Жекелеп-даралап оқыту технологиясына жүзеге асыруға бағытталған желілік технологиялар. Желілік технология



бет1/12
Дата21.10.2022
өлшемі3,58 Mb.
#154395
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
9 Тап- 13 тап дейін
вопросы, 1n-ші дәрежелі түбірдің қасиеттері, Printzipy-ratzionalnojj-farmakoterapii-bolnykh

№9 Тақырып. Жекелеп-даралап оқыту технологиясына жүзеге асыруға бағытталған желілік технологиялар.
Желілік технология.
1. Желілік технологияның мақсаты мен міндеттері.
2. Желі, түрлері.
3. Интернет – технологияның мақсаты мен міндеттері.
4. Интернет қорлары.

1. Желілік технологияның мақсаты мен міндеттері.
Желілік технология дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат еңдеудің тармақталған жүйесі.

Жергілікті желідегі компьютерлер мен құрылғылар көмегі арқылы жалпы мақсаттағы коммутацияланатын желімен немесе одан да басқа желілермен байланыса алады. Мысалы: Ethernet (10 Base-2,5,T,F), Fast Ethernet (100 Base-TX, FX, T4), Token Ring, Apple-Talk, ARCHNET және т.б. жергілікті желіге тән қасиеттер: мәліметтер жеткізу жылдамдығы жоғары, қате шығу деңгейі төмен және арзан бағалы жеткізу ортасы қолданылады. Кемшілігі: ұзындығы қысқа, жақын араға жеткізуге арналған. Жергілікті есептеу желісін CAN, MAN, WAN және GAN сияқты кең масштабты құрылымдарға біріктіруге болады: CAN – Campus Area Network – жақын орналасқан ғимараттарды байланыстыратын кампустық желі; MAN – Metropolitan Area Network – қалалық масштабты желі; WAN – Wide Area Network – кең масштабты желі; GAN – Global Area Network – ауқымды желі, цифрлы ақпараты бір немесе бірнеше жоғары жылдамдықты арналармен жеткізу, шектеулі аймақта қолдау табатын есептеу желісі; жалпыға ортақ қызмет ететін байланыс құралдарын пайдаланбайтын, тораптары бір-бірінен шамалы қашықтықта орналасқан есептеу желісі. Соңғы кезде бір мекемеде орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тараған. Мұның артықшылығы – біріншіден, жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанмен, бағасы онша қымбат емес, екіншіден, жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады. Радиоторапты желілердің негізгі кемшілігі – олардағы информация тасымалдау жылдамдығының өте төмен деңгейде болуы, ол 10 Мбит/сек мөлшерінен аса алмайды. Келешекте радиожелілер кеңінен қолданылады. Олардың объективті себебі:
− радиожеліні іске қосуға кететін қаражат осы тәрізді кабельдік жергілікті желіні іске қосудан арзан;
− ескі мекемелерде қабырғаларын тесіп, кабель жүргізу оңай емес;
− радиожеліні тарихи бағалы деп есептелетін мекемелерге жүргізу ыңғайлы, өйткені кабель жүргізу үшін тарихи ескерткішті қорғау орындарының келісімі керек;
− кабель жүргізуге мүмкіндік жоқ, ал жергілікті желіні кеңейту керек.
Субъективті себептері:
− кабельдік желіге қарағанда қайта құру оңай, мысалы жаңа торап қосу, алу, олардың құрылғыларын орнату және т.б.;
− жергілікті радиожеліге уақытша және жылдам қосылуға тиіс жеке пайдаланылатын ноутбуктерді қосу ыңғайлы;
− жергілікті желілерді қолданылатын бағдарламалық жабдықтарына қарай екіге бөлуге болады.
Ақпаратты бірінші компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер, компакт-дискілер қолданылады. Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса және жұмыс кезінде онымен ұдайы алмасып отыру қажет болса, онда мұндай әдіс қолайсыз болады. Сондықтан, компьютерлер дамуының бастапқы кезеңінде-ақ оларды арнайы кабельдердің және басқару бағдарламаларының көмегімен жалғастырып, компьютерлер арасында нақты уақыт режимінде деректермен алмасу ойы пайда болды. Компьютерлерді осылайша бір-бірімен байланыстыруды компьютерлік желі деп атады.

2. Желі, түрлері.
Компьютерлік желі – бұл әртүрлі қорларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.Желіге енетін компьютерлер бірігіп пайдалана алады:


  • Мәліметтерді;

  • Хабарларды;

  • Принтерлерді;

  • Факстік аппараттарды;

  • Модемдерді;

Басқа да құрылғыларды.

Желінің екі түрі бар: жергілікті желі және ауқымды желі.


Бір-бірімен қатар орналасқан компьютерлерді біріктіретін жүйелер жергілікті желі деп аталады. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі.
Егер желі үлкен қаланың, елдің немесе дүние жүзінің компьютерлерін қамтитын болса, онда оны ауқымды желі деп атайды.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.
Желіге біріктірілген компьютерлер алатын орнына байланысты бір-бірінен ажыратылды. Компьютер немее сервер, немесе клиент болады. Компьютерлік желінің ортақ мәселелерін орындайтын және жұмыс станцияларына қызмет көрсететін компьютерді сервер деп атайды. Серверлер көбінесе ортақ ақпаратты сақтау қоймасы немесе желі жұмысын басқару орталығы болып табылады. Клиент – желілік ресурстарды қолданатын, желіге қосылған кез-келген компьютер.
Барлық желілердің қандай да бір ортақ компоненттері, функциялары, мінездемелері болады. Оған келесілер жатады:

  • Серверлер – ресурстары желіні пайдаланушыларға ортақ болатын компьютер;

  • Жұмыс станциялары – серверлер ұсынатын желілік ресурстарды қолданушы компьютерлер;

  • Желілі орта – компьютерлердің бір-бірімен байланысу тәсілі;

  • Бірлесіп қолданатын мәліметтер;

  • Бірлесіп қолданатын шеткі құрылғылар, мысалы: принтер, CD-ROM ресурстары;

Ресурстар – желіде қолданылатын файлдар, шеткі құрылғылар және басқа да элементтер.
Жоғарыда аталып өткен ұқсастықтарына қарамай, желілер екі түрге бөлінеді:

  • Бір рангілік желілер

  • Сервер негізіндегі желілер

Бір рангілік желілер. Мұнда файл-сервер немесе баспа сервері ретінде пайлаланылатын жеке компьютерлер болмайды. Кез-келген станцияда отырған адам өз компьютерін сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса береді. Бір рангілік желілер әдетте, 10-нан аспайтын компьютерлерді біріктіреді. Оларды жұмыс тобы, яғни қолданушылардың кішігірім ұжымы деп те атайды.
Сервер негізіндегі желілердің құрамында бір немесе бірнеше компьютерлерде арнайы желілік операциялық жүйе іске қосылады. Олардың негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер иесіне желі ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ету.

3. Интернет – технологияның мақсаты мен міндеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет