Қоғамдық денсаулық сақтау


Денсаулық сақтау саласын жоспарлау туралы сипаттап, ашып жазыңыз



бет24/30
Дата20.07.2020
өлшемі55,8 Kb.
#75437
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Kogamdyk Densaulyk Saktau
Kogamdyk Densaulyk Saktau
9.Денсаулық сақтау саласын жоспарлау туралы сипаттап, ашып жазыңыз.

Жоспар – бұл нақты мерзімдерде және нақты іс‑әрекет бөліктерінде нақты атқарушылар іс‑әрекетінің мәнін, бағытталуын және тактикасын анықтайтын құжат. Денсаулық сақтауда кадрларға қажеттілік, материалдық‑техникалық әрекет дамуы, болашақ қаржыландыру жоспарланады.

Денсаулық сақтауды жоспарлау – мемлекеттік жоспарлаудың мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына және денсаулық сақтаудың материалды, еңбекті және қаржылық ресурстарын барынша тиімді пайдалануға бағытталған құрамдық бөлімі.

Денсаулық сақтауды жоспарлаудың қағидалары:

· Мемлекеттік саясатқа жоспарлық тапсырмалардың сәйкес болуы;

· Жоспардың мақсатты бекітілуіне ғылыми негіз;

· Орталықтанған жоспардың аймақтық жоспармен үйлесуі;

· Ағымдағы жоспарлаудың стратегиялық жоспарлаумен байланысы;

· Жоспардың іске асуын бақылау;

Жоспар орындалу мерзіміне байланысты ағымдағы және перспективті болып бөлінеді.

Перспективті жоспарлаудың мысалы болып мемлекет дамуының «Қазақстан 2030» стратегиясы болып табылады.

Жоспарлауды медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаттарының бірі деп санауға болады. Ол денсаулық сақтау ісін басқарудың ең маңызды функциясы. Шаруашылық жасаудың жаңа экономикалық қағидаттарына көшу жағдайында, жоспарлау өзінің міндетті түрде орталықтандырылған функцияларын жоғалтуда, ұсыныстық сипатқа ие болуда, тұрғындар денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша әр текті бағдарламалар құрастыруға, болжамдауға жолығып тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет