Қоғамдық денсаулық сақтау


Медициналық қызмет көрсетуді лицензиялау және аккредитация жүргізу туралы сипаттап жазыңыз



бет26/30
Дата20.07.2020
өлшемі55,8 Kb.
#75437
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Kogamdyk Densaulyk Saktau
Kogamdyk Densaulyk Saktau
11.Медициналық қызмет көрсетуді лицензиялау және аккредитация жүргізу туралы сипаттап жазыңыз.

Медициналық қызметпен айналысуға лицензия мерзімі шектелмей беріледі. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа заңды немесе жеке тұлғаға бере алмайды.

7. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

8. Лицензия мен лицензияға қосымшаның нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .

Медициналық қызметтің кіші түрі көрсетілген лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлігі болып табылады.

9. Медициналық қызметтің лицензияланатын кіші түрі Заңмен белгіленеді.

10. Медициналық қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы немесе медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаларды тіркеу орны бойынша беріледі.

11. Медициналық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген кезде алынады.

Медициналық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .

Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет