құндылығын сақтау екенін бүкіл әлем мойындады. Осындай дәрежеге келісім мен ынтымақтың нәтижесінде жеттік. Сондықтан әлемдік өркениет көшіне екпіндей енген тәуелсіз еліміздің этносаралық келісімінің беріктігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы тиіс. Қазір біз осы елдің бақытты азаматтарымыз деп қай жерде де мақтанышпен айта аламыз. Өйткені біз әртүрлі ұлт өкілдері бас қосып, бір мақсат, бір тағдыр жолында Болашағы біртұтас – Мәңгілік Елді құруға бірге келе жатырмыз.
Тақырыбы: «Қоғамдағы бейбіт және келісім » 
Сабақтың мақсаты:Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен 
табыстарымен таныстырып,білімдерін нығайту.
А)Қызығушылығын ояту.
-Біз қазақ мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Басымыздан құтбереке қашпасын деп,найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.
Достықты сақтай білген елміз,дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Осылай деп кім айтқан еді?

-Қаз дауысты Қазбек би.
Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...

Мұқағали Мақатаев

Туған жер,отан туралы мақал-мәтелдер айту жане талқылау.


«Отанды сүю от басынан басталады» «Туған жер тұғырың» «Отан оттан да ыстық»т.б.


Отан туралы төрт шумақ өлең шығарыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет